Йемен оппозициясы осы елдегі билікті тапсыру жөнінде көрші мемлекеттер ұсынған жоспарға қолдау білдірді.
Парсы шығанағындағы араб елдері ынтымақтастық кеңесі ұсынған бұл жоспар бойынша, Йемен президенті Әли Абдолла Салех отыз күннің ішінде билікті тапсыруы тиіс. Содан кейін елде ұлттық бірлік үкіметі құру көзделген. Сонымен бірге жоспарда Салехтің жеке басының қауіпсіздігіне кепілдік берілетіні айтылған.
Дүйсенбі күні Йеменде мыңдаған адамның қатысуымен наразылық шерулері жалғасты. Олар президенттің қызметтен кетуін талап етті. Полициямен қақтығыста үш адамның мерт болғаны туралы хабарланды.
Қаңтар айынан бері Йеменде тәртіпсіздіктер барысында қаза болғандар саны 130-дан асты.