ГАЗ ЖАРЫЛЫСЫ БОЛУЫНАН ҚАУІПТЕНГЕН ЖҰРТ ӘКІМШІЛІКТЕН ЖӘРДЕМ КҮТЕДІ
Жаңаталап ауылының тұрғыны Қаржаубай Асылбековтың үйі тура газ құбырының үстінен салынған.
– Мен бұл құбыр туралы үй саларда ғана естідім. Сөйтіп, үйді төбе тұстан салған едім. Сөйтсек, қателесіппіз, үйім дәл құбырдың үстінен түсті. Амал қанша, басқа барар жеріміз жоқ. Не істейміз? Құбырларды жер бетіне шығару үшін бірталай талай ақша қажет – құбырдың әр метрі 1,5-2 мың теңге [10-13,5 доллар] тұрады екен, ал мұнда 500 метрдей құбырды ауыстыру керек. Оны халықтың қалтасы көтермейді, – дейді Жаңаталап ауылының тұрғыны Қаржаубай Асылбеков.
Газ құбырының үстінде тұрған азық-түлік дүкенінің иесі Роза Сапарова өзімен бірге дүкенге келіп-кетер халықтың өміріне қауіп төніп тұрғанына алаңдаулы екенін жасырмайды.
– Мүмкін, құбырларды жер бетіне шығарсақ қауіптен құтылатын шығармыз. Бірақ оған әкімшілік көмектеспесе тек тұрғындардың шамасы жетпейді. Ал отбасым күн көріп отырған жалғыз дүкенді қиратса, қалай өмір сүреміз? Біз Өзбекстаннан келген оралманбыз. Жұмыс жоқ. Дүкенді сатып аларда бұл туралы білмедік. Енді амал жоқ, қауіпті білсек те жұмыс істей береміз, – дейді ол.
Алайда ауыл тұрғыны Валентина Волк жұрт бұл қауіп туралы біле тұра, құрылыс жүргізген дейді. 30 жылдан бері осы ауылдағы көпқабатты тұрғын үйде тұратын кейуана бұған ең алдымен жұрттың өз өміріне деген селқостығы себеп деп есептейді.
– Менің үйімнің алдында бау-бақшам бар еді. Кейін оның астында газ өткенін біле сала, ештеңе екпей де қойдым. Дәл менің бақшамның үстінен араға аз уақыт сала жұрт үй тұрғызды. Тіпті, газ құбыры барын айтып менің шырқырғанымды елемеді де. Ертең жарылып жатса, мемлекеттен көмек сұрап дау шығарады, – дейді Валентина Волк.
Тексеруші органдар ауылдағы 25 жер үйдің, «Балапан» балабақшасы мен екі азық-түлік дүкенінің астынан және жанынан диаметрі 159 мм жоғары қысымды газ құбырының өткенін анықтаған.
Қауіпті жерде тұрған үйлерде қазір жүздеген адам өмір сүруде. Тұрғындар өз өмірлеріне қауіп төніп тұрғанын біле тұра, жарылыс болған жағдайда, жауапкершілікті өз мойындарына алатыны жөнінде газ қызметінің өкілдеріне қолхат жазып беріпті.
ӘКІМШІЛІК ҚҰРЫЛЫСҚА ЖЕР БӨЛГЕНДЕ ЗАҢҒА ҚАЙШЫ ШЕШІМ ҚАБЫЛДАҒАН
«ҚазТрансГазАймақ» акционерлік қоғамының Оңтүстік Қазақстандағы өндірістік филиалының хаты негізінде тексеру жүргізген Сайрам аудандық прокуратурасы Жаңаталап ауылының бұрынғы әкімінің шешімімен берілген осында тұрғызылған 25 ғимараттың құрылысы заңсыз салынған деп тауып отыр. Тексеру әлі жүргізіліп жатқандықтан олардың саны әлдеқайда көп болуы мүмкін деген болжам бар.
– Олардың арасында жерді заңсыз басып алғандар да бар. Өткен жылы Орманшы ауылындағы бір үйдің астындағы газ құбырынан екі рет жарылыс болып, талай адам зардап шекті. Сол қайғылы жағдай қайталанбауы үшін билік орындары тиісті шара қолданып, мұнда тұрған үйлердің көзін жою керек, – дейді Сайрам ауданы прокурорының көмекшісі Саят Қарабеков.
Заң бойынша жер асты және жер үстінен өтетін жоғары қысымды газ құбырлары мен ғимараттың арасы 7 метр қашықтықта болуы тиіс. Алайда бұл жер телімдерін жеке меншікке беру кезінде осы нормалар сақталмай, заң талаптары өрескел бұзылған дейді прокуратура қызметкерлері. Тексеру кезінде бұл құжаттардың сақталу мерзімі өтуіне байланысты жойылып кеткені белгілі болды.
Осыдан бір жыл бұрын Жаңаталаппен көрші жатқан Орманшы ауылында дәл осындай жер асты газ құбырынан шыққан ақаудан үй жарылып, бір әйел адам қаза болған еді. Ертеңінде марқұмның қонақасына келген ағайын-туыс шырт ұйқыда жатқанда, тағы да газ жарылып, марқұмның қызы көз жұмды, ал күйік шалып ауруханаға түскен 25 адамның бірнешеуі мүгедек болып қалды.