«Біз бірқатар сарапшыларды шақырып, «Ұлт көшбасшысы» туралы конституциялық заң қабылдау жөнінде ақылдасуды ұсынып отырмыз. Онда мемлекет басшысының мәртебесіне қатысты барлық жайттар қарастырылады, соның ішінде өмір бойғы президенттік мәселесінің заңдық нормаларын да бекітуге болады», – деді Қалетаев.
Оның пайымдауынша, «Н. Назарбаев Ата заң бойынша өз міндетін атқарып жатқан жай ғана президент емес, елдің көсемі ретінде мойындалған басшы». Сондықтан, Д.Қалетаев президент өкілеттілігінің мерзімсіз болуына емес, «оның қоғамдық дәрежесі мен конституциялық дәрежесін салыстыруға» назар аудару керек деген пікір айтады.
«Нұр Отан» ХДП төрағасы бірінші орынбасарының айтуынша, бұл ұсыныс төменнен түсіп жатқандықтан қолдауға ие болып отыр.
«Бұл ұсынысты кең ауқымды мағынада қарастыру қажет. Өйткені, Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттің бүгінгі басшысы ғана емес, ол елдің, ұлттың, халықтың көшбасшысы. Сондықтан мұндай мәселелер тек оның өмір бойғы президенттігімен ғана шектелмеуі қажет», – деді Д.Қалетаев.
ОРТА ҒАСЫРҒА ШЕГІНІС
«Азат» партиясының жетекшісі Болат Әбілов бұл ұсынысқа үзілді-кесілді қарсы екенін айтады.
– Олар қазір бұл заңды өткізіп жібермек. Бұл қандай да бір жетістіктерге қатысты емес. Керісінше, биліктің, «Нұр Отан» партиясының, керек десеңіз президент Нұрсұлтан Назарбаевтың да осалдығынан. Барлық нәрсенің президент келісімімен жасалатынын ескерсек, бұл да Назарбаевтың өзімен келісілген шаруа, – дейді Б.Әбілов.
Сондай-ақ, Б.Әбіловтың пікірінше, бұл сайлау өткізуді қажетсінбеудің көрінісі. «Сайлаудың әділ өтпейтіні айтпаса да түсінікті, қайтадан 91 пайыз деп көрсету керек. Осылайша жағдайды күрделендіріп, президенттің жүйкесін тоздырғанша, оны мәңгілік етіп сайлап қойған тиімдірек», – дейді ол.
– Уақыт өте, президенттің еңбегін тек оның ұрпағы ғана бағалай алады. Ал біз, замандастары оның еңбегін әртүрлі бағалаймыз. Сондықтан мен президенттік партияның бұл ұсынысын Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етудің алдында бола тұрып, орта ғасырға шегініп бара жатқаны деп бағалаймын, – дейді «Азат» партиясының жетекшісі Болат Әбілов.
"ПАРТИЯНЫҢ КЕҢСЕСІНДЕ ЕМЕС, ПАРЛАМЕНТТЕ ҚАРАЛУЫ ТИІС..."
– Біздің алғашқы президентіміз де, алғашқы президент туралы заңымыз да бар. Мен «ұлттың көшбасшысы» деген сөздің мағынасын түсінбеймін. Заңда мұндай аппарат жоқ. Жалпы мұндай шешімдердің партия кеңсесінде емес, Парламентте талқыланып, шешілуі керек деп есептеймін, – дейді сенатор Ғани Қасымов.
Ал сенатордың аттасы, «Ауыл» партиясының жетекшісі Ғани Қалиев болса, президенттік партияның ұсынысына қатысты пікір айтудан мүлде бас тартты.
– Мен бұл сұраққа қатысты ешнәрсе айтпаймын, басқалардан сұрап көріңдер, – деді біздің радиомызға Ғ.Қалиев.
"ЗАҢ АЛДЫМЫЗҒА КЕЛІП ЖАТСА, КӨРЕРМІЗ"
Дархан Қалетаевтың айтқан ойы жүзеге асып, Нұрсұлтан Назарбаевтың мәңгілік президент болуына жол ашатын конституциялық заң жобасы дайындалар болса, Қазақстанның бірпартиялық парламенті не істемек?
– Мен қазір ол мәлімдемемен толық таныс емеспін. Ертең басылым бетіне шықсын, сосын танысып, сізге жауап берейін, – деді біздің радиомызға депутат Алдан Смайылов.
– Мен ол жайында естіген жоқпын, алайда біз өзімізге келетін барлық заң жобаларын қарауға міндеттіміз. Сондықтан ол заңды да қарайтын шығармыз. Дегенмен, мен бұған қатысты дәл қазір түсініктеме бермей-ақ қояйын, – деді депутат Уалихан Қалижан.
Қазіргі мемлекет басшысына өмірлік президент өкілеттігін беру туралы бастаманы 10 қыркүйек күні президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Ақтөбе облысына жұмыс сапары кезінде профессор Закратдин Байдосов көтерген болатын.
- Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, халық әрдайым Сіз үшін дауыс береді. Сіз әрқашан халық игілігі және күллі еліміз үшін қызмет жасайсыз. Біз болашақта президенттік сайлауды өткізудің қажеті жоқ деп есептейміз. Сіз Қазақстанды басқаруыңыз және әрқашан елімізге басшылық жасай беруіңіз керек. Конституцияға тиісті өзгертулер енгізу қажет, - деді тарих ғылымдарының докторы Байдосов.
Нұрсұлтан Назарбаев 1991 жылы тәуелсіз Қазақстанның алғашқы президенті болып сайланды. 2005 жылдың 4-ші желтоқсанындағы президенттік сайлауда жеті жылдық мерзімге қайта сайланды. Қазақстан заңына сәйкес, кезекті президент сайлауы 2012 жылы өтуі тиіс.