Accessibility links

Қарағанды облысындағы бес мешіт өз тәуелсіздігі үшін күресіп жатыр


Астанадағы «Нұр-Астана» мешіті.
Астанадағы «Нұр-Астана» мешіті.

Бірнеше жылдан бері Қарағанды облысындағы тәуелсіз бес мешітті Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының құрамына кіруге мәжбүрлеп жүрген билік бұл мақсатқа жету үшін сан түрлі әдіс қолданып келеді.


БЕС МЕШІТ

Қазіргі уақытта Қарағанды облысындағы бес мұсылман қауымдастығы мен олардың діни дипломдары бар имамдары жергілікті әкімдіктер мен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) аймақтық бөлімдерінен қысым көріп отыр деп жазады Ослода орналасқан халықаралық «Форум-18» құқық қорғау ұйымы.

Қауымдастықтың бесеуі де заңды түрде тіркелген. Оның екеуі Абай ауданында, үшеуі Қарағанды қаласында. Бұлар - Абай қалалық мешіті
Мешіттер тәуелсіз бола алмайды, – дейді шенеунік, – мешіттердің барлығы да ҚМДБ құрамында болуы керек.
және Абай ауданындағы «Топар» мешіті, сондай-ақ Қарағандыдағы «Хазіреті Әлі», «Ақыт қажы», «Таутан молда» мешіттері.

Қазақстан Мәдениет министрлігі жанындағы діни істер жөніндегі комитет өкілі «Форум-18» ұйымына Қазақстанда соңғы жылдары тәуелсіз мешіттердің саны 90-нан 12-ге дейін қысқарғанын хабарлады. «Мешіттер тәуелсіз бола алмайды, – дейді шенеунік, – мешіттердің барлығы да ҚМДБ құрамында болуы керек». Ал ҚМДБ өкілдері тәуелсіз мешіттерде террористер дайындалуы мүмкін деп мәлімдеді.

«ҚМДБ-ға бағындыру мақсатында Қарағандыдағы тәуелсіз мешіттерге жасалып жатқан қысым өзге мешіттерге де қатысты кең ауқымды науқанның бір бөлігі ғана сияқты» деп жазады «Форум-18» ұйымы.

Қазақстан билігі тәуелсіз мұсылмандарға бұрын да қырын қарайтын. 2008 жылы Шымкентте өткен жабық сотта 14 тәуелсіз мұсылман 14 жылдан 19 жылға дейінгі ұзақ мерзімге сотталған болатын.

Белгілі құқық қорғаушы Евгений Жовтис «Форум-18» ұйымына мұны ҚМДБ-дан тәуелсіз болуды қалайтын және діни сенімі бойынша осы билікшіл органның ұстанымынан ерекшеленетін өзге мұсылмандарды қорқытып-үркіту үшін әдейі жасалған сот процесі деген еді.


СОҢҒЫ ЕСКЕРТУ

Қыркүйектің 17-сі күні Қарағанды әкімдігі бес тәуелсіз мұсылман қауымдастығының төрт имамына соңғы рет ескерту беру үшін шақырды. Кейбір имамдардың сөзіне қарағанда, жергілікті шенеуніктер осы жиналыста тәуелсіз мешіттер ҚМДБ құрамына қосылуға міндетті деп мәлімдеген.

Бұл төрт имам - Абай қаласы мешітінің имамы Нұрмұхамед Ахмедьянов, Абай ауданындағы «Топар» мешітінің имамы Мейрам Ыбырай, Қарағандыдағы «Хазірет Әлі» мешітінің имамы Берік Жағыпар және сол қаладағы «Ақыт қажы» мешітінің имамы Жанарбек Мамбар. Осындай қысымға түскендердің тағы бірі – «Таутан молда» мешітінің имамы Иноятжан Исмаилов бұл жиналысқа қатыспаған.

Имамдар «Форум-18» ұйымына өздерімен облыс әкімінің орынбасары Арман Қырықбаевтың кездескенін, сондай-ақ кездесуге дін істері жөніндегі комитет пен ҚМДБ өкілдері қатысқанын айтты. Имам Нұрмұхамед Ахмедьяновтың сөзіне қарағанда, жергілікті әкімдік оларды ҚМДБ құрамына қосылудан бас тартып отырған соң шақырған.

«Жергілікті органдар екі жылдан бері бізге қарсы әрекет етіп келеді. Бізбен әртүрлі шенеуніктер кездесті, тіпті үстімізден қылмыстық іс те қозғады», – дейді имам Нұрмұхамед Ахмедьянов.

Оның сөзіне қарағанда, қыркүйектіің 17-сі күнгі кездесуде шенеуніктер тәуелсіз мешіттердің имамдарына «егер ҚМДБ құрамына
Мұсылмандар діни басқармасының өкілі осы жиналыста маған «нашар адамсың» деді. Шенеуніктер бізге ойлануға екі күн мұрсат берді.
қосылсаңыздар, барлық мәселелеріңізді шешуге көмектесеміз» деген. «Өз сөздерінің әсері болмағанын аңғарған әкім орынбасары Арман Қырықбаев пен өзге де шенеуніктер мұның соңы жақсылыққа апармайтынын ескертіп, ҚМДБ құрамына қосылуды талап еткен» деп жазады «Форум-18».

«Мұсылмандар діни басқармасының өкілі осы жиналыста маған «нашар адамсың» деді. Шенеуніктер бізге ойлануға екі күн мұрсат берді», – дейді имам Мейрам Ыбырай.

Тәуелсіз мешіт имамдарының айтуынша, Қарағанды облысының бас имамы және ҚМДБ өкілі Наурызбай Өтпенов 2008 жылы мемлекеттік органдардың шенеуніктері, орта мектеп директорлары және тағы да басқа адамдар қатысқан Абай ауданындағы кеңесте олардан осы аудандағы бұл екі мешітке адамдардың баруына жол бермеуді сұраған.

«Өтпенов осы кеңесте біздің ар-намысымызға тиетін сөздер айтты. Ол кеңесте отырғандарға біздің мешіттеріміз ҚМДБ құрамында жоқ екенін айтып, сондықтан адамдар біздің мешіттерімізге бармауы тиіс деп мәлімдеді», – дейді имам Мейрам Ыбырай.


ШЕНЕУНІКТЕРДЕ АЙТАР СӨЗ ЖОҚ

Оқиға осылай өрбігеннен кейін бес имам да Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың, дін істері жөніндегі комитет төрағасы Ардақ Досжанның және ҚМДБ басшысы Әбсаттар Дербісәлінің атына хат жолдаған. Алайда мұнан әзірше еш нәтиже жоқ.

Осы жайттарға орай «Форум-18» ұйымы қазанның 7-сі күні Қарағанды облысы әкімдігінің пікірін білмек болды. Алайда халықаралық құқық қорғау ұйымының өкілдеріне әкім орынбасары Қырықбаевпен тілдесудің сәті түспеді. Әкім орынбасарының көмекшісі Қайрат
Қарағанды облыстық орталық мешітінің бас имамы Наурызбай Өтпенов. 30 қараша 2009 жыл.
Нұркенов тәуелсіз бес мешіт имамымен қандай да бір жиналыс болғаны есінде жоқтығын алға тартып, олардың шағымына қатысты пікір айтудан бас тартты.

Қарағанды облысының бас имамы Наурызбай Өтпенов қазанның 12-сінде аталғандардың бесеуі де ҚМДБ жанындағы оқу орындарының дипломын алған имамдар екенін айтты. Алайда «Форум-18» ұйымының өкілі 2008 жылы имамдарға қарсы өткізген жиналыс туралы сұрай бастағанда Наурызбай Өтпенов «Намаз оқығалы тұрмын, бір сағаттан соң хабарласыңыз» деп құтылды. Кейінірек, 12-13 қазан күндері Қарағанды облысының бас имамына хабарласқанда телефон тұтқасын көтермеді.

Дін істері жөніндегі комитет өкілі Асылхан Нұрмағамбетов те бұл мекеменің қандай да бір мешітті ҚМДБ құрамына қосылуға міндеттегенін теріске шығарып отыр. «ҚМДБ-ға әркім өз еркімен қосылады. Кез-келген басқа да діни ұйымдар сияқты мешіт те тәуелсіз бола алмайды, өйткені олар белгілі бір конфессияның тармағы, сондықтан діни орталыққа бағынуы керек. Мешіттер де солай», – деген Асылхан Нұрмағамбетов имамдар «ҚМДБ-мен арадағы мәселелерін шешуі тиіс» деп қосып қойды.

НҰРЖАН НЕ АЙТАРЫН БІЛМЕЙ САСТЫ

ҚМДБ-ның Алматыдағы өкілі, өзін бас мүфти Әбсаттар Дербісәлінің көмекшісімін деп таныстырған, алайда фамилиясын айтқысы келмеген Нұржан есімді азамат қазанның 11-і күні «Форум-18» ұйымының өкіліне «заң бойынша мешіттердің барлығы да ҚМДБ құрамына кіруі тиіс» деп мәлімдеді. Ол «президент Назарбаев сөйлеген сөздерінде Қазақстанда мешіттер өз бетінше
Президент Назарбаев сөйлеген сөздерінде Қазақстанда мешіттер өз бетінше жүрмейтінін, оларды билік үйлестіріп отыратынын бірнеше рет айтқан болатын.
жүрмейтінін, оларды билік үйлестіріп отыратынын бірнеше рет айтқан болатын» деген пікірін білдірді.

Нұржанның айтуына қарағанда, «егер мешіттер бір орталықтан басқарылмай, әрқайсысы өздерінше тәуелсіз болса, ондай мешіттерде «Хизбут-Тахрир» партиясының мүшелері сияқты террористердің көбеюі әбден мүмкін». Ал «Хизбут-Тахрир» Қазақстанда тыйым салынған радикалды ислам партиясы болып табылады деп» жазады «Форум-18» ұйымы.

«Форум-18» ұйымы өкілінің «тәуелсіз мешіттер ҚМДБ құрамына кіруі тиіс» деп қай заңда жазылған және Қарағандыдағы бес мешітте «террористер дайындалып» жатқанына қандай дәлел бар деген сауалына шамданған Нұржан «менімен неге пікір таластырасыз» деп телефон тұтқасын тастай салды.

Бұрын Қазақстан билігі мемлекеттік тіркеусіз жұмыс істеп келе жатқан баптистер қауымын терроризммен байланысы бар деп жария түрде айыптаған еді. Полиция қызметкерлерінің баптистер қауымы мен пятидесятниктерге жасаған тексерістерін «мемлекеттік тіркеусіз жүрген діни топтармен және терроризммен күрес» ретінде көрсеткен болатын.

Бас мүфтидің бірінші орынбасары Хұсейін-қажы Алсабеков қазанның 11-і күні «Форум-18» ұйымына Қазақстан заңдары тәуелсіз мешіттердің ҚМДБ құрамына кіруін талап етпесе де, бұл олардың өздері үшін «дұрыс» болады деп мәлімдеді. Егер олар әрі қарай да бас тарта беретін болса, тәуелсіз бес мешіт пен олардың имамдарына қатысты ҚМДБ қандай да бір пәтуа шығара ма деген құқық қорғау ұйымы өкілінің сұрағына Мұхаммед-қажы Хұсейн Алсабеков: «Ол жөнінде айтуға әлі ертерек. Олар бізге қосыла ма, қосылмай ма, әлі де күтеміз, қарайлаймыз. Егер қосылмайтын болса, онда ҚМДБ-да талқылап, бір шешім қабылдаймыз» деп жауап берді.

ҚАҚАҒАН АЯЗДА ЖЫЛУ ОРТАЛЫҒЫНАН АЖЫРАТЫП ТАСТАДЫ

«Форум-18» ұйымы Қарағанды облысындағы тәуелсіз бес мешітке жасалып келе жатқан қысым туралы сөз етеді. Атап өтерлік жайт, соңғы екі жылда мешітті салық инспекциясы мен жедел жәрдем қызметкерлері, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет өкілдері мен архитектура, прокуратура және жер комитетінің қызметкерлері бірнеше рет тексеріп кеткен.

«Бізді ҚМДБ-ға қосу үшін билік сан түрлі тәсілдерді қолданып бағуда», – дейді «Форум-18» ұйымына имам Нұрмұхамед Ахмедьянов.
Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет 2009 жылы қараша айында жұрттың барлығы, соның ішінде шенеуніктердің өздері де демалып, айттап жүрген Құрбан айт кезінде де тексеріп кетті.


«2009 жылы қол қойылып, аймақтық құқық органдарына жолданған Қарағанды облысы әкімдігінің осы бес мешітті бақылауда ұстау жөнінде нұсқауын көрдім», – дейді тағы бір имам Жағыпар.

«Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет 2009 жылы қараша айында жұрттың барлығы, соның ішінде шенеуніктердің өздері де демалып, айттап жүрген Құрбан айт кезінде де тексеріп кетті», – деп шағымданады имам Нұрмұхамед Ахмедьянов.

«Форум-18» ұйымы Қарағанды қаласы мен Абай ауданындағы тәуелсіз мешіттерге қысым жасау үшін Қазақстан билігі соңғы жылдары алуан түрлі әдіс-тәсілдерді қолданып келеді деп жазады. Мысалы, Қарағанды облыстық архитектура департаменті 2009 жылы қараша-желтоқсанда бес мешіттің ғимараты да әуел баста көзделген мақсатта пайдаланылмай отыр деп сотқа берген. Нәтижесінде имамдардың үстінен әкімшілік іс қозғалған.

Архитектура департаменті мешіттер пайдаланылуға берілер алдында тиісті сертификат алмаған деген айып тақты. Алайда мешіттердің имамдары өз айыптарын мойындап, рәсімдеуде кеткен ағаттықты жөндеуге уәде беруіне байланысты Қарағанды облысының соты сәуірдің 22-сінде істі тоқтату жөнінде шешім қабылдады.

Имамдардың сөзіне қарағанда, жергілікті билік қысты күнгі 40 градустық қақаған аязда мешітті орталық жылу жүйесінен ажыратып тастаған. «Билік мұны жылу ақысы төленбегендіктен деп түсіндірген. Ал біз жұма намазға келушілерге арнап зал ортасына амалсыздан электр пештерін қосуға мәжбүр болдық», – дейді имамдардың бірі.

«Алайда, – деп жазады «Форум-18», – имам жылу ақысының расында да кешіктіріліп төленіп жүргенін мойындады, бірақ жылу жүйесінен дәл бұлайша ажыратуды мешіт имамдарына жасалған қысым деп санайтынын мәлімдеді».

Жергілікті әкімдіктің көптеген шенеуніктері Қарағанды облысындағы осынау бес мешітке бірнеше жылдан бері жасалып келе жатқан түрлі қысымдар туралы «Форум-18» ұйымының сауалына жауап беруден ат-тондарын ала қашты.
XS
SM
MD
LG