Демократиялық өзгерістерді талап еткен шерушілер Қытай астанасында, сәуірдің ортасында Коммунистік партияның бұрынғы жетекшісі, реформашыл саясаткер Ху Яобаңның қазасына жиналған еді. Биліктегілер оны қызметінен кетіріп, кейінірек түрлі қуғындауларға ұшыратқан болатын.
Худы еске алысқан шерушілер содан кейін Бежіңнің Тяньаньмынь алаңына бет алған еді.
Тез тарқатылып жіберілген олар бір аптадан кейін 100 мың адам болып алаңға қайта оралды. Олар елдегі ресми сыбайласқан жемқорлықтың тоқтатылуын талап етті. Шерулер әсері Қытайдың басқа да қалаларына тез тарап кеткен болатын.
Ел бойынша аталған шеруге бір миллионнан аса студенттер мен жұмысшылар қатысқан екен. Тяньаньмынь алаңына шатырлар тігіп, наразылықтарын жалғастырған олар демократияның елде кең тұрғыда орнауын талап етті. Талаптары орындалмайынша тарқамауға бел буды.
Халықаралық бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері алаңнан тікелей хабарлар жүргізді.
Талаптардың бірі - жеке бизнесін жүргізіп отырған тұлғалармен ресмилердің билік бөлісуі еді. Себебі, елдегі ірі мемлекеттік компаниялар партия басшыларының немесе олардың туыстарының қолында болатын.
İлкі сәтте партия басшылары шерушілерге қарсы қандай шара қолданылуы керек деген сауалда екіге жарылды. Партия басшысы, реформашыл Жао Зиаң ұстамды әрекеттерге шақырып, өзі алаңға шығып, шерушілердің тарауын сұраған болатын.
Алайда үкімет басшысы Ли Пең үкіметті құлатпақшы деп шерушілерді айыптап, елде әскери тәртіп жариялады.
Коммунистік партияның реформашыл қанатында тазалау жүргізіліп, Жао мен оның жақтастары қызметтерінен айрылды. Партияның жаңа басшысы боп Дең Сиаопың тағайындалды.
Ол ел әскерін астанаға жинап, шерулерді әскер күшімен басты. Оқиғаның аяқталуы тым жылдам еді. Маусымның 3-і күні қарапайым азаматтар шерушілерге барып қосылып, әскер күштерін алаңнан бірнеше шақырым жерден тоқтатпақ болған-ды.
Әскерилер оларға оқ атып, бірнеше жүздегенін өлтірді. Келесі күні, маусымның 4-де әскерилер алаңға қарай бет алды.
Олар қаладағы бүкіл жарықты өшіріп тастап, танкілер түн қараңғысында алаңда еркін ойқастады. Танк шынжырларына талай өмір байланып жатты. Алаңнан қашқан шерушілер оның айаласындағы көшелерде өлім құшқан болатын.
Өткен жазда Бейжіңде жазғы Олимпиада ойындары өтті. Алайда Қытайда адам құқының аяққа тапталуына қатысты Батыс тарапынан қатты сындар айтыла қойған жоқ.
Қытай диссиденттері болса, "Хартия 08" деп аталатын құжатты қарашада қабылдады. Онда олар Қытайда еркін де демократиялық және конституциялық мемлекеттің құрылуын талап етті.
Сондай-ақ биыл реформашыл Жао Зиаңның естелік кітабы жарық көрді.
Енді міне, Қытай билігі ел ішінде Twitter блогы мен басқа да түрлі әлеуметтік вебсайттарға кіруге тосқауыл жасап отыр.
Бейжіңнің бұл шектеулері Тяньаньмынь алаңындағы қанды қырғынның 20 жылдығын еске алу шаралары қарсаңында, интернеттегі талқылауларға жол бермеу үшін жасалуда.
Ақпараттық ұйымдардың құқын қорғайтын “Шекарасыз тілшілер” тобының айтуынша, Қытай билігі кемінде 12 вебсайтты тұмшалап тастаған. Оның ішінде бірнеше блог та бар.