Қазақстанды Нұрсұлтан Назарбаевтың өмір бойы басқаруын қалайтын ақтөбелік профессор Закратдин Байдосовтың бастамасы Атырауда да жалғасын тапты.
Атырауға сапары барысында жергілікті тұрғындармен кездескен президент Назарбаевқа Қазақстанның дамуы үшін сіңірген аса зор еңбегіне алғыс білдірген қаладағы №6 мектептің директоры Хамза Ғабдолла былай деді:
– Сіздің Атырауға әр сапарыңыздың тарихи маңызы бар. Сіздің кемеңгер басшылығыңыздың арқасында Қазақстан шыңнан шыңға көтерілуде. Осыдан кейін сізді неге патша демеске? Бүкіл облыс тұрғындары атынан сіздің мәңгілік президент болуыңызды сұраймын. Денсаулығыңыз мықты болсын!
Бұл ұсыныс сол сәтте-ақ ел аузындағы әңгімеге айналды. Хамза Ғабдолланың әлгі ұсынысына наразылық айтушылар да бар. Өзін Аджип ККО компаниясының Қарабатанда салып жатқан «Болашақ» мұнай өңдеу зауытының жұмысшысымын деп таныстырған, бірақ аты-жөнін айтқысы келмеген жігіт Азаттық тілшісіне былай деді:
– Мен Назарбаев мәңгі президент болсын деген әлгі мұғалімнің сөзімен келіспеймін. Елдің атынан сөйлеуге кім оған құқық берді?
Президент Атырауға келердің алдында әдеттегідей жергілікті билік қала көшелерін әлем-жәлем етіп әуреге түсті. Н.Назарбаевтың келуіне екі күн қалғанда қаланың орталық көшелеріндегі көлік қозғалысы тоқтатылып, көше ортасындағы ақ жолақтар қайта сызыла бастады. Жұмыстарынан қалып, әуежайға асыққан тұрғындармен санасқан ешкім болған жоқ.
Президенттің сапарына жергілікті кәсіпкерлер де өз үлесін қосып қалуға тырысты. Қаладағы кең таралған «Идеал» супермаркеті өз жүйелері бойынша «тек 30 қыркүйекте ғана» деген атпен тауарларының 70 пайызын халыққа 14-17 пайыз арзан бағамен ұсынды.
«Идеал» супермаркетінің Алмажай есімді бөлім басқарушысы бұл жеңілдіктердің президент сапарына қатысы жоқ деп сендіруге тырысты.
– Біздің жасаған жеңілдігіміздің Назарбаевтың Атырауға келу сапарына орайлас болуы кездейсоқ сәйкестік, – деген түсінік берді ол Азаттық радиосына.
Алайда, Атырауға президент келген сол күні дүкеннен бұрынғыдан арзанырақ бағамен зат сатып алғандардың бірі бұған мемлекет басшысы сапарының әсері бар деп санайды.
– Сөз жоқ, бұл жеңілдіктер президентке Атырауда баға қымбат емес деген жақсы әсер қалдыру үшін жасалып отыр, – деді Азаттық тілшісіне өз аты-жөнін айтқысы келмеген тұрғын әйел.
Оның айтуынша бір күн болса да халық бірталай тұтыну тауарларын арзанға алып, мәз болысып қалған. «Мәселен, мен әдетте тұрмысқа қажетті заттарды алғанда 7-8 мыңға сауда жасайтын едім. Ал осы жеңілдікті пайдаланып алған тауарларым үшін 5 мың теңге жұмсадым. Сол күні адамдар түн ортасы ауғанша дүкенде шұбырған кезекте тұрды» дейді әлгі әйел.
Ал Н.Назарбаевтың Атыраудың іргесіндегі Батыс Ескенеде салынып жатқан «Болашақ» зауытындағы жұмысшыларымен кездесуінен кейін Азаттық тілшісіне телефон шалған Бонатти компаниясының бір жұмысшы ел президентін өздерінің көрмегендігін айтты.
– Біздің орнымызға полицияның қызметкерлеріне жұмысшы киімдерін кигізіп, кездесуге алып барды. Ал біз президентпен кездесіп жағдайымызды айтқымыз келген еді, жолыға алмадық, – деді ол.
Президент Назарбаев Атырауға сапары барысында тағы да бірнеше нысандарды салтанатпен ашты. Солардың қатарында Атырау мен Маңғыстау аумағындағы ұзындығы 397 шақырым «Қарабатан-Бейнеу» автожолы, бюджет қызметкерлеріне арнап салынған «Алмагүл» шағын ауданындағы перзентхана үйі бар. Бұл екі жобаның жалпы құны 26 млрд. 587 млн. теңгені құрайды.
Сондай-ақ президент Атырауда салынып жатқан жылу электр стансасы құрылысымен танысты.
Ал қазанның 1-і күні президент Н.Назарбаевтың Атырауға сапары аяқталды. Ол осы жерден ресми сапармен Әзірбайжан астанасы Бакуге ұшып кетеді деп күтілуде.

Хамза Ғабдолла, №6 мектептің директоры, қазақ тілі мен әдебиетінің және тарих пәндерінің мұғалімі. Атырау, 1 қазан 2009 жыл.