Accessibility links

Йеменде билікті тапсыру жоспары шерулерді тоқтата алмады


Йемен президенті Али Абдулла Салех билікті тапсыру жоспарымен келіскені жайлы хабарланғанымен, елдегі наразылықтар жалғасып жатыр. Жаңа жоспар бойынша Салех 30 күннің ішінде өзін қудалаудан қорғайтын артықшылық алып, билікті орынбасарына тапсырып кетуі керек. Бірақ шеруші жастар Йеменді 32 жылдай басқарған Салехтің ол келісіміне сенбей отыр:
"Салех өтірікші, біз оған сенбейміз. Ол елді 33 жыл бойы алдап келді. Ол ешқашан шындықты айтпаған. Егер ол тек бір-екі рет қана өтірік айтумен шектелсе, ештеңе емес дер едік, бірақ біз оған сенбейміз".

Йемен шерушілері елде наразылық шараларын өткізіп, Салех биліктен тезарада кетіп, қуадалануы тиіс деп отыр.

Оппозициялық жеті партиядан құрылған коалиция ол Салехтің билікті тапсыру жоспарын кейбір шектеулермен қабылдағандарын айтқан. Йеменде екі айдан аса Салехтің биліктен кетуін талап еткен үкіметке қарсы шерулер болды. Онда кемінде 120 адам қаза тапты.

АҚШ Йемен президенті Али Абдулла Салехтың билікті тапсыруға ниет танытқан хабарламасын оң қабылдайтынын айтқан.
XS
SM
MD
LG