Ақпанныің 4-інен бері Қазақстандағы девальвация туралы әлемнің барлық ықпалды басылымдары жазып шықты десе болады. Азаттық радиосының баспасөзге шолуы үшін біз ұлттық валютаның, жалпы экономиканың перспективалары туралы әңгіме болатын мақалаларды теріп алдық.
«Теңгенің тұрақтануына әлі біраз бар», - дейді, Asia Times онлайн-басылымындағы мақаласында канадалық сарапшы Роберт Катлер. Катлердің болжамына қарағанда, Қазақстан «ағымдағы төлем балансының жағдайы одан әрі нашарлай бергендіктен, өткен аптадағы 18% девальвациядан соң, өз валютасын одан әрі әлсіретуге мәжбүр болуы» мүмкін.
Сарапшы орталық банктің алтын-валюта қорының төмендегенін, несиелер бойынша тәуекелдің өсуін, содан соң, девальвациядан соң да теңге бағамының Ресей рубліне қатысты өткен жылғы маусым айындағы деңгеймен салыстырғанда 17% жоғары тұрғанын атап өткен.
«Мұнай мен газдың арқасында, Қазақстанның жылдық экономикалық өсімі өткен он жылдың көбінде орта есеппен 10% болды. Өткен жылы ол 3,1% дейін түскен. 2009 жылы 1 - 2%-ға дейін түсуі мүмкін. Сыртқы несиеге тәуелді банктер девальвациядан соң есін жинай алмаса, Халықаралық валюта қорының жәрдеміне үкіметтің амалсыз жүгінуі мүмкін екендігін шетелдік шолушылар жоққа шығармайды», - делінген мақалада.
«Үкіметтің бар күшін салғанына қарамастан, бұл девальвацияның соңы болмауы мүмкін. Өйткені, елдің тәуелсіз рейтингі қысымның астында қалуда», - деп атап көрсетеді автор. Ол валюта нарығында қысқа мерзімді тұрақтану болатындығын, алайда, төлем балансының одан әрі нашарлауы теңге бағамына сөзсіз әсер ететіндігін айтады.
Standard & Poors рейтинг агенттігі Қазақстанның ағымдағы есепшоттар бойынша төлем балансы 2008 жылғы ІЖӨ-ге 7,1% белсенді сальдодан, биыл 2,1% тапшылыққа дейін төмендейді деп болжайды.
Мұндай жағдайда теңге бағамына қысым күшейіп, үкіметке теңгені одан әрі девальвациялағаннан басқа амал қалмайды. Ақыр соңында өкімет теңгенің «айнымалы бағамына» көшуі мүмкін. Жақында ғана Ресей осылай істеп, валюта бағамының өзгеруіне барынша кең дәліз беріп, орталық банктің интервенциясына азырақ жол беретін болды. Мықты теңгеге қайта келу мәселесіне келсек, Катлердің пікірінше, «шикізат бағасы көтерілмейінше, бұл мүмкін емес».
Австрияның Wirtschaftsblatt іскер порталы UniCredit Group-ке қарасты Қазақстандағы АТФ банктің бас экономисі Ханс Хольцхакерге сөз беріпті.
«Қазақстан басқа елдер сияқты қиындықтарды бастан өткеруде, – дейді ол. – Алайда, кейбір артықшылықтардың арқасында ол жеңілдікті сезінуі мүмкін». Бұған соңғы жылдары шикізатты сатудан түскен валюталық қорлар септесуі ықтимал.
Солай бола тұра, Хольцхакер «Самұрық-Қазына» қорының тиімділігіне күмән келтіреді. Бұл қорға дағдарысқа қарсы бағдарламаны жүзеге асыруда шешуші роль берілген. Айналымы ІЖӨ-нің 40% құрайтын кәсіпорындар осы қордың бақылауында. «Мұндай ірі ұйымдар қаншалықты дұрыс жұмыс істеп, қаржыны тиімді бөлетіндігі күмәнді», - дейді Хольцхакер.
Бірақ, ол базар жанданып, бірінші кезекте қуат көздері мен металға сұраныс артқан жағдайда, ұлттық экономиканың оңалатындығын айтады. Мақаланың тақырыбы да: «Қазақстан – энергетикалық пайдалы қазбалар: мұнай, газ және көмірдің отаны. Әлемге белгілі барлық металдар Қазақстанда бар» деп аталуы кездейсоқ емес.
Британдық Telegraph газеті девальвация Қазақстан банктерінің орнықтылығы туралы жаңа мәселе қойып отырғандығын айтады. Банктер сыртқы қарызының жартысына жуығын қайтаруы керек. Бұл 40 миллиард доллар шамасында. Девальвация бұл жүкті ауырлата түсуде. Morgan Stanley өкілі Оливер Уикстің айтуынша, Қазақстанның әрекеті «салдары бұдан ары қарайғы девальвацияға алып келетін, аймақтағы девальвациялық толқынды ширатуда».
Экономистердің айтуынша, әлемнің көптеген аймақтарында ұлттық валютаның бағамын түсіруден жарыс басталып кеткендей. Бірнеше ондаған ел осы әрекет арқылы өз экономикасының бәсекеге қабілеттілігін қолдауға тырысуда. Алайда, егер бақылауда ұстамаса, валютаның құнсыздануы еш нәтиже бермейді. Постсоветтік кеңістікте Украина, Ресей және Беларусь девальвация жасады. Қазақстанның соңын ала Тәжікстан мен Қырғызстанда ұлттық валютаның бағамы төмендеді.
Financial Times іскер газеті девальвациядан кейінгі күні шыққан мақалада төмендегі сарапшылардың пікірлерін келтіреді.
Немістің Commerzbank банкінің валюта жөніндегі стратегі Ульрих Лойхтманн Қазақстанның Ресейдің орталық банкі таңдаған жолға қарама-қарсы жолды таңдағанын атап өтті. «Олар теңгені үлкен бір адыммен девальвациялауды қалады. Осы арқылы валютаға қысымды азайтты. Бұл резервтердің барынша азырақ төмендеуіне әкелді. Бұл тұрғыдан алғанда өте дана шешім қабылданды», - дейді ол.
Мәскеулік Renaissance Capital компаниясының бас экономисі Катя Малофеева теңге жаңа дәлізде орталық банктің араласуынсыз-ақ тұрақтауы мүмкін деп есептейді. Алайда, әлемдік мұнай бағасына және Қазақстан банктерінің сыртқы қарыздарды қайтару мерзіміне қатысты сенімсіздік жағдайды өзгертіп жіберуі мүмкін.
Bloomberg агенттігінің хабарламасында, егер мұнай бағасы төмендей берсе, онда Қазақстан теңгені бұдан әрі девальвациялауы мүмкіндігі, ал, жергілікті банктер үкіметтен берілетін көмектің көбейтілуін сұрайтындығы айтылған. «Банк активтері сапасының нашарлай беруі капиталдың қашуы мен банк салымдарының кері қайтуының жаңа толқынын тудыруы мүмкін, - дейді UniCredit SpA компаниясының сарапшылары Юлия Бушуева мен Владимир Осаковский. - Мұнай бағасының бұдан әрі төмендеуі елдің ағымдағы есепшот бойынша төлемдік балансын құлдыратуы мүмкін».
Сонымен бірге UniCredit сарапшылары Ұлттық банк жақын уақыттарға теңгенің бағамын тұрақтандыра алады деп есептейді. Өйткені, қаржы нарығы көлемінің шағындығы теңгеге деген спекулятивтік шабуылды тиімді түрде ауыздықтауға мүмкіндік береді.