Accessibility links

Минскідегі жарылыс құрбандарының саны өсті


Минск метросындағы жарылыстан құрбан болғандардың саны 13-ке жетті. Беларусь денсаулық сақтау министрлігінің айтуынша, дүйсенбі күнгі шабуылдан жараланғандардың бірі бүгін көз жұмған, 161 адам әлі ауруханада жатыр.

Билік орындары "Октябрьская" метро станциясындағы жарылысқа қатысы бар 5 күдіктіні ұстағандарын хабарлады. Елді 17 жылға жуық уақыттан бері басқарып келе жатқан президент Александр Лукашенко жарылысты "мемлекетті тұрақсыздандыру әрекеті" деп атап, оппозициялық белсенділерден жауап алуды бұйырды.
XS
SM
MD
LG