Қазақстан билік пен оның қарсыластары арасындағы саяси жарысқа қандай да бір нақты ереже белгілеуде Украинадан бірнеше қадамға кейін қалып келеді. Бүгіндері қазақстандық оппозицияның ұшырап отырған оқиғалары Украина үшін өткен жылдардың қойнауында қалған күндер. Оның үстіне бүгінгі Украинада ондай оқиғаларға мүлдем орын жоқ десе де болады.
«Азат» оппозициялық партиясы 21 және 28 ақпанда елде наразылық жиындар тізбегін өткізуді жоспарлаған болатын. Бұл жоспары туралы партия он күннен де ертерек жария мәлімдеме жасады. Мұндай жариялылыққа билік қалай жауап берді дейсіз ғой? Жер-жерде жоспарланған шерулерге тыйым салды. Билік оған барынша жанжалсыз сылтау ойлап тапқан — мұны озбырлыққа жатқызу өте қиын. Оппозицияға шектеу қоюға себеп болу үшін тура сол “Азат” партиясы бұқаралық шара өткізуді жоспарлаған жерлерде көпшілік спорт жарыстары мен түрлі әскери-патриоттық іс-шаралар кенеттен ұйымдастырылды.
Мұндай бұлтарыс пен қулық-сұмдық бүгіндері Украинада ойға да келмейді. Басты оппозиционерлер — Аймақ партияларына Виктор Ющенко немесе Юлия Тимошенко тарапынан осы тектес бірдеңе жасалынып көрсін, іс билеушілердің билікпен қоштасуымен аяқталар еді. Әуелі, Украинадағы өкілдігі 4-5 пайыздан аспайтын Коммунистік партияға қарсы да бірдеңе ұйымдастыруға биліктің дәті жетпейді, оның себебі қарапайым ғана — билік Конституцияны бұзды деген айыптаудан сақтанады.
Президент Нұрсұлтан Назарбаев пен оның барлық көмекшілеріне қанша жерден таңғажайып көрінсе де мұндай айыптауды бүгіндері Украинада сот қасқайтып тұрып растай алады.
Бұл сияқты соттық қуғындаудан Қазақстандағы билік жүйесі мықты қорғалған, сондықтан да оппозиция бастамаларын басшылықтың қалай қабылдайтынын болжау қиын. Мұны үкіметке қарсы жиындар өткізуге салынған тыйымның сипатына қарай байқауға болады. Көбіне бұл “әдейі істейін десең ойыңа келмейтін” көз байлаушылық түрінде кездеседі. Мәселен, Павлодарда жергілікті басшылық “жасампаздары” аязды күні волейбол, баскетбол және пауэрлифтингтен жарыс өткізген. Қарағандыда «Азат» партиясына жиын өткізуге тыйым салған ресми қағазында ойлап тапқан себебі расында да ғажап: «өкілеттіліктің жоқтығына» байланысты рұқсат беруден бас тартылған.
Президент Леонид Кучманың билігі кезінде украиндық билеушілердің оппозицияға озбыр санкция қолдану оқиғасы соңғы рет 6 жыл бұрын орын алған. 2003 жылы оппозициялық партия «Наша Украина» өз сиезін Донецкте өткізуді ұйғарды. Партия басшылығындағы Виктор Ющенко мен оның жақтастарына тіпті Донецкідегі әуежайға қондырмауға әрекеттену секілді нақты кедергілер қойылды. Алдын ала жалға алынған залдың барлық есігі құлыпталды. Виктор Ющенко қарсыластарының тірегі саналатын Донецк көшелерінде «Наша Украина» партиясының жетекшісі нацистік киімде бейнеленіп, соған сәйкес сөздер жазылған, құрастырылмалы фотосуреттері ілінді. Бір сөзбен айтқанда сиезді болдырмай тастады.
Леонид Кучма мен Виктор Януковичке бұл жағдай жақсы әсер еткен жоқ. Оппозиция әрқашан биліктің мұндай әдейі арандатуын өз пайдасына айқын жарата білетін. Сондай-ақ, украин оппозициясы биліктің демонстрация өткізуге тыйым сала беретінін ескеріп, қарсылықты саналы түрде өршітетін. Әрбір тыйым салудың арты украин жұртшылығының алдында биліктің беделін түсіре береді.
Қазақстандық билік ұстанымдарының қаталдығы кейде мықтылық пен тұрақсызданудан қашу секілді болып бағаланатыны бар. Кейбір сараптамалық шолулардың астарынан биліктің оппозицияға қатысты бұндай әрекеттері Орталық Азияның аймақтық ерекшеліктеріне сай табиғи заңдылық деген секілді ойлар сезіледі. Яки, азиялық халықтар күшті де қатал билеушілердің тәртібін түсінуге және қабылдауға бейілірек. Осы арқылы қоғам жұртшылығы өз бойында билікке дәл осындай құрмет түрін қалыптастырмақ.
Бұл көзқарастың шынайы тарихпен еш байланысы жоқ. Әсіресе, Украинаның тарихымен салыстырар болсақ. Тіпті, Мәскеуге тәуелді емес кезеңдердің өзінде, 17 ғасырда гетмандар билеген тұста да, елдегі тәртіп халық үшін аса жайлы емес болатын. Адамдар өткір қылыш пен дойыр қамшының алдында тізе бүгетін. Ел үнемі соғыстан көз ашқан емес, халық бірде өз дойыр билеушілерінен зардап шексе, бірде кезекті басқыншылардан қорлық көрді.
Ал 20 ғасыр украиндар үшін нағыз тозақтың өзі болды. Киевтегі коммунистік нәмеңгерлер кәнігі жауыздар, тіпті нағыз қанішерлер болды. Қазақстандағы советтік «боранның» билеушілері украиндік әріптестерімен салыстырғанда әлдеқайда мейірімдірек еді. Айтпақшы, КСРО-ның еуропалық бөлігінен көптеген адамдар чекистерден бас сауғалау үшін Қазақстанға қашатын.
Жергілікті жерлердегі украиндық басшылар өз күштерімен Украинаға арналған сталиндік жауыз жазаларды жүзеге асырған жоқ па?
Мәселен, 1932-1933 жылдардағы аштық. Коммунистік тәртіптің украиндық жандайшаптары 1960-1970 жылдары не істеп еді? Диссиденттерді бұлайша қатаң жазалау Қазақстанды қоса айтқанда, ешбір советтік республикада болған емес. Сондықтан, жиі сөз болатын азиялық билеушілердің дәстүрлі қатыгездігі - дақпыртқұмар тарихшылардың ойлап тапқан аңызы.
Шындығында украин билігі өзінің соқыр ақкөздігінен ажырап, жалғансайлаушылықтан арылып, қарсыластарымен қарым-қатынаста еуропалық өлшемдерге жақындау үшін зор ауқымдағы ішкі жұмысты реттеуге тиіс болатын.
«Азат» партиясының бүкіл ел ішінде жиындар өткізе алмай қалғанынан кейін, екі күннен соң Украинада қарсылықтар толқыны бой көрсетті. Киевтегі Крещатик орталық көшесінде бірнеше демонстрация болып өтті. Коммунистер «Ющенко. Чемодан. Америка» деген ұранды көтеріп, президент Виктор Ющенконың АҚШ-қа біржола кетуіне билет алатын ақша жинап, екі мың жан қарсылық көрсетті. Ақша жиналғасын, мыңдаған адам президент әкімшілігіне осы ақшаны беру үшін жол тартты.
Сол аралықта, Тәуелсіздік алаңында «Бәрі жойылсын!» деген ұран астында тағы бір демонстрация өтті. Олардан он метрдей қашықтықта тағы бір қарсылық көрсетушілер топтасты. Олар кіші және орта бизнестің салығын азайтуды талап етіп, шатырлардан қосын құрып алды.
Демонстрациялар елдің басқа да қалаларында өтті. Биліктегілер бұған прагматизм тұрғысынан қарады. Өйткені елдің және қалалардың тура сол жерлерінде олардың өздерінің де бұл сияқты наразылықтарға қатысқаны кеше ғана еді.
Оппозиция Украина саяси өмірінің ажырамас бөлігіне айналды. Бәлкім, саяси қарсыласпен байланысқа түсудің келесі, әлдеқайда биік үлгісі — бір-біріне деген сыйластыққа әлі ішкі мәдениет жетіспей жатқан шығар. Мәселен, королдік Ұлыбританияда бөтен пайымға деген сыйластық өзіндік үрдіске айналған. Бүгіндері Батыста сәнге айналған саяси әдеп осы үрдістен бастау алды. Бұл нәрсе тіпті қолайсыз уақытта да билікке әсемдік береді.
Демек, Қазақстан да оппозицияға деген антидиалогты түбегейлі қайта қараудан жалтара алмас. Осы антидиалог уақыттан тыс өз адамдарына қарсы жиі-жиі ызбарлы, антипатриоттық қалып танытып отырады. Бірақ бұны да қоғам ерте бастан-ақ дәуірі өткен, тартымы мен сәні жоқ ескі дүние қатарына ысыруы мүмкін. Өйткені жақсылыққа бетбұрыстар көп жасалды емес пе?! Бұл үрдісті тоқтайды деп есептеуге айтарлықтай негіз жоқ.
(Журналист Александр Народецкий бұл мақалада өз көзқарасы мен тұжырымын білдірген. Ол Азаттық радиосы редакциясының ұстанымына сәйкес келмеуі де мүмкін).