«ЧЕХ ҮКІМЕТІНІҢ ЕНЖАРЛЫҒЫ ҚАЗАҚСТАН МҰСЫЛМАНДАРЫНЫҢ АШУ-ЫЗАСЫН ТУҒЫЗДЫ»
Билік салафит деп ат қойып, айдар таққан соң, бассауғалап Чехияға барған қазақстандық 205 босқынның қилы тағдыры туралы Азаттық сайтында осыған дейін тізбекті мақалалар жарияланған болатын.
Сәуірдің 27-сі күні Қазақстан Мұсылмандар одағы мен Орталық Азия адам құқығын қорғау жөніндегі мұсылман комитеті ұйымдары Чех еліндегі қазақстандық діни босқындардың тағдырына алаңдаушылық білдіріп, олардың құқығын қорғауды талап етіп, Чех республикасының президенті Вацлав Клауске хат жолдағаны жайында хабарлады Азаттыққа жоғарыда аталған екі ұйымның да жетекшісі Мұрат Телібеков.
– Бізбен хабарласқан халықаралық адам құқығын қорғаушы ұйымдардың дерегінде, қазақстандық босқындар чехтың жергілікті билік орындары тарапынан түрлі кемсітуге ұшырап, құқықтары өрескел бұзылып, дәрігерлік көмек пен қарапайым тұрмысқа қажетті жағдайға қол жеткізе алмай отырғаны айтылған. Біз бұл жағдайға чех үкіметінің назарын аударып, Чехияның президентінен қазақстандық діни босқындардың құқығын қорғауға қатысты шұғыл шаралар қолдануды талап еттік, – деді ол.
Азаттыққа берген сұхбатында Мұрат Телібеков халықаралық ұйым өкілдерінен, чех жеріндегі қазақстандық азаматтардың жергілікті билік орындары тарапынан ксенофобиялық, адамдарды этникалық және діни ерекшелігіне қарап бөлудің жекелеген оқиғаларын бастарынан өткергені туралы естігенін айтады.
Осы жайттарға байланысты мұсылмандар ұйымдары Чехия президентіне жолдаған хатында, Қазақстанда билік пен жекелеген адамдардың арасында кикілжіңнің болуы мүмкін екендігін, ал чех үкіметінің адамдарға баспана беруден бас тартуға құқылы екенін мойындай отырып, алайда ондай жағдай жергілікті биліктің босқындардың құқығын аяқасты етуіне негіз болмайтындығын атап көрсеткен.
«Чех үкіметінің енжарлығы ашу-ызасын туғызған Қазақстан мұсылмандары бұл елдің еуропалық қауымдастықтың алдында алған өз міндеттемелерін орындауын талап етеді... Ал орындалмаған жағдайда қазақстандық мұсылмандар Қазақстан президенті мен үкіметіне Чех республикасымен дипломатиялық қатынастарды үзу туралы мәселе қояды», – деп ескерткен.
Сондай-ақ, осындай мазмұндағы хаттар Ислам Конференциясы Ұйымына, Дүниежүзілік Ислам Лигасына, Біріккен Ұлттар Ұйымына және Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымына жолданды деп хабарлайды Қазақстан Мұсылмандар одағының баспасөз қызметі.
ҚАЗАҚСТАН БАС ПРОКУРАТУРАСЫ ЧЕХИЯ МЕН СЛОВЕНИЯДА ЖҮРГЕН БОСҚЫНДАРДЫ ЕЛГЕ ШАҚЫРДЫ
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы сәуірдің 29-ы күні ресми мәлімдеме таратты. Онда прокуратура қазірде Чехия мен Словения елдерінде жүрген қазақстандық азаматтардың өз елінде діни сенім-нанымы үшін жапа шеккендігі туралы бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар мен түсініктемелерге «жөнсіз пайымдау» деген баға берген.
«Елімізде барлығы 40 конфессияға жататын 4 мыңнан астам діни бірлестіктер мен шағын топтардың бейбіт қатар өмір сүріп отырғаны, Қазақстанның астанасында Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съездері өткізілуі аталған конституциялық құқықтардың сақталып отырғанының айқын дәлелі.
Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Қазақстан Республикасында дінге сенушілер құқығының бұзылуы туралы пайымдаулардың негізсіз екенін, сонымен қатар Чехия мен Словения елдеріндегі азаматтарымыздың Қазақстанға діни көзқарастары үшін қудалауға ұшыраймын деп қауіптенбей-ақ кедергісіз оралу мүмкіндіктері бар екенін мәлімдейді», – делінген.
Бас прокуратураның баспасөз хатшысы Сәулебек Жәмкенұлының Азаттыққа айтуынша, Қазақстан қазірде шетелде жүрген, соның ішінде Чехия мен Словенияға кеткен азаматтар, Отанына оралғаннан кейін барлық конституциялық құқықтарын, сондай-ақ Қазақстан заңдарына көрсетілгендей, дін ұстану еркіндігін, басқа да бостандықтарын толық дәрежеде пайдалана алмақ.
ҚазақстанМұсылмандар одағының басшысы Мұрат Телібеков Бас прокуратураның бұл мәлімдемесін оң қабылдады.
– Бас прокуратураның өзі жасап жатқан мұндай мәлімдемеге сенгің келеді. Және де, ол ресми мәлімдеме болғандықтан, белгілі бір мөлшерде сенуге тұрарлық та. Әрине, сонымен бірге бұл мәселеде халықаралық адам құқығын қорғаушы ұйымдардың кепілдігі де керек, – дейді М.Телібеков.
Ал Азаттыққа сұхбат берген, Париж қаласында орналасқан «Орталық Азиядағы адам құқығы» ұйымының басшысы Надежда Атаева Чехия жеріне бассауғалап барған 205 қазақстандық босқынның бәрі Қазақстанда саяси себеппен қудаланған деп есептейді. Ол ешбір азамат өз діни көзқарасы мен сенім-нанымына қатысты қудаланбайды деген Бас прокуратураның мәлімдемесіне секеммен қарайды.
– Бас прокуратура дәстүрлі емес ислам деп аталатын топтарға жатқызылған адамдарға қатысты тізімнің қайдан пайда болғанын қалай түсіндіреді екен? Дәл осындай тізім бойынша бұл босқындардың елде қалған туған-туыстарын аралайтын Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері шетелге кеткендердің жақсылықпен елге қайтуын сес көрсете отырып "өтінеді", - дейді Н.Атаева.
Билік салафит деп ат қойып, айдар таққан соң, бассауғалап Чехияға барған қазақстандық 205 босқынның қилы тағдыры туралы Азаттық сайтында осыған дейін тізбекті мақалалар жарияланған болатын.
Сәуірдің 27-сі күні Қазақстан Мұсылмандар одағы мен Орталық Азия адам құқығын қорғау жөніндегі мұсылман комитеті ұйымдары Чех еліндегі қазақстандық діни босқындардың тағдырына алаңдаушылық білдіріп, олардың құқығын қорғауды талап етіп, Чех республикасының президенті Вацлав Клауске хат жолдағаны жайында хабарлады Азаттыққа жоғарыда аталған екі ұйымның да жетекшісі Мұрат Телібеков.
– Бізбен хабарласқан халықаралық адам құқығын қорғаушы ұйымдардың дерегінде, қазақстандық босқындар чехтың жергілікті билік орындары тарапынан түрлі кемсітуге ұшырап, құқықтары өрескел бұзылып, дәрігерлік көмек пен қарапайым тұрмысқа қажетті жағдайға қол жеткізе алмай отырғаны айтылған. Біз бұл жағдайға чех үкіметінің назарын аударып, Чехияның президентінен қазақстандық діни босқындардың құқығын қорғауға қатысты шұғыл шаралар қолдануды талап еттік, – деді ол.
Азаттыққа берген сұхбатында Мұрат Телібеков халықаралық ұйым өкілдерінен, чех жеріндегі қазақстандық азаматтардың жергілікті билік орындары тарапынан ксенофобиялық, адамдарды этникалық және діни ерекшелігіне қарап бөлудің жекелеген оқиғаларын бастарынан өткергені туралы естігенін айтады.
Қазақ босқындары дәрігерлік көмекке де қол жеткізе алмай отыр
Осы жайттарға байланысты мұсылмандар ұйымдары Чехия президентіне жолдаған хатында, Қазақстанда билік пен жекелеген адамдардың арасында кикілжіңнің болуы мүмкін екендігін, ал чех үкіметінің адамдарға баспана беруден бас тартуға құқылы екенін мойындай отырып, алайда ондай жағдай жергілікті биліктің босқындардың құқығын аяқасты етуіне негіз болмайтындығын атап көрсеткен.
«Чех үкіметінің енжарлығы ашу-ызасын туғызған Қазақстан мұсылмандары бұл елдің еуропалық қауымдастықтың алдында алған өз міндеттемелерін орындауын талап етеді... Ал орындалмаған жағдайда қазақстандық мұсылмандар Қазақстан президенті мен үкіметіне Чех республикасымен дипломатиялық қатынастарды үзу туралы мәселе қояды», – деп ескерткен.
Сондай-ақ, осындай мазмұндағы хаттар Ислам Конференциясы Ұйымына, Дүниежүзілік Ислам Лигасына, Біріккен Ұлттар Ұйымына және Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымына жолданды деп хабарлайды Қазақстан Мұсылмандар одағының баспасөз қызметі.
ҚАЗАҚСТАН БАС ПРОКУРАТУРАСЫ ЧЕХИЯ МЕН СЛОВЕНИЯДА ЖҮРГЕН БОСҚЫНДАРДЫ ЕЛГЕ ШАҚЫРДЫ
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы сәуірдің 29-ы күні ресми мәлімдеме таратты. Онда прокуратура қазірде Чехия мен Словения елдерінде жүрген қазақстандық азаматтардың өз елінде діни сенім-нанымы үшін жапа шеккендігі туралы бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар мен түсініктемелерге «жөнсіз пайымдау» деген баға берген.
«Елімізде барлығы 40 конфессияға жататын 4 мыңнан астам діни бірлестіктер мен шағын топтардың бейбіт қатар өмір сүріп отырғаны, Қазақстанның астанасында Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съездері өткізілуі аталған конституциялық құқықтардың сақталып отырғанының айқын дәлелі.
Босқындардың елге қайтуына халықаралық ұйымдардың кепілдігі керек