Accessibility links

Йемен әскері шерушілерге оқ атып, кемінде 12 адамды мерт қылды


Йеменнің үкіметтік күштері президент Али Абдулла Салехтің орнынан кетуін талап еткен шеруші топқа ақ атқан. Дәрігерлер мен оқиғаны көргендердің айтуынша, кемінде 12 адам қаза тауып, ондаған кісі жараланған.

Елдің оңтүстігіндегі аймақта екі күннен бері үкімет жасақтары мен шерушілер қақтығысып жатыр. Таиз қаласындағы шерушілерді қолдап, басқа да қалаларда жұрт көшеге шыққан.

Йеменнің батысындағы Қызыл теңіз жағалауында тұратын белсенділер Худайда қаласының полициясы наразылық шарасына шыққандарды көзден жас ағызатын газбен атып таратты деді.

Елді 32 жыл басқарған президент Али Абдулла Салехтің билігіне қарсы шерулерде 50-ден аса адам қаза тапқан.
XS
SM
MD
LG