Қырғызстанның Ош қаласында маусымның 11-іне қараған түні екі топқа бөлінген жастар бір-бірімен қақтығысып қалды. Хабарларға қарағанда, жүздеген кісі қатысқан жаппай төбелесте қару қолданылған.
Елдің денсаулық сақтау министрлігі баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, қақтығыс салдарынан 14 адам қаза болған. Сондай-ақ, ондаған адамға амбулаториялық көмек көрсетілген, олардың 49-ының жағдайы ауыр деп хабарланып отыр.
Елде соңғы екі айдың ішінде екінші мәрте төтенше жағдай жарияланды. Уақытша үкімет түнгі сағат екіде төтенше кеңеске жиналып, осындай шешім шығаруға мәжбүр болған.
Төтенше жағдай Ош және Үзген қалаларында жарияланды, бұған қоса Ош облысына қарасты Қарасу және Араван аудандарында 20 маусымға дейін коменданттық сағат тәртібі енгізілді. Бұл аймақтардаға комендант қызметін ІІМ басшысының орынбасары Бақтыбек Алымбеков атқарады.
Уақытша үкіметтің хабарлауынша, қорғаныс министрі қызметін уақытша атқарушы Исмаил Исақов, мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік қызметі төрағасының орынбасары Көлбай Мұсаев, бұлармен қоса Уақытша үкімет төрағасының орынбасарлары Өмірбек Текебаев пен Әзімбек Бекназаров елдің оңтүстігіне аттанған.
Ош қаласына ішкі әскер күштері мен әскери техника енгізілді. Хабарларға қарағанда, қарулы жастар Ош көшелерінен тарқаған жоқ. Олар Ош қаласындағы ішкі істер басқармасының ғимаратын, сондай-ақ шекарашылар бөлімін басып алуға талпынған. Шабуылдаушылар мемлекеттік қызметкерлерден қаруларын беруді талап еткен.
Қырғызстан президенті қызметін уақытша атқарушы Роза Отунбаева Ош қаласындағы жаппай тәртіпсіздікке «тұрмыстық деңгейдегі бірқатар жекелеген жанжалдар түрткі болды» деп есептейді. Отунбаева жұма күні телеарна арқылы елдің оңтүстігіндегі жағдайға байланысты халыққа үндеу жариялады. Ол осы тәртіпсіздікті ұйымдастырушылар қатаң жазаланады деп ескертіп, халықты сабырға шақырған.
Қырғызстандағы жаңа билік сәуірдегі халық ереуілдерінен кейін елдегі жағдайды тыныштандыруға күш салып келеді. Сәуірдегі төңкеріс кезінде 86 адам қаза болды.