Маусымның 4-і күні Анатолий Смолиннің төрағалығымен өткен Жоғарғы соттың қадағалау алқасы Шолпан Хасенованың азаматтық іс бойынша шағымына қатысты Алматы қалалық сотының шешімін қайта қарау жөніндегі берген шағымын қанағаттандырды. Сөйтіп, Жоғарғы соттың қадағалау алқасы «Нұрбанкке» қарсы істі қайта қарайтын болды.
Шолпан Хасенованың адвокаты Елена Ребенчук Жоғарғы соттың бұл шешімі енді осы істің әділ шешілетіндігіне деген үмітті арттырды деді Азаттық тілшісіне.
– Шолпан Хасенованың жұбайы қалдырып кеткен банктегі ақшаны толықтай өндіріп алуға құқығы бар. Біз бір жыл бойы күресіп келдік. Енді Жоғарғы сот әділетті шешім шығарады деген үміттемін, – деді адвокат.
Оның айтуынша, 2007 жылдың басында «Нұрбанктың» бұрынғы қызметкерлері Жолдас Темірәлиев пен Айбар Хасеновті банктың ғимаратынан ұрлап әкеткен кезде, «Нұрбанктегі» Айбар Хасеновке тиесілі ұяшық бұзып ашылып, одан 200 мың еуро және бірқатар құжаттар алынған екен.
Араға бір жыл салып, Айбар Хасеновтің әйелі Шолпан Хасенова «Нұрбанктен» жоғарыдағы ақшаны қайтарып алып, материалдық және моральдық шығын өндіріп алу үшін сотқа арызданды. Алайда, Алматы қалалық сотының үш сатысы өз шешімдерімен ол шағымды қанағаттандырмай тастады.
– Алматы қалалық соты ұрланған ақшаны Рахат Әлиевтен талап етіңдер дейді. Егер біз Австрия сотына шағымдансақ, халықаралық қауымдастық күлмей ме? Барлық заңдарда көрсетілгендей, шығынды банк өтеуі керек, – дейді «Тағдыр» қоғамдық қорының төрайымы Армангүл Қапашева.
Шолпан Хасенова былтыр, «Нұрбанктың» бұрынғы топ-менеджерлерін ұрлады деген айыппен Австриядағы Қазақстанның бұрынғы елшісі, президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бұрынғы күйеу баласы Рахат Әлиевтің үстінен қылмыстық іс қозғалып, сот жүріп жатқан кезде, «Нұрбанктың» өкілдері өзіне барлық шығынды қайтаруға уәде беріп, тек үндемей қоя тұруын өтінгенін айтады.
«Алайда, шу сейілгеннен кейін, енді олар қаржының тек үштен бірін ғана қайтарамыз деп отыр», – дейді Шолпан Хасенова.
– Себебі, Жолдас пен Айбар келеді. Сосын олар бәрін өз орнына қояды, – деді Армангүл Қапашева Азаттық радиосына.
2007 жылдың қаңтар айының аяғында «Нұрбанктың» бұрынғы қызметкерлері Жолдас Темірәлиев пен Айбар Хасенов ұшты-күйлі жоғалғаннан бері олардың өлі-тірісі күні бүгінге дейін белгісіз.
Қазақстан соты оларды ұрлаған қылмыстық топты Рахат Әлиев ұйымдастырып басқарған деп тауып, 2008 жылғы қаңтарда оны 20 жылға бас бостандығынан айыруға сырттай үкім шығарды.
Рахат Әлиев болса, биылғы маусымның 2-і күні Азаттықтың сайтында өткізілген онлайн-конференцияда, «Нұрбанкте» Айбар Хасеновтің ешқандай ұяшығы болған емес деді.
Cондай-ақ ол жоғалған екі адамның қайда екендігін ҰҚҚ-нің қазіргі төрағасы Амангелді Шабдарбаевтан сұрау керек деген сөзін тағы қайталады. Жолдас Темірәлиевті ҰҚК-нің «Арыстан» арнайы тобының базасында жасырып ұстап отырғаны жайында жанама ақпараттар бар дейді Рахат Әлиев.
Ал жоғалған екі адамға қатысты қылмыстық істі жүргізген Қазақстан ішкі істер министрлігінің ерекше істер жөніндегі тергеушісі полковник Гаши Машанло, биылғы наурыз айында Азаттық радиосына берген сұхбатында, Жолдас Темірәлиев пен Айбар Хасенов ендігі тірі болмауы ықтимал деген еді.

Армангүл Қапашева, «Нұрбанктың» жоғалып кеткен топ-менеджері Жолдас Темірәлиевтің зайыбы. Астана, 4 маусым 2009 ж.
Ал Армангүл Қапашева болса, әзірге жеке басы «Нұрбанктен» моральдық та, материалдық та шығын өтемін талап етпейтінін айтады.– Себебі, Жолдас пен Айбар келеді. Сосын олар бәрін өз орнына қояды, – деді Армангүл Қапашева Азаттық радиосына.