Accessibility links

АҚШ сенаторы Ливияға аттанды


АҚШ-тың Ливияға әскери интервенциясын конгресте қолдаған америкалық сенаторлардың бірі Джон Маккейн көтерілісшілердің бақылауындағы Бенгази қаласына аттанды.

Маккейн Муаммар Каддафиді биліктен кетіруді көздейтін ливиялық күштермен келіссөз өткізбекші. Бұл туралы сенатордың баспасөз хатшысы Брук Бучанан Associated Press агенттігіне хабарлады. Оның айтуынша, Маккейн Бенгазиге жұма күні барады.

Бейсенбі күні АҚШ билігі Ливиядағы бейбіт тұрғындарды қорғау мақсатында НАТО операциялары аясында Каддафи күштері мен әскери нысандарына әуеден соққы беру үшін ұшқышсыз ұшақтарды пайдалану туралы шешім қабылдағанын жариялады.
XS
SM
MD
LG