Кубалық диссидент Хосе Луис Гарсия Панеке биыл шілдеде түрмеден шыққанда салмағы небәрі 48 келі тартты. Хосе Панеке Кубада ештеңе де өзгермегенін және елді демократияландырып, еркін сайлау өткізу қажеттігін айтады.
Рим католик шіркеуінің өкілдері мен Испанияның ара ағайындығы арқасында қол жеткен келісімнен кейін Куба үкіметі бостандыққа шығаруға рұқсат еткен 52 саяси тұтқынның ішінде жеті жыл түрмеде отырған Хосе Панеке де бар.
Қазан айында Куба үкіметі тағы да бес саяси тұтқынды түрмеден босатып, елден шығаруға келісті. Бұрын бостандыққа шыққан саяси тұтқындардың бірі Гильермо Фариньяс қазанның 21-і Сахаров сыйлығының иегері болды. Еуропа парламенті Андрей Сахаров атындағы «Еркін ой-пікірі үшін» сыйлығының иегері ретінде кубалық диссидент Гильермо Фариньястың атын атады. 48 жастағы журналист және психолог түрмеде он бір жарым жыл отырып, Кубадағы саяси режимге қарсылық ретінде 23 рет аштық жариялады.
Сыйлықты тапсыру салтанаты желтоқсанның 15-і күні Страсбургте өтеді. Сыйлық иесі сондай-ақ 50 мың еуроға ие болады.
ДҮКЕН СӨРЕЛЕРІ ТАҚЫР ТАЗА
Бостандықққа шыққан тұтқындардың бір бөлігі Испанияның шақыруын қабыл алғанды жөн көрді. Хосе Панеке де Испанияға жетті.
Оның сөзіне қарағанда, ол мұнда да бұрынғы ісін жалғастырып, Кубаның азаттығы мен аралдағы демократиялық өзгерістер үшін күресе бермек.
«Мен Еуропаға 51 жылдан бері диктатура езгісінде отырған 11 миллиондық Куба халқының қайғы-қасіретін естісін, ынтымақтастық,
Азық-түлік тапшылығын қазір туристерден де, шетелдерден келген мамандардан да жасырып-жабу мүмкін емес.
Хосе Панеке түрмеге қамалғанға дейін құрамында өзі де болған оппозиционерлер тобының әрекеті туралы айтып берді. Бұл топ Manuel Marquez Sterling Journalists Association тәуелсіз журналистер ассоциациясы құрамында жұмыс істеген. Ассоциация «Куба» журналын шығарған. Үш нөмірі жарық көргенімен, үшіншісін шығарар сәтте оларды қамауға алған.
Хосе Панеке Испанияға келісімен-ақ бостандықтағы алғашқы әсерімен бөлісті. Азық-түлікке лық толған супермаркетті көргенде қайран қалғанын айтты. «Он түрлі сүттен қалағаныңды таңдап алуға болады екен» дейді ол.
Хосе Панекенің сөзіне қарағанда, Кубада бұл мүмкін емес. Онда сүттің тек бір ғана түрі бар. Қаласаң да, қаламасаң да соны аласың. Күріш те, басқа азық-түліктер де солай. Азық-түлік тапшылығын қазір туристерден де, шетелдерден келген мамандардан да жасырып-жабу мүмкін емес.
Мәскеудегі Латын Америкасы институты директорының орынбасары, саясаттану ғылымдарының докторы, профессор Борис Мартынов кубалықтар ұдайы тапшылықтан, ертеңгі күнге сенімсіздіктен шаршады дейді.
Борис Мартынов аралдағы күнделікті тіршіліктің кейбір ерекшеліктері туралы ой бөлісті. Оның сөзіне қарағанда, елдегі негізгі күнкөріс көзі песо айырбасы. Бұл валютаны шетелдіктер әкелетін немесе Америкадағы туыстарынан кубалықтардың өздері алатын долларға айырбастайды.
Аралда, әрине қарапайым песо да бар. Бірақ оған ештеңе сатып ала алмайсың. Елді тапшылық жайлаған: дүкендер бос, сөрелерде минералды су, еденжуғыш құрал және кір жуатын ұнтақтан өзге түк те жоқ. Кубалықтар ең қажетті азық-түліктерді талонмен алады, бірақ оның да ассортименті шамалы. Отбасыңды карточкамен асырай алмайсың.
ФИДЕЛЬДІҢ МОЙЫНДАУЫ
Таяуда Куба революциясының көшбасшысы Фидель Кастро Куба үлгісінің жарамсыз болып қалғанын мойындады. The Atlantic журналының қызметкері, америкалық журналист Джеффери Голдбергпен сұқбатында ол Кубада жүзеге асырылған
Кубаның бұрынғы басшысы Фидель Кастро Революцияны қорғау Комитетінің 50 жылдығына арналған салтанатты жиында. Гавана, 28 қыркүйек 2010 жыл.
социалистік шаруашылық үлгісі тоқырап, қоғамдық қажеттіліктерді қамтамасыз ете алмай отырғанын айтты.«Кубалық үлгі бұдан әрі, тіпті, өзімізге де жарамайды», – деп мойындады Фидель Кастро америкалық журналистке.
Осы әңгімеге қатысқан тағы бір тілші Жулия Свейг ұзаққа созылған дерттен кейін белсенді қоғамды өмірге қайта оралған Фидель Кастро өзін мемлекет басшысы ретінде емес, ірі мемлекет қайраткері ретінде танытқысы келетінін атап өтті.
Бұл пікірмен Хосе Панеке келісе бермейді. Оның сөзіне қарағанда, диктатор әлі тірі, бірақ мұрагері бар. Рауль Кастроны толыққанды президент деп санауға болмайды, сол секілді Фидель Кастро да әзірге «бұрынғы президент» емес. Басқаша айтқанда, коммунистік партия құрылымдары жайлаған тоталитарлық жүйенің үстінен жаппай үрей мәдениеті орныққан деуге болады.
«Қыр соңында полиция жүргенін сезбейтін кубалық жоқ, – дейді Хосе Панеке. – Тіпті шетелде де, оның ішінде Испанияда да. Мен олардың
Қыр соңында полиция жүргенін сезбейтін кубалық жоқ.
Испанияға келген бұрынғы саяси тұтқындар өздерінің бостандыққа шығуы – кубалық режимнің жұмсаруы дегенді білдірмейтінін қайталаудан жалығар емес. Керісінше, өздерінің Кубада қалған әріптестерінің жағдайы одан сайын қиындай түсті дейді.
АДАМ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУШЫЛАРДЫҢ НАРАЗЫЛЫҒЫ
Мұны халықаралық адам құқығын қорғау ұйымдары да растайды. Кубалық оппозиционерлерді қорғауға олардың Ресейдегі әріптестері де атсалысып отыр. Ресейлік құқық қорғаушылар мен қоғам қайраткерлері Куба түрмелеріндегі адам төзгісіз жағдайлар мен тұтқындарға медициналық көмек беруден үкіметтің бас тартуына қарсы кезекті үндеуге қол қойды.
Қол қойғандар қатарында Елена Боннэр, Владимир Буковский, Гарри Каспаров, Александр Подрабинек, Андрей Илларионов, Андрей Пионтковский, Борис Стругацкий және тағы басқалар бар.
«Куба билігінің саяси тұтқындарға жасап отырған әдіс-тәсілдеріне, халықаралық заңдармен кепілдендірілген адамның негізгі құқықтарын қорғағаны үшін демократияшыл белсенділердің қуғын-сүргінге салуына қарсымыз», – делінген құжатта.
Елдің мемлекеттік саясатымен келіскісі келмеген кез-келген азаматтың қыр-соңына түсуге жол беретін кубалық заңдарды сынға алған «Халықаралық рақымшылық» құқық қорғау ұйымының қазан айындағы есебінен де Кубадағы қуғын-сүргіннің күшейгенін көруге болады.
Өз кезегінде Еуропаны демократиялық өзгерістер жасауға мәжбүрлеу үшін кубалық режимге қысым жасауға шақыра отырып, Хосе Панеке, атап айтқанда, мынадай мәселелерге тоқталды:
– Елде құрылымдық өзгерістер басталуы тиіс. Бұл – демокартияға қадам басу, еркін сайлау өткізіп, еркін ұйымдар құруға жол ашу деген сөз. Сонда ғана азаматтық қоғам мен саяси партиялар құрылып, кубалықтар өз ой-пікірлері мен көзқарастарын еркін білдірмек.