«Жоғары оқу орнының ең үздік оқытушысы» республикалық байқауына Қазақстандағы жоғары оқу орындарынан 900-ге жуық оқытушы қатысты. Олардың барлығы да ғылым жолында айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізген білікті ұстаздар.
Дегенмен, оралдық әдебиеттанушы ғалым Николай Щербанов сарапшылар комиссиясының берген бағасы бойынша үздік оқытушы болып танылды
Николай Щербановтың сөзінше, ол бұл сынға тыңғылықты дайындалыпты. Бұл ретте алдымен өзінің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жинақтап, өзінің ұстаздық еткен жылдарын қорытындылауы керек болатын.
– Әлбетте, бұл жеңіс мен үшін аса қиын болды. Менің әріптестерім де қарсылас ретінде өзінің білімі мен біліктіліктерін көрсете білді. Бірақ, сарапшылар комиссиясының таңдауы маған түсті. Мен өзімнің бұл марапатқа лайық деп танылғаныма шексіз алғысымды білдіремін, – дейді Николай Щербанов.
Ұстазға берілген гранттың мөлшері екі жарым миллион теңге. Бұл ақшаға ғалым докторлық диссертацияны қорғап, Орал өңіріндегі орыс әдебиетінің даму жолы туралы еңбек жазып шығармақшы.
Николай Щербановтің сөзінше, орыс әдебиетінің тарихы Орал өңірімен тығыз байланыста. Орыс халқының талай ұлы жазушылары мен ақындары осы өңірге келіп, ат басын арнайы бұрған кездері де болған. Бұл ретте А.Пушкин, Лев Толстой, Михаил Шолохов секілді қаламгерлерді мысалға көптеп келтіруге болады. Кейін олардың шығармаларына осы өңір тарихына арқау болған талай тартымды туындылар өмірге келді.
Бүгінде оралдық ғалымды Жайық өзенінің экологиялық проблемасы да толғантуда. Оның көптеген еңбектері осы тақырыпқа арналған. Осы өлкедегі мәдениет тарихы да Жайық мәселесімен қатар қозғалып, қатар көтеріліп, жиі айтылуы керек деп есептейді Николай Щербанов:
– Мен өзімді Жайықтың тағдырына, осы таңғажайып өзен бойын мекендеген жандардың тағдыры үшін де жауаптымын деп есептеймін. Осы өзен бойымен жасалған экспедиция жорықтарының ізімен өмірге келген өз жұмыстарымды жаза отырып, мен Жайықтың тек табиғаттың ғажайып сыйлығы ғана емес, ұлттар мен ұлыстардың ортақ отаны болған мәдени өлке екенін де аңғардым. Сондықтан, осы өңірді тұрғылықты мекен еткен адамдардың мәдениеті де экологиялық проблемамен қатар айтылуы керек.
Николай Щербановтың ғылыми жұмыстары соңғы уақытта орыс әдебиеті мен фольклорының аймақтық-тақырыптық аспектілерін кеңірек қамтуда. Зерттеу жұмыстарының нәтижелері студенттерге арналған курстарында кеңінен айтылады. Ол өз студенттерімен бірге аса бай фольклорлық-этнографиялық материалдарды жинап шықты. Осы жинақталған материалдардың нәтижесі ғылыми еңбектерге негіз де болды. Халықаралық ғылыми конференцияларда жасалған ғылыми баяндамаларға да осы мәселе арқау болғанын айта кеткен жөн.
Бүгінде Николай Щербанов 150-ден астам ғылыми еңбегін жарыққа шығарыпты. Алайда, қаржының жоқтығынан ғалым осыдан біраз уақыт бұрын жазып қойған докторлық еңбегін қорғай алмай пұшайман күйге түсіп отыр.
– Қазір менің жасым 67-де, алайда, докторлық дәрежеге қолым әлі жетер емес. Нарықтық қатынастар кезеңінде ғылыммен айналысу қымбатқа түсетін шаруа екен. Енді менің алға қойған жоспарларымды іске асыруға мол мүмкіндік туды, – дейді зерттеу грантын иеленіп, өз қуанышымен бөліскен ұстаз Николай Щербанов.