Сәрсенбі күні кешкісін үкімет мүшелерін жинап, халыққа әбігерге түсетіндей жағдай жоқ деп мәлімдеген Кәрім Мәсімов өзі валюта айырбастайтын пункттердегі жағдайды өз көзімен көру үшін оларды аралап шығуға кетті.
«Теңгенің құнсыздануы өте қажет. Үкімет Ұлттық банктің саясатын қолдайды. Экономикалық тұрғыдан да бұл өте дұрыс. Теңге енді бір долларға шаққанда 150 дің арғы бергі жағында болады. Одан әрі көтерілмейді», - деді Кәрім Мәсімов.
Осындай кезеңде қолдарын қыздырып тұратындар табылады деген ол, ең алдымен құқық қорғау мекемелеріне елдегі тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін қатаң қадағалауды тапсырды.
Күні бойы Астанада бір доллардың курсы 150-160 теңгенің көлемінде тұр. Ал бір еуро 200 теңгеге бір-ақ көтерілді. Доллар бағамының аяқ астынан шарықтап кеткеніне ең алдымен қарапайым халық дүрлікті. Себебі, Қазақстанда несие алушылардың басым бөлігіне банктер доллармен берген. Мәселен, Астана тұрғыны Әділ ертеңгісін курс бағамын көргеннен бері жұмыс істеуге де зауқым соқпай, бірден депрессияға түсіп кеттім дейді.
- Өйткені, банктен алған ипотекалық несиенің қайтарымын доллар бағамымен төлеймін. Ай сайын 500 доллар төлеп келдім. Енді ойлай беріңіз, 500 доллар дегеніміз 80 мыңға бір ақ шықты. Бұл менің бір айлық еңбекақым. Ертеңгі күнім қалай балады, бала-шағамды қалай асыраймын?, - дейді Әділ.
Ал сәрсенбі күні дәстүрлі мәжілістерін өткізетін төменгі палатаның депутаттарының біреуі де бүгін түк болмағандай ләм-мим деп тіл қатпады.
Теңгенің аяқ астынан құнсыздануын елдегі саясаткерлердің өздері күткеніміз жоқ дейді. Мысалы, «Ақ жол» партиясының төрағасы Әлихан Байменов теңге бағамының өзгеруін бірте-бірте енгізу керек еді деген ойын айтады. Оның пікірінше, Ұлттық банктің бүгінгі саясаты тек елдегі 5-6 қаржылық топтың мүддесінен шығып отыр.
- Бұл девальвациядан ұтатын кімдер? Ол – шикізатты сыртқа сатып жатқан Еуразиялық топ, Қазақмыс, ИспатКарметтің иелері. Олар Давоста жүренде президентті үгіттеген болу керек. Енді міне Ұлттық банк пен Үкімет өздерінің іс қимылдарынан аз ғана қаржылық топты қорғайтындарын тағы да көрсетіп берді. Себебі, Г.Марченко мен К. Мәсімов екеуі де "Халықбанктен" шықты. Ал оның артында Тимур Құлыбаевтың тұрғаны белгілі. Құлыбаевтың өзінің мұнай экпортына қатысы бар, - дейді Байменов.
Ал теңгенің құнсыздануынан ұтылатын ең алдымен халық екендігін айтады «Ақ жол» партиясының жетекшісі.
Оның пікірінше, бұл тұтыну нарығына күрделі жағдай туғызады. «Өйткені азық түлік, тұтыну тауарларының 90 пайызын шетелден алып келеді. Енді олардың бағасы қалайша өспейді? Бұл елдегі әлеуметтік ахуалды қиындататыны сөзсіз.
Марченко өзін дәріптегенде зейнетақы реформасының әкесімін дейді. Енді зейнетақы қорында жинаған ақшамыз не болады? Несиені доллармен алғандар емес, теңгемен алғандарға да қиынға соғады. Себебі банктер келісім-шарттарында Ұлттық банктің бағамымен қабылданады деп жазған», -дейді Әлихан Бәйменов.
Экс-сенатор, экономист Уәлихан Қайсар болса, теңгенің құнсызданатынын былтыр-ақ болжаған екен. «Сондықтан мен қолымдағы жинаған ақшамды о баста долларға айырбастап қойғанмын» дейді ол.
- Қазақстанның өндірісі шетелге байланып тұр. Егер шетелде дағдарыс болса, міндетті түрде Қазақстанға келеді. Қазақстанның теңгесі болашақта рубльден да әлсіреп кетеді. Біз өзіміз өнеркәсіп саласын қолға алмайынша, теңге ешуақытта да көтерілмейді. Г. Марченко Қазақстанда валюталық дәліз жасаймыз дейді. Ол оны жасай алмайды. Себебі Қазақстанда үш жылдың ішінде сыртқы қарызы 100 млрд. доллардан асып кетті. Ол біздің үш жылдық бюджеттен де асып отыр. Мысалы, Исландияда дефолт болғаннан кейін екінші мемлекет Қазақстан болады деді. Менің бұған күмәнім жоқ. Менің ойымша, сәуірге дейін доллардың бағамы 220 теңгеге дейін көтеріледі, - дейді Уәлихан Қайсар.
Осылайша, Қазақстан билігі өзінің саяси тұрақсыздығын тағы да дәлелдеді. Себебі өткен аптада ғана девальвация 10 пайыздан аспайды, доллар бағамы жыл соңына дейін 130-дан әрі көтерілмейді деп мәлімдеме жасаған еді.
Алайда, айта кету керек бұл мәлімдемені Ұлттық банктің осыған дейінгі төрағасы Әнуар Сайденов жасаған болатын. Мұны кейбір сарапшылар қолынан іс келетін жастарға таза жұмыс істеуіне мүмкіндік бермей отырған қаржылық топтың саясаты деп түсіндіреді.