Accessibility links

WikiLeaks: Гуантанамодағы тұтқындардың көбісі қауіпті емес


АҚШ дипломаттарының жазбаларын жариялап келе жатқан "Уикиликс" сайты АҚШ-тың Гуантанамода ұзақ жылдар ұстап отырған тұтқындарының көбісі бейкүнә адамдар деді.

Америкалық және еуропалық басылымдарда жарық көрген бұл деректерде, АҚШ-тың бұл түрмесі ашылған 2002 жылдан бері онда 779 адам отырғаны айтылады.

Британиялық "Гардиан" газеті "Уикиликстің" мәліметтеріне сүйеніп, Гуантанамода отырғандардың 220-сы қауіпті террорист ретінде қаралса, 150-і Ауғанстан мен Пәкістанда ұсталған фермер, жүргізуші және аспаз сияқты бейкүнә адамдар делінген.

АҚШ мемлекеттік департаменті "Уикиликстің" бұл деректерін сәтсіз жарияланым деп атап отыр. АҚШ президенті Барак Обама билікке келген екі жылдан кейін Гуантанамо түрмесін жабуға нұсқау берген. Бірақ АҚШ-тың Кубада орналасқан теңіздегі базасында әлі де 172 тұтқын қамауда отыр.
XS
SM
MD
LG