Accessibility links

Қазақстан темекі алқаптары қырғыз мигранттары мен бала еңбегін қанау мекеніне айналды


Қазақстандағы Қорам ауылы маңындағы темекі алқабында жұмыс істеп жүрген мигрант қырғыз бала.
Қазақстандағы Қорам ауылы маңындағы темекі алқабында жұмыс істеп жүрген мигрант қырғыз бала.

«Хьюман Райтс Вотч» ұйымының жаңа баяндамасында Қазақстанның темекі алқаптарында қырғыз мигранттарын жұмысқа салуға, бұған қоса бала еңбегін пайдалануға қатысты деректер берілді. Темекі шаруашылықтары «Халықаралық Филип Моррис» компаниясы үшін жұмыс істейді.


АЛҚАПТАҒЫ АЗАП

Темекі алқабындағы 12 жастағы қызды мектеп бағдарламасы толғандырмайды. Өйткені ол бірнеше ай бойы сабаққа бармаған. Оқушы бар уақытын әке-шешесімен бірге Қазақстандағы темекі алқаптарында өткізетіндігін айтады. Көрші қырғыз елінен келген бұлар еңбек мигранттары ретінде жұмыс істейді.

«Сағат төртте алқапқа барамыз. Сағат 11-де қайтамыз. Содан кейін түскі сағат 11-ден бірге дейін тамақтанамыз, демаламыз. Түстен кейін төртте қайта жиналып, түнгі сағат 10-ға дейін жұмыс істейміз. Түнгі сағат 12-де жатамыз. Сосын тағы таңертең төртте тұру керек болады. Біраз уақыттан бері осылай өмір сүріп жатырмыз», – дейді ол.

Бұл қыз «Хьюман Райтс Вотч» ұйымының сауалдарына жауап берген ондаған ауыл жұмысшыларының бірі ғана. Осы халықаралық ұйым 2009 жылы Қазақстандағы Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында арнайы зерттеу жүргізген еді.

Алматы қаласынан шығысқа қарай шамамен 120 шақырым жерде орналасқан бұл аудан темекі шарушылығымен шұғылданады; «Хьюман Райтс Вотч» ұйымының мәлімдеуінше, бұл аймақта қырғыз еңбек мигранттары мен олардың балаларын жұмысқа салу кең тараған.

«Азапты еңбек» деген атаумен шыққан ұйым баяндамасында темекі алқаптарында жалақы төлемеу, күштеп жұмысқа салу, борышкер ретінде ұстау, ұзын-сонар жұмыс уақыты, жазбаша келісім-шарт жасалмау, пестицидтермен улану қауіпі, таза ауыз судың болмауы, бұған
Еңбек мигранттары маусым соңында өздері терген темекі көлеміне қарай бір мәрте ғана жалақы алады. Жалақы төлеудің мұндай түрі балаларды да жұмысқа салуға итермелейді, өйткені олар темекіні мейлінше көп жинауға тырысады.
қоса 10 жастағы бала еңбегін заңсыз пайдалану туралы мәліметтер келтірді.

«Хьюман Райтс Вотч» ұйымының Орталық Азия мен Еуропа бөлімінің қызметкері Рейчел Денбер бір қиянат әдетте басқасын туғызады деп мәлімдеді.

«Еңбек мигранттары маусым соңында өздері терген темекі көлеміне қарай бір мәрте ғана жалақы алады. Жалақы төлеудің мұндай түрі балаларды да жұмысқа салуға итермелейді, өйткені олар темекіні мейлінше көп жинауға тырысады», – деді Рейчел Денбер.

Ұйым баяндамасының тұсаукесерін шілденің 14-і күні Алматыда өткізген Денбер бұған дейін Қазақстанның адам құқын қорғау жөніндегі уәкілі Асқар Шәкіров пен еңбек және әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары Біржан Нұрымбетовпен кездесіп, зерттеу нәтижелерін талқылады.

Шенеуніктер «алаңдаушылық» танытқанымен, ұйым өкілінің пікірінше, жергілікті үкімет Қазақстанға келетін жүз мыңдаған жұмысшыларды, олардың құқының сақталуын бақыламай отыр. Соның ішінде тоғыз айлық темекі маусымына келетін мыңдаған қырғыз
«Халықаралық Филип Моррис» компаниясы кәсіпорындарының біріндегі темекі өнімдері.
мигранттары бар, дені – Қырғызстан оңтүстігіндегі Ноокат қалашығының тұрғындары.

Бірақ қырғыз темекі терушілерін мигранттар ретінде қанауға қатысты көптеген жайттар шамадан тыс болуына байланысты әлемдік қауымдастықтың ерекше назарына ілігіп отыр.

Аймақта темекіні жалғыз компания – «Халықаралық Филип Моррис» компаниясына еншілес – «Филип Моррис Қазақстан» ғана сатып алады. Темекі өндірумен айналысатын алып компания өз өнімін әлемнің 160 мемлекетінде сатады, өнімнің нарықтағы жалпы құны шамамен 90 миллиард доллар тұрады.

Денбердің айтуынша, «Хьюман Райтс Вотч» өзінің зерттеуін «Халықаралық Филип Моррис» компаниясына алғаш рет қазан айында таныстырды, содан бері «кең көлемді» байланыс үзілген жоқ.

ТІРКЕТЕМІН ДЕП ТЕНТІРЕТІП ЖІБЕРГЕН

«Хьюман Райтс Вотч» баяндамасында Қазақстанның темекі шаруашылықтарында мигранттарға әсер ететін жағдайларға, бала еңбегіне қатысты маңызды мәселелер көтерілгендігін мойындаған «Халықаралық Филип Моррис» «бала еңбегі және баяндамада айтылған басқа да проблемаларға қатысты мәселелер бойынша, бұған қоса қазіргі қалыптасқан жағдай түзету үшін шара қолданды» деп жазды.

Компания қабылдаған іс-шараларының бірі ретінде жұмысшылармен қарым-қатынас стандарттарын бекіту үшін шаруалармен келісім шарт міндеттері айқындалғанын атап өтті. Бұған қоса, компания енгізілген өзгерістердің орындалуын қадағалау үшін үшінші бір жақтың бақылау жүйесін енгізгендігін, «бала еңбегін қанауға жол бермес үшін шаруалардың, жұмысшылардың және өз агрономдарының» дайындағын арттырғандығын, «мигранттардың еңбек құқығы, еңбегі, өмір сүру жағдайына қатысты қадағалау мен оқыту жұмыстарын» күшейткендігін мәлімдеді.

Денбердің айтуынша, «Халықаралық Филип Моррис» темекі өткізетін әрбір шаруашылық жұмысшылардың жалақысын тұрақты күнтізбе бойынша, белгіленген жалақы мөлшерінен аз емес көлемде төлеуін талап ететіндігіне, бұған қоса «Хьюман Райтс Вотч» баяндамасында
«Хьюман Райтс Вотч» ұйымы Орталық Азия мен Еуропа бөлімінің қызметкері Рейчел Денбер (сол жақта) және сол бөлімнің аға ғылыми қызметкері Джейн Бьюкенен (оң жақта). Алматы, 14 шілде 2010 жыл.
айтылғандай, шаруа қожайындарының жұмысшылардың төлқұжатын алып қоюына тыйым салуға уәде берді.

Алайда Денбер бұл уәделердің орындалып жатқанына күмән келтіреді.

«Менің ойымша, уәде берудің өзі оң қадам, бірақ содан бері көп нәрсе өзгеріп кеткені шамалы. Біз осы маусымда бірнеше күн бойы алқаптарда болдық, ештеңе өзгере қоймағандығын көрдік. Менің ойымша, уәделерді орындалғаны өте маңызды. «Филип Моррис» өте маңызды қадамға барды, енді жағдай өзгерсе жақсы», – дейді Рейчел Денбер.

Әзірге «Хьюман Райтс Вотч» зерттеуіне қатысқан еңбек мигранттары төлқұжаттарды жинап алып, соны кепілдік ретінде немесе тегін еңбекті пайдалану үшін өздерінде сақтау жағдайлары кездесіп жатқандығын айтып отыр.

«Шаруашылық қожайыны біздің төлқұжаттарымызды жинап алды, ол полицияда тіркету үшін керек деді. Бірақ оларды біз үйге кетуге дайындалып жатқан күні түнде ғана қайтарды. Төлқұжатта тіркеу туралы ештеңе жоқ», – дейді еңбек мигранттарының бірі.
XS
SM
MD
LG