Accessibility links

Жапонияда тағы да жер сілкінді


Сейсенбі күні Жапонияның метеорологиялық қызметі елдің солтүстік-шығысында 5,8 магнитудалы жер сілкінісін тіркегені туралы хабарлаған.

Жер сілкінісінің кіндігі Фукусима префектурасында болған. Жер асты дүмпулері ел астанасы Токио қаласында да сезілген.

Наурыздың 11-інде болған зілзала мен жойқын цунамиден Жапонияда он үш мың адам опат болып, ондаған мың адам баспанасыз қалды.

Табиғи апат салдарынан қатты бүлінген "Фукусима" атом электр станциясында қоршаған ортаға радиацияның тарауын тоқтату үшін жөндеу жұмыстары әлі жалғасып жатыр.

Зілзала мен цунами 300 миллиард доллар көлемінде шығынға ұшыратқан.
XS
SM
MD
LG