«Қара жорға» биін Қазақстанға қайта жаңғыртып әкелген адам – Арыстан қажы Шәдетұлы бүгінде Алматы облысы, Қарасай батыр ауданының Райымбек ауылында тұрады. Арыстан қажы «Қара жорға» биі туралы Азаттық радиосына арнайы сұхбат берген еді.
ҚЫТАЙДА БҰЛ БИДІ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫ БОЙ ЖАЗУ БИІНЕ АЙНАЛДЫРДЫ
– Арыстан қажы, «Қара жорға» биі сізге несімен ыстық?
– Әкем Шәдет Зуқақажыұлы биші болған адам. Мені 7 жасымнан бастап, биге үйрете бастады. Солардың ішінде «Қаражорға», «Майдажал», «Телқоңыр», «Аю би» дегендері бар. Қалғандарын ұмытып қалыппын, тек «Қара жорға» ғана менімен бірге жасасып келеді. Биыл 72-ге келдім, 65 жыл бойы «Қаражорғаны» билеп келемін.
Әрине, ел басына күн туған қиын-қыстау заманда бұл биден ажырап қала жаздаған кезіміз де болды. Жеті жасымда Қытайдың Гансу өлкесінде болған едім. Одан ауып Үндістан, Пәкістанды паналап, Түркияға жеттік. Осындай босқын болып жүргенімде, домбыра шертіп, «Қаражорға» күйін тартатын ешкім болмады. Германияда 40 жыл өмір сүрдім. Онда да «Қара жорғаны» шертетін адам табылмады. Әрине, домбыраны тыңқылдатып, белгісіз бір әуенге салатын адамдар арамызда болды. Соның өзін қанағат тұтып, «Қара жорғадай» қабылдап, билеп келдім.
– Қазақстанда «Қара жорға» қаншалықты деңгейде танымал?
– 1995 жылы Қазақстанға қоныс аудардым. Республикалық деңгейде сахнаға 1999 жылы алып шықтым. Алғаш сахнаға билеп шыққанымда, ақпарат құралдарында «бұл қазақ биі емес, моңғолдыкі» деген пікірлер де де айтылды. Моңғол да бізбен бірге көшіп-қонып жүрген халық қой. Оларда да бар. Бірақ, біздікіне мүлдем ұқсамайды. Бұл жалпыхалықтық биге айналуы керек. Ежелгі, қазақ биі ғой. Тек шекаралар белгіленіп, қазақтардың арасы бөлініп қалғаннан кейін, басқа шетелдің қазағының еншісінде қалып кетті.
– «Қара жорғаның» шығу тарихы туралы не айтасыз?
– «Қара жорға» Шыңжаңның Алтай өлкесінде шоғырлана қоныстанған қазақтың Керей руының биі. Бұның шығу тегіне келер болсақ, «Бақсы биі» көрінеді. Менің Түркияда тұратын Салихан деген жеңгем бар. Жасы 80-ге кеп қалды. Ол кісі 18 жасынан бері бақсы болып келеді. Әкемнің ағасы да бақсы еді. Бұл кісілердің бақсы ойынын өз көзіммен көрдім. Сонда ол кісілердің жын шақыратын күйі де, биі де «Қара жорға» еді. Басқа биге бақсылығы ұстамайтын. Бұл бидің үш түрлі аты бар: «Қара жорға», «Бақсы биі» және «Буын биі».
Биыл Қытайдың Шыңжаң өлкесінің Шіңгіл ауданында өткен 10300 адам қатысқан бұл би бүгінде Гиннес кітабына жазылды. Ал, Қытай көлемінде бұл би екі жылдан бері мектеп оқушыларының дене шынықтыру биіне айналып келеді. Таңғы және түскі үзілісте Қытайда бүкіл бала осы биді билейтін болды.
Өйткені, бұл биді билегенде адамның он екі мүшесіндегі бүкіл сүйек қимылдайды. Бидің қасиеті де осында. Қытайлар осыны түсінген болуы керек, балаларды шынықтыру үшін осы биге көшіп кетті.
– Қазір «Қара жорға» күй емес, әнге айналып кетті ғой. Арнайы дайындалған әнге билейтін болдық.
– Бұл соңғы жылдары пайда болды. Шығарушыларын білмеймін. Бірақ, ол «Қара жорға» күйі емес, «Сал күрең» күйіне шығарылды. Бүгінгі «Қара жорға» «Сал күреңнің» әуенімен биленетін болды. «Қара жорға» тек домбырамен ғана орындалуы керек. «Қара жорға» баяу биленеді, ал «Сал күрең» қарқынды қимылға көшіп кетті.
– Өзіңіз 40 жыл бойы тұрған Берлиндегі қазақтар «Қара жорғаны» ұмыта қоймаған шығар?
– Берлинде 35 қазақ отбасы бар. Онда тұрғанымда, немістердің жаңа жыл кештеріне жиі шақырылатынмын. Арнайы дискотекаларда қазақша киініп, «Қара жорғаны» билегенімде немістердің аузы ашылып қалатын. Қатты таңырқайтын. «Бұл неғылған би?» деп сұрайтын. Мен қазақтың ұлттық биі десем, «Қазақ деген кім?» деп таңырқайтын. Соңғы кезде олар маған арнайы тапсырыс беретін болды. Бүгінде Германиядағы қазақтардың үйінде қазақ күйлерінің дискісі жетеді. Олар да әрбір тойда билейді екен.
«ҚАРА ЖОРҒА» ҰЛТТЫҚ БРЕНДІМІЗГЕ АЙНАЛУЫ КЕРЕК
Арыстан қажы Шәдетұлы бұл биді өзі ғана билеп қоймай, балалары Қажымұқан мен Айтжанды да «Қара жорға» биінің қыр-сырына баулып жүр. 14 жастағы Қажымұқан бұл бидің ерекше рух сыйлайтындығын айтады:
– Мен бұл биді 10-11 жасымнан бастап билей бастадым. Оны әкем үйретті. Қазір қарындасым Айтжан екуміз дуэт болып билейміз. Бұл би денсаулыққа пайдалы және іштей рух беретін өзгеше қасиеті бар.
2-3 жылдай болды, «Қаражорғаны» Қазақстанда да тани бастады. Бізді қазір концерттерге жиі шақыратын болды. Жақында Қазақстанда тұңғыш рет өткен «Ережесіз белдесу» сайысында «Қара жорға» биі биленді. Бұл би біздің ұлттық ерекшелігімізді айқындайтын би. Алда 2011 жылы Алматы мен Астанада қысқы Азия олимпиада ойындары өтпекші. Осы олимпиада ойындары «Қара жорғамен» ашылса, өзіміздің ерекшелігімізді айқындар едік.
– Әңгімеңізге рақмет!