Accessibility links

Радиоактивті заттардан «Фукусима» АЭС-і маңындағы жерасты суы бүлінді


Жапонияда өткен айда болған зілзала мен цунами салдарынан зардап шеккен атом электр станциясы жанындағы жерасты суларында радиоактивті заттар шекті шамадан 10 мың есе көп екені туралы АЭС ТЕРСО компаниясының өкілі хабарлаған.

Әйткенмен бұл ауыз судың сапасына әсер етпейді, себебі уланған су реакторды салқындатуға пайдаланылған, ол мұхитқа төгілді деді компания өкілі.

Деректер бойынша, зілзала мен цунамиден құрбан болған мыңға жуық адамның денелері АЭС маңындағы қауіпті аймақта қалып қойған. Олар да радиация әсеріне шалдыққан болуы мүмкін деген болжамдар айтылып отыр.

Жапонияда наурыздың 11-і болған зілзала мен цунами салдарынан қаза тапқандар мен хабарсыз кеткен адамдар саны 28 мыңнан асып отыр.
XS
SM
MD
LG