Accessibility links

Ливияның үкіметтік күштері Мисратаны қайтадан атқылай бастаған


Ливия оппозициясы мен жергілікті тұрғындардың хабарлауынша, Муаммар Каддафи жасақтары Мисрата қаласына қайтадан шабуылдай бастаған.

Оның алдында оппозициялық көтерілісшілер қолындағы қаланы атқылауын үкіметтік күштер тоқтатты деген хабарлар түскен еді. Жағалаудағы бұл қала соңғы екі ай бойы шабуыл астында болған.

Ливия сыртқы істер вице-министрі Халед Каим сенбі күні НАТО-ның әуе соққылары Сирте, Ғариян, Азизиях, Триполи және Хира қаласына берілгенін айтып отыр.
XS
SM
MD
LG