Өзбекстанның Әндіжан өңірінің тұрғыны Абдулла Қазақстанға жету үшін 50 мың теңге қарызданып келіпті, мұндағы айлық табысы 12 мың теңге.
- Өзбекстанның таксишілері жұмысшыларды шекараға жеткізеді, бергі жақтағылар кеденнен өткізіп оларды Алматыға алып келеді. Жұмысшылар осында жету үшін 50-60 мың теңге қарызданып келеді, өзбек ақшасына шағатын болсақ бұл жарты миллиондай сом болады. Ал жұмысшылардың мұндағы айлығы 12 мың теңгеден аспайды, - деді Абдулла.
Жақын шетелден келген еңбек мигранттары Қазақстанда негізінен қара жұмыспен айналысатындығын, мұнда құрылыстың жаппай тоқтауының кесірінен соның өзін табу қиынға соғып жатқандығын айтады. Сол себепті еңбек мигранттары Алматы қаласының шетіндегі көпшілік арасында «құл базары» атанып кеткен заңсыз еңбек биржасында өзінің бір күндік маңдай терін бар болғаны 1 мың теңгеге саудалауға мәжбүр.
Бірақ еңбек мигранттарының бұл қуанышы да көпке созылмайтын түрі бар. Қарашаның 7-14-і аралығында Алматы қаласының құқық қорғаушылары қаладағы ірі құрылыс нысандарында рейд өткізіп, 360 азаматты елдеріне қайтарды, ал олардың шамамен 90 пайызы Өзбекстан азаматтары.
Мигранттарды «құрықтау» операциясы әрі қарай жалғасуда. Кезекті акцияны қарашаның 17-күні Алматы облысының полициясы бастап кетті, құқық қорғаушылар «құл базарын» еңбек мигранттарынан үнемі тазартып отыруды көздейді.
Тағы бір айта кетерлік жайт, жергілікті полиция еңбек мигранттарының қолымен жасалған қылмыстың көбейгендігін мәлімдеп отыр. Алматы қалалық ішкі істер департаменті 2008 жылы қаладағы қылмыс атаулының шамамен 55 пайызын өзге өңірлердің тұрғындары жасады деп хабарласа, Алматы облыстық ішкі істер департаменті жыл басынан бері еңбек мигранттары 92 қылмыс жасағандығын жариялап отыр.
Келтірілген деректерге күмән келтіретіндер де жоқ емес. Әсіресе, адам құқығын қорғаушылар еңбек мигранттарының мүддесі көп жағдайда ескерілмейтіндігін айтуда. Бірақ үкіметтік емес ұйымдардың өздері де еңбек мигранттарының санын шектеу-шектемеу мәселесінде екі түрлі көзқарасты ұстанады. «Шаңырақ» қоғамдық қорының төрағасы Асылбек Қожахметтің пікірінше, шетелден келетін еңбек мигранттарының санын күрт қысқарту қажет.
- Полиция міндетті түрде оларды тауып Қазақстаннан шығаруы керек. Жақын шетелдердегі, әсіресе Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан елдерінің еңбек күштері бізге қажет емес. Өйткені олардың көбі тек құрылыспен айналысады. Мұндай жұмысшылар өзімізде де жетіп жатыр, - деді Асылбек Қожахмет.
Ал Қазақстандағы Хельсинки комитетінің төрағасы Нинель Фокина болса миграция мәселесінде көрегенділік қажет деп есептейді:
- Бұл тұрғыда Үкімет жан-жақты өлшеп барып дұрыс шешім қабылдауы керек. Кім біледі, жарты жылдан кейін жұмыс күші тағы керек болып қалатын шығар?
Ресми органдардың мәліметіне қарағанда, биыл Алматы қаласына 157 мың, Алматы облысына 110 мың шетел азаматы келген. Соның 10 пайыздайы туристер, ал қалғаны ресми гастарбайтерлер. Бұдан бөлек, тіркелмеген мигранттар қанша екендігін ешкім білмейді.