Accessibility links

АҚШ адам құқықтары туралы баяндамасын жариялады


АҚШ ғаламдық адам құқықтарына қатысты жылдық есебін жариялады.

Мемлекеттік хатшы Хиллари Клинтонның мәлімдеуінше, Вашингтон өздерінің негізгі бостандықтары үшін күресіп жатқандарды құрметтейді. Мемлекеттік департаменттің баяндамасында өткен жылы әсіресе Ресей, Беларусь және Украинада адам құқықтары көп жағдайларда бұзылған делінген. Оған сәйкес, Украинадағы ахуал бұрынғы жылдарғы оң дамулардан кейін қайтадан нашарлаған.

Сонымен қатар толқулар болып жатқан Араб елдерінің үкіметтері сынға алынды. Мемлекеттік департаменттің баяндамасына қарағанда, өткен жылы Бахрейн, Ливия, Сирия елдерінде адам құқықтары жағдайы өте нашар болған. Бұған қоса баяндамада Иран, Ирақ және Пәкістандағы адам құқықтарының бұзылуы туралы мәселе көтерілген.
XS
SM
MD
LG