Шаңырақ тұрғындарының айтуына қарағанда, мамырдың 5-і күні Алатау ауданының әкімі Бағдат Мәнзоров бастаған әкімшілік өкілдері, полиция және бір экскаватор түскі сағат 12 шамасында елдімекенге кірген. Олар тұрғындармен сөзге келместен және өздерін таныстырып жатпастан-ақ ауыр техниканы іске қосып, Шаңырақ-1 және Шаңырақ-2 ықшам аудандарының арасындағы сайда орналасқан екі баспана құрылысы мен бір үйдің іргетасын күреп тастаған. Мұны көрген тұрғындар оқиға орнына көптеп жинала бастаған сәтте-ақ олар көліктеріне мініп кете барған.
Күрелген бір баспананың иесі Зарина Бақбергенованың айтуынша, бұл жерді ол осыдан бес жыл бұрын 3 мың долларға сатып алыпты, қолында растайтын қағазы да бар.
– Бүгін біздің үйдің іргетасы мен көршінің үйін бұзып кетті. Әкімшілік тек 2008 жылдан бастап салына бастаған заңсыз үйлер бұзылады деп айтып жатқан сияқты еді. Ал, бұл үйдің іргетасы 2004 жылдан бері тұр. Жақында аудан әкімінің орынбасары үйге телефон соғып, 12 мың теңге айыппұл төлеңіз деп айтқан болатын. 507-ші кеңсеге барып, төленген ақшаның түбіртегін өткіздім. Ол өзінің қолындағы тізімде Бақбергенова деп жазылған тұсын түртіп қойды да, үйдің құжаты беріледі деді. Ал, енді бүгін келіп үйдің іргетасын бұзып кетіп отыр, - деп шағым айтады Зарина Бақбергенова.
Онда азамат жерді өз бетімен басып алып, құрылыс жүргізіп жатқаны жазылған. Ал, осыған қатысты нұсқауда Жер кодексінде көрсетілген заң бұзушылықты осы нұсқауды алған күннен бастап заңда көрсетілген мерзім ішінде жою қажеттігі көрсетіліп, егер азамат нұсқауда көрсетілген шарттарды орындамайтын болса заңға сәйкес жауапқа тартылатындығы ескертілген.
Қолында осындай нұсқауы бар Шаңырақ тұрғыны Зарина өзіне тиесілі деп есептейтін мүліктің осылай бұзылғандығына сене алар емес.
– Бұған дейін де екі рет келіп бұзып кетіп еді. Енді олар түнде келіп өзімді түрмеге қамап тастайды деп айтып жатыр. Сол рас па? – деп сұрайды шошынған кейіптегі Зарина.
Зейнеткер жасындағы Назгүл Базарбаева халықты бұлай ашындыра беруге болмайтындығын ескертті.
– Патша – кеме болса, халық – теңіз. Ал, халықтың толқуы күшті. Билік соны ұқсын. Патша кімнің күшімен «қалқып» жүр? Халықтың күшімен. Халық толқыса өте ұят нәрсе болады, – деді Назгүл Базарбаева.
Бұл мәселеге байланысты түсінік алу мақсатымен Алатау аудандық әкімшілігіне хабарласқан Азаттық тілшісіне хатшы қыз әкімнің өзі қалалық әкімшілікке жиналысқа кеткендігін, ал 507-ші кеңседе отыратын аудан әкімінің орынбасары Ибрагим Қуатбекұлы Шаңыраққа кеткелі бері бүгін жұмысқа оралмағандығын айтты.
Аудан әкімінің тағы бір орынбасары Қайрат Айтбеков заңдастырылмаған үйлерді күреу мәселесі бойынша әзірге Азаттыққа ештеме айта алмайтындығын жеткізді.
Күрелген бір баспананың иесі Зарина Бақбергенованың айтуынша, бұл жерді ол осыдан бес жыл бұрын 3 мың долларға сатып алыпты, қолында растайтын қағазы да бар.
– Бүгін біздің үйдің іргетасы мен көршінің үйін бұзып кетті. Әкімшілік тек 2008 жылдан бастап салына бастаған заңсыз үйлер бұзылады деп айтып жатқан сияқты еді. Ал, бұл үйдің іргетасы 2004 жылдан бері тұр. Жақында аудан әкімінің орынбасары үйге телефон соғып, 12 мың теңге айыппұл төлеңіз деп айтқан болатын. 507-ші кеңсеге барып, төленген ақшаның түбіртегін өткіздім. Ол өзінің қолындағы тізімде Бақбергенова деп жазылған тұсын түртіп қойды да, үйдің құжаты беріледі деді. Ал, енді бүгін келіп үйдің іргетасын бұзып кетіп отыр, - деп шағым айтады Зарина Бақбергенова.
Шаңырақ тұрғыны Назгүл Базарбаева халық қаһарына мінсе билікте отырғандарға қиын соғатынын ескертеді. 5 мамыр 2009 ж.
Алатау ауданының әкімшілігі биылғы жылдан бастап әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтыру ісіне белсенді кіріскен-ді. Шамамен 12 мың теңге тұратын бұл қағазды алса, үйдің мемлекеттің актісі дайындалады екен дегенге мықтап сеніп алған жергілікті халықтың көбінде осындай хаттама бар. Ал, шын мәнінде, бұл хаттама жылжымайтын мүлікті құжатпен рәсімдеу жағын қарастырмайды, дейді онымен танысқан заңгерлер.Онда азамат жерді өз бетімен басып алып, құрылыс жүргізіп жатқаны жазылған. Ал, осыған қатысты нұсқауда Жер кодексінде көрсетілген заң бұзушылықты осы нұсқауды алған күннен бастап заңда көрсетілген мерзім ішінде жою қажеттігі көрсетіліп, егер азамат нұсқауда көрсетілген шарттарды орындамайтын болса заңға сәйкес жауапқа тартылатындығы ескертілген.
Қолында осындай нұсқауы бар Шаңырақ тұрғыны Зарина өзіне тиесілі деп есептейтін мүліктің осылай бұзылғандығына сене алар емес.
– Бұған дейін де екі рет келіп бұзып кетіп еді. Енді олар түнде келіп өзімді түрмеге қамап тастайды деп айтып жатыр. Сол рас па? – деп сұрайды шошынған кейіптегі Зарина.
Тұтқиылдан келіп бірнеше баспананы бұзып кеткендер қайта соға ма деп қауіптенген Шаңырақ тұрғындары көпке дейін тарамады. 5 мамыр 2009 ж.
Солай дей тұрғанмен де ол көрші-қолаңның көмегімен бұзылған дүниелерді қалпына келтіретіндігіне сенімді. Ал, жиналған халық болса, экскаватормен бірге әкімшіліктегілер қайтып келуі мүмкін деген күдікпен, біраз уақыт бойы сол жерден тарқамай тұрды.Зейнеткер жасындағы Назгүл Базарбаева халықты бұлай ашындыра беруге болмайтындығын ескертті.