Accessibility links

Француз әскерилері Кот-д'Ивуардағы жапон елшісін құтқарды


Француздың әскери тікұшағы Кот-д'Ивуардағы жапон елшісін көмекшілерімен бірге елшіліктен алып шығып, француз әскери базасына аман-есен жеткізгені хабарланды.

Соның алдында Кот-д'Ивуардың бұрынғы президенті Лоран Гбагбоның Абиджан қаласында резиденциясымен көрші орналасқан жапон елшілігін қарулы топ басып алған. Олардың кімдер екені әзірге белгісіз.

Кот-д'Ивуарда былтыр қарашада өткен президент сайлауында жеңіске жетті деп халықаралық қауымдастық мойындаған Алассан Уаттараның әскери күші биліктен кетпей отырған Лоран Гбагбоның резиденциясын қоршап тұр.

Хабарларға қарағанда, Гбагбо отбасы мүшелерімен бірге резиденциясындағы бункерге жасырынған. Оны қолдаушылар сәрсенбі күні Уаттара әскерилерінің резиденцияға жасаған шабуылын тойтарған.
XS
SM
MD
LG