БИЛІКТІҢ ҚОРҚЫНЫШЫ
Алматыдағы Республика алаңына жиналған саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыс өкілдері және желтоқсан оқиғасы кезінде қаза болған жандардың туыстары, сондай-ақ, ипотекалық борышкерлер мен қала тұрғындары алаңдағы Тәуелсіздік монументіне гүл шоқтарын қойды.
Қазақстан коммунистік партиясының төрағасы Серікболсын Әбділдин саяси партиялар басшыларының алаңға келуінің астарында
– Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігі біздің ел үшін ең мәртебелі мереке. Бұған дейін билік 25-қазанда Республика күнін тойлап, 16-желтоқсанда Тәуелсіздік күнін тойлап жұртты адастырып келді. Сөйтіп, президенттің өзі қазандағы мерекені алып тастады. Сондықтан, Қазақстанның сан ғасырлық тарихына қарап отырсақ, бұл күн – ұлы мереке. Мұнда келіп, гүл шоқтарын қою менің азаматтық парызым. Мұның астарында ешқандай басқа пиғыл жоқ, – деді Серікболсын Әбділдин.
Сондай-ақ, алаңға жиналған жұрттан саны басым құқық орындары қызметкерлерінің алаңда болуы Қазақстан билігінің өз халқынан өзі қорқатынын білдіреді деді өз сөзінде Серікболсын Әбділдин.
– Бұл дегеніңіз – билік жалпыхалықтық емес, халыққа қарсы саясат жүргізіп отыр деген сөз. Мұндай жиындардан олар қорқады. Сондықтан, үнемі сақтық шараларын күшейтіп қояды, – деді Серікболсын Әбділдин.
АШТЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТПЕЙТІН БОЛДЫ
Республика алаңында өткен бейбіт шеруге «Ел бірлігі» доктринасына қарсы шыққан қазақ зиялыларының бірі, «Мемлекеттік тіл» қоғамдық
Өз сөзінде Мұхтар Шаханов Қазақстан билігі Парламент арқылы Желтоқсан оқиғасына саяси баға беруге уәде еткенін атап өтті. Ал, жұрт ішінен шыққан белгісіз бір әйел жастарды 16-17 желтоқсан күндері қызбалыққа салынып, қандай бір шетін жағдайға бармауға шақырды.
Жиналғандар гүл шоқтарын қою рәсімі кезінде Қазақстанның әнұраны «Менің елім» әнін шырқап тұрды.
Ал бұл уақытта, алаңның екінші бұрышында осында жиналған ипотекалық борышкерлер дауыс зорайтқышпен билікке өздерінің талаптары бар екенін айтып жатты. Борышкерлердің бірі Есенбек Өктешбаев билік ипотекалық борышкерлерге емес, банктерге көмектескенін, сондықтан мұндай биліктің халыққа қажеті шамалы екенін айтып, борышкерлерді күш біріктіруге шақырды.
ПОЛИЦИЯ АЛАҢҒА КЕЛЕ ЖАТҚАН ЖАСТАРДЫ ҰСТАП ӘКЕТТІ
16-желтоқсан күні Алматының Республика алаңында болған бейбіт шеру бір сағатқа жалғасып, түс кезінде жиналғандар ың-шыңсыз тарқасты. Ал, сағат екілер шамасында қаладағы Астана алаңындағы мерекелік концерттік бағдарламадан шыққан ондаған қазақ жастары Республика алаңын бетке алды.
Бірақ, жастар шеруі Абай мен Фурманов көшелерінің қиылысына жеткенде сол жерге бірнеше автобуспен тиеліп шұғыл жеткен полиция оларды күшпен тоқтатып, ондаған жасты ұстап әкетті.
Олардың ұсталғандығын осы оқиғадан кейін Республика алаңына келген Алматы қаласы әкімінің орынбасары Серік Сейдуманов
– Олар әуелі жаяу жүргіншілер жолымен келе жатқан. Сосын отыз-қырық адам белгіленбеген жерден жолды кесіп өткен. Сөйтіп, олардың ішінен 9 жігіт пен бір қыз жол ережесін бұзғаны үшін ұсталған. Қазір олар үш жерде отырғандарын ғана айта аламын. Кімдер екені анықталуда. Заң бойынша, істің мән-жайы анықталса, үш сағаттан кейін оларды босатады. Өйткені, бүгін мейрам ғой, – деді Серік Сейдуманов.
Алайда, оқиға куәгерлерінің бірінің айтуынша, қазақ жастары әкімінің орынбасары айтқандай көшені кесіп өткен кезде емес, тұрғын үйлердің ауласында ұсталған.
Сәлден соң қала әкімінің орынбасары Серік Сейдуманов Азаттық радиосымен хабарласып, жолды жауып, ережені бұзғаны үшін 29 адамның ұсталғандығын, олардың барлығы Алматы қаласының тұрғындары екендігін айтты.
Алматыдағы Республика алаңына жиналған саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыс өкілдері және желтоқсан оқиғасы кезінде қаза болған жандардың туыстары, сондай-ақ, ипотекалық борышкерлер мен қала тұрғындары алаңдағы Тәуелсіздік монументіне гүл шоқтарын қойды.
Қазақстан коммунистік партиясының төрағасы Серікболсын Әбділдин саяси партиялар басшыларының алаңға келуінің астарында
Қазақстан коммунистік партиясының басшысы Серікболсын Әбділдин Республика алаңында өткен шеруде. Алматы, 16 желтоқсан 2009 жыл.
ешқандай кері пиғыл жоқ екенін, керісінше, Тәуелсіздікке тәу етіп, Желтоқсан құрбандарына бас иіп, тағзым ету ниетімен келгендерін айтты. – Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігі біздің ел үшін ең мәртебелі мереке. Бұған дейін билік 25-қазанда Республика күнін тойлап, 16-желтоқсанда Тәуелсіздік күнін тойлап жұртты адастырып келді. Сөйтіп, президенттің өзі қазандағы мерекені алып тастады. Сондықтан, Қазақстанның сан ғасырлық тарихына қарап отырсақ, бұл күн – ұлы мереке. Мұнда келіп, гүл шоқтарын қою менің азаматтық парызым. Мұның астарында ешқандай басқа пиғыл жоқ, – деді Серікболсын Әбділдин.
Сондай-ақ, алаңға жиналған жұрттан саны басым құқық орындары қызметкерлерінің алаңда болуы Қазақстан билігінің өз халқынан өзі қорқатынын білдіреді деді өз сөзінде Серікболсын Әбділдин.
– Бұл дегеніңіз – билік жалпыхалықтық емес, халыққа қарсы саясат жүргізіп отыр деген сөз. Мұндай жиындардан олар қорқады. Сондықтан, үнемі сақтық шараларын күшейтіп қояды, – деді Серікболсын Әбділдин.
АШТЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТПЕЙТІН БОЛДЫ
Республика алаңында өткен бейбіт шеруге «Ел бірлігі» доктринасына қарсы шыққан қазақ зиялыларының бірі, «Мемлекеттік тіл» қоғамдық
Ақын Мұхтар Шаханов (ортада) және Қазақстан компартиясының басшысы Серікболсын Әбділдин (сол жақта) Республика алаңындағы шеруде. Алматы, 16 желтоқсан 2009 жыл.
қозғалысының жетекшісі Мұхтар Шаханов алаңға жиналған көпшілікке доктрина жөнінде билікпен келісімге келгендерін жария етті.Өз сөзінде Мұхтар Шаханов Қазақстан билігі Парламент арқылы Желтоқсан оқиғасына саяси баға беруге уәде еткенін атап өтті. Ал, жұрт ішінен шыққан белгісіз бір әйел жастарды 16-17 желтоқсан күндері қызбалыққа салынып, қандай бір шетін жағдайға бармауға шақырды.
Жиналғандар гүл шоқтарын қою рәсімі кезінде Қазақстанның әнұраны «Менің елім» әнін шырқап тұрды.
Ал бұл уақытта, алаңның екінші бұрышында осында жиналған ипотекалық борышкерлер дауыс зорайтқышпен билікке өздерінің талаптары бар екенін айтып жатты. Борышкерлердің бірі Есенбек Өктешбаев билік ипотекалық борышкерлерге емес, банктерге көмектескенін, сондықтан мұндай биліктің халыққа қажеті шамалы екенін айтып, борышкерлерді күш біріктіруге шақырды.
ПОЛИЦИЯ АЛАҢҒА КЕЛЕ ЖАТҚАН ЖАСТАРДЫ ҰСТАП ӘКЕТТІ
16-желтоқсан күні Алматының Республика алаңында болған бейбіт шеру бір сағатқа жалғасып, түс кезінде жиналғандар ың-шыңсыз тарқасты. Ал, сағат екілер шамасында қаладағы Астана алаңындағы мерекелік концерттік бағдарламадан шыққан ондаған қазақ жастары Республика алаңын бетке алды.
Бірақ, жастар шеруі Абай мен Фурманов көшелерінің қиылысына жеткенде сол жерге бірнеше автобуспен тиеліп шұғыл жеткен полиция оларды күшпен тоқтатып, ондаған жасты ұстап әкетті.
Олардың ұсталғандығын осы оқиғадан кейін Республика алаңына келген Алматы қаласы әкімінің орынбасары Серік Сейдуманов
Алматы қаласы әкімінің орынбасары Серік Сейдуманов Республика алаңында. Алматы, 16 желтоқсан 2009 жыл.
растады. – Олар әуелі жаяу жүргіншілер жолымен келе жатқан. Сосын отыз-қырық адам белгіленбеген жерден жолды кесіп өткен. Сөйтіп, олардың ішінен 9 жігіт пен бір қыз жол ережесін бұзғаны үшін ұсталған. Қазір олар үш жерде отырғандарын ғана айта аламын. Кімдер екені анықталуда. Заң бойынша, істің мән-жайы анықталса, үш сағаттан кейін оларды босатады. Өйткені, бүгін мейрам ғой, – деді Серік Сейдуманов.