Қытайда кезекті саммитін өткізген дамушы мемлекеттер ұйымы - БРИКС-ке мүше елдердің басшылары Ливиядағы жанжалды күш-қарусыз шешуге шақырды.
Сонымен бірге, БРИКС Біріккен Ұлттар Ұйымына реформа жасау туралы ұсыныс білдірген.
Саммит қортындысы бойынша бүгін қабылдаған мәлімдемеде, БҰҰ-ның шешім қабылдауы кезінде дамушы елдердің ролі ұлғайтылуы тиіс деп атап көрсетілген.
БРИКС-ке мүше бес елдің үшеуі - Бразилия, Үндістан және Оңтүстік Африка республикасы БҰҰ қауіпсіздік кеңесінің тұрақты мүшесі мәртебесіне ие болуды қалайды. Ал қалған екеуі - Ресей және Қытай - қауіпсіздік кеңесіне мүше елдер, олар әріптестерінің бұл тілегін қолдап отыр.
БРИКС ұйымына мүше бес елде әлем халқының 40 пайызы тұрады. Әлемдік жалпы ішкі өнім көрсеткішінің 20 пайызға жуығы осы елдердің үлесіне тиеді.