Accessibility links

Лукашенко "бесінші колоннаны" жоятынын айтты


Беларусь президенті Александр Лукашенко өзінің билігіне қарсы кез келген "бесінші колоннаны" жоюға уәде етті.

Бейсенбі күні парламентте жариялаған халыққа жолдауында Лукашенко бұл оның диктатура орнатуды көздеп отырғандығын білдірмейді деп атап көрсетті.

"Біз кез келген бесінші немесе алтыншы немесе 25-ші колоннаны қиратамыз. Солай жасауға жеткілікті ресурстарымыз бар. Бұл диктатордың қоғамды бөліп Еуропа орталығында диктатураны орнатуды көздеп отырғанын білдірмейді", - деді Лукашенко.

Сәуірдің 11-де Минск метро станциясындағы жарылыстан 13 адам қаза тапқан болатын. Сонымен қатар қазір Беларусьтің экономикалық жағдайы нашарлап жатыр. Лукашенко Минскідегі шабуыл мен экономикалық проблемаларға байланысты "мемлекетті тұрақсыздандыруды" көздейтін күштерді айыптады.
XS
SM
MD
LG