Бүгін Иран президенті Махмуд Ахмадинежад өз елі мен Араб мемлекеттері арасындағы қарым-қатынасты бұзуға тырысып отыр деп АҚШ-ты айыптады.
Ахмадинжад бірақ Американың ол әрекеті сәтсіз болуы мүмкін деді. Бұл туралы Иран президенті Ұлттық армия күніне арналған парад кезінде тікелей эфирде айтты.
Жексенбі күні Парсы шығанағындағы араб елдері Иранды ішкі істеріне араласып отыр деп айыптаған. Әр-Риядта өткен жиындарында Парсы ынтымақтастығы кеңесіне мүше алты елдің сыртқы істер министрлері Иранды арандатушылық әрекеттерін тоқтатуға шақырған. Кеңеске мүше Сауд Арабия елі Тегераннан дипломаттарын қайтарып алатынын айтты.
Шийт мұсылмандары басым тұратын Иран АҚШ-тың одақтасы Бахрейндегі шийттердің наразылық шеруін басуға араб елдерінің күштері енгізілгенін сынап келген.
Парсы шығанағындағы ынтымақтастық кеңесіне Бахрейн, Кувейт, Оман, Қатар, Сауд Арабия және Біріккен Араб әмірліктері енген.