Тәуелсіз журналист Ермұрат Бапи бұл жолғы форум Қазақстандағы оппозициялық партиялардың бірігу мәселесі жөніндегі ой-пікір алаңы ғана екенін, одан нақты бір шешім күтуге болмайтынын айтады.
- Әлдебір қарар қабылдануы мүмкін. Ал сол қарар алдағы жұмыстарға, партиялардың бірігуі жөніндегі құрылтай съездеріне, басқа да ұйымдастыру жұмыстарына ұйытқы болуы тиіс деп есептеймін. Елдегі саяси күштер екі полюске бөлінген жағдайда «Нұр Отан» мен әкімшілік күштерді бір полюс деп есептесек, екінші жағы - протесттік электорат. Оған тек қана оппозициялық партияларды ғана жатқызуға болмайды. Оған көптеген үкіметтік емес ұйымдар, қозғалыстар, бірлестіктер кіреді. Ең бастысы, елдегі қалыптасқан жағдайға наразы жұрттың оны өзгертуге деген ықыласы бар. Осы ықыласты күштерді оппозициялық партиялар біріктіре білсе, онда елде үлкен екінші полюс болады, - дейді Бапи.
Елдегі саяси партиялардың арасында өзара ауызбірліктің жоқ екенін сынаған Қазақстан президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының сарапшысы Антон Морозов былай дейді:
- Оппозициялық партиялардың бірігуі екіталай. Себебі, олар осыған дейін де бірнеше мәрте бірікпек болып, бұл ұмтылыстары сәтсіз аяқталды. Тактикалық блоктар болды. Бірақ, олардың жобалары қысқа мерзімдік болып шықты. Әрине, қандай да бір жоспарлар қабылдануы мүмкін. Бірақ, мен мұны шынайы болатын нәрсе деп айта алмаймын.
Саясаттанушы Берік Әбдіғалиев оппозициялық ұйымдардың бірігу мәселесі оларды басқаратын жетекшілерге тікелей қатысты екендігін айтады:
- Мәселе партиялардың бірігуінде емес, мәселе партия басшыларының біріге алмауында. Олардың бас қоса алмай жатқанының себебі - тұлғалардың жеке саяси жоспарларына байланысты. Ең бастысы - осы партиялардың басшылары өзара келісе алса, өздерінің саяси мақсаттарын шектеп, ортақ жоспар қабылдай алса, онда бірігеді. Партиялық пікірталас немесе партиялар біріге алмайды деген деңгейден біз өтіп кеттік. Тұлғалық деңгейге тіреліп қалды. «Нұр Отан» партиясына ертең бәсеке болу үшін олар бірігуі керек. Біріккен кезде ғана оппозиция бола алады. Болашақтағы саяси күреске бұлар саяси дайындықпен келулері керек.
Саясаттанушы Айдос Сарым болса, оппозициялық партиялардың арасында бірігу мәселесі тығырыққа тірелгендіктен ол идеяның жүзеге асуы мүмкін емес деген пікірде.
- Азаматтық ұйым құрып, майдан ретінде ұйымдастыру, оппозицияның бірігуі деген сияқты әңгімелер бұл күнде орындалмайтын нәрсе. Серікболсын Әбділдин өзінің әріптестерін, қазақша айтқанда, «лақтырып кетіп», Әблязовты қолдайтын тіркелмеген «Алға» партиясымен серіктес болам деп айтып отыр. Осындай ырың-дырыңдардан оларға ашық хат жолдаған Әкежан Қажыгелдин хабарсыз болар. Бір жағынан бұл процестің жүріп жатқаны да дұрыс. Бірақ, бүгінгі күні өз басымдағы түсінігім, саясатқа: оппозициясы болсын, билігі болсын, жаңа буын, жаңа толқын келмей, аса бір өзгеріс күту қажеті жоқ, - дейді А.Сарым.
- Бұл жердегі бір ғана мәселе оппозициялық партиялардың ішіндегі бір-бірімен тіл табыса алмау, әрқайсысының «бас-басына би болуы» сияқты жағдайлар соңғы 7-8 жыл ішінде демократиялық күштерді біріктіруге кедергі болып келе жатыр. Кейінгі "Қазақстан демократиялық таңдауы", "Ақжол" толқынымен келген оппозициялық күштердің әрқайсысы «мұзжарғыш» кеме сияқты келіп, аяғында қайраңда қалған қайық сияқты күй кешкенін қазір көріп отырмыз. Енді қазір сол мұзжарғыш кеме болу үшін елдегі қарсы пікірдегі күштер үлкен бір полюстің астына жиналуы керек, - дейді Ермұрат Бапи.
Қазақстан демократиялық оппозициясының республикалық форумы сенбі, сәуірдің 11-і күні таңертеңгі сағат 10.00-да Алматыдағы Қарасай батыр мен Әйтиев көшелерінің қиылысындағы "Кардинал" кешенінде басталады.