Қауырт қимылға қаладағы валюта айырбастау орталықтары мен жеке ақша саудагерлері белсене кірісті. Қаланың ортасында орналасқан «Насиха» базарындағы жеке ақша айырбастау нүктелері долларды 135-140 теңгеден сатып алып, 155-160 теңгеге, евроны 180 теңгеден алып, 200 теңгеге сата бастады.
«Жұпар -2030» валюта айырбасату пунктінің кассирі Қымбат Оразханова халық арасында қатты абыржу байқалғанын айтады.
-Біз өзіміз теңгенің құлдырағанын бүін таңертең 11-лерде есіттік. Банктегі доллар бағасының өсуін естіп, бірден бағаны өзгерттік десе, кәсіпкер жігіт Артур бұл ақша айырбастау пункттерінде дәл қазір ақшаның жоқтығын болжайды. Қазір бұл ақша айырбастау орындарынан ірі көлемде доллар сұрасаңыз ұсына алмайды. Олар доллар бағасын әдейі 160-ке көтеріп отыр деп санайды.
Артурдың сөзін тексермек болып, орталықтағы бірнеше айрбастау пункттерінен сұрағанымызда расында да доллар таппадық.
«Насиха» ірі сауда орталығындағы киім сатумен айналысатын Асылбек есімді кәсіпкер доллар бағасының шарықтауы өз кәсібіне көп қиындық тудыратынын айтты. Өйткені оның тауарлары Түркиядан жеткізіледі екен. Асылбектің айтуынша онсыз да тауардың сатылу деңгейі төмендеп барады. Егер доллар бағамы 160-тен асып кетсе не істерімді елестете алмаймын дейді ол.
Үлкен сауда орталығының ұзын залындағы кез-келген бутикетердің айналасындағы әңгіме тек доллар жөнінде болды. Көп кәсіпкерлер өздерінің теңгелерін ауыстырып үлгермегендеріне өкінуде. Бірсыпыра ақшаларынан айырылған олар енді, бутиктерінің сыртына жазып қойыған 50-30 пайыз жеңілдік деген хабарландыруларын жалма-жан алып тастауға кіріскенін көрдік.
Тағы бір валюта айырбастау орындарының бірі – «Гриф» ЖШС-індегі аты-жөнін айтқысы келмеген кассир әйел де бүгін бірнеше күн бойы сата алмай отырған валюталарын сатып бітіргенін айтты. -Ел жаппай доллар сатып алып жатыр,- деді ол. Қазір маған тек 400 доллар ғана келіп түсті
Осы жерде кездестірген автомобиль саудасы салонының қызметкері Айгүл Сәбиева да өзінің қарт шешесінің зейнетақысын түгелдей долларға айналдырғанын жасырмады.
Бірақ қаладағы барлық ірі сауда орындары мен супермаркеттер өздерінің күнделікті режимінде жұмыс істеп тұрды. Дегенмен, кейбір білетіндердің айтуынша техника сатумен айналысатын бірқатар дүкендер жабылып, әліптің артын бағып отырғанға ұқсайды. Қалай болғанда аяқ асты теңгенің құлдырауы қарапайым халыққа оңай тимеді.
Көкөністер сатумен айналысатын Әлия деген сатушының ойынша бұған Қазақстан билігі кінәлі.