Ауғанстандағы 2014 жылы сәуірдің 5-сі күні өтетін президенттік сайлауында жеңіске жетуден үмітті кандидаттар таңдаған символдар әртүрлі.
ХАТ ТАНЫМАЙТЫНДАР ТАҢБАҒА ҚАРАП ТАНИДЫ
Сайлауға қатысуға жіберілген 10 кандидат символдарын жариялады. Ол таңбалар кандидаттың аты-жөні жазылып, суреті басылған бюллетеньдердің қасында тұрады. Дауыс беруші өзі қалаған үміткерді сол таңбасына қарап белгілейді.
15 миллион сайлаушының көбі сауатсыз болғандықтан, дауыс беруді жеңілдету үшін осындай әдіс таңдалды. Ауғанстанның ересек тұрғындарының 39 пайызы ғана хат таниды.
2004 жылғы сайлаудан бастап Ауғанстанның сайлау комиссиясы кандидаттарға символ тағайындай бастады.
Ауғанстан сайлау комиссиясы қазанның 22-сі күні 17 кандидатты «талапқа сай келмейді» деп сайлаудан шеттеткен еді. Ресми тізімде 10 кандидат қалды. Үміткер азайған соң сайлау комиссиясының жұмысы жеңілдеп, үміткерлер символды өздері таңдап алды.
2014 жылы сәуірдің 5-і күні Ауғанстанда тек президент сайлауы ғана өтпейді, онымен қатар провинция басшыларының да сайлауы болады. Ол сайлауда да кандидаттар символ таңдайды. Оларға ұсынған 5 мыңдай таңбаның арасында баспалдақ, теледидар, балмұздақ пен велосипед те бар.
10 СИМВОЛ
Бульдозер. Президент сайлауына түсетін кандидаттың бірі, Кандагар мен Нангархардың бұрынғы губернаторы Гүл Ага Шерзай тік мінезіне орай бульдозер таңбасын таңдады.
Нангархар губернаторы болған кезінде бұрынғы дала командирі күрделі инфрақұрылым жобаларын жүзеге асырды. Жолдарды асфальттап, қала көшелеріне күн сәулесінен қуат алатын батареялар орнатты, провинцияның астанасы Жалалабадтағы президент сарайына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізді.
Таразы. Бұл таңбаны Ауғанстандағы азамат соғысы кезінде белсенді ұйымға айналған «Хизб-и-Исламидің» көрнекті мүшесі Құтбуддин Хелал таңдады. «Хизб-и-Ислами» ұйымының басшысы, жиһадшы Гульбеддин Хекматияр терроршы ретінде Вашингтонның қара тізіміне енген. «Хизб-и-Ислами» ұйымы халықаралық және Ауғанстан қауіпсіздік күштеріне қарсы соғысып келеді. Бұл ұйым мен Хекматиярға 1990 жылы Ауғанстандағы азамат соғысы кезінде «адам құқықтарын өрескен бұзған» деп айып тағылған.
Құран. Бұрынғы қаржы министрі және Дүниежүзілік банк қызметкері болған Ашраф Ғани Құранның суретін таңдады. Батыста білім алған технократ осылайша халыққа өзінің діншіл екенін танытқысы келген сияқты. Ауғанстан - әлемдегі аса діншіл және консервативті елдердің бірі. Кейбір ауғандарға Батыспен тығыз байланыс жасайтын кандидат күдікті көрінуі мүмкін. Бірақ соңғы сәтте Ғанидің таңбасы ауыстырылуы да мүмкін. Өйткені діни және тарихи белгілер кандидатты басқа үміткерлерден артық адам ретінде көрсетуі ықтимал.
Ауғанстан туы. Египетте діни білім алған Абдул Расул Сайяф 1980 жылдары, совет басқыншылығы кезінде «Әл-Қаида» мен Усама бен Ладенді Ауғанстанға әкелген адам деп саналады. Ол символы ретінде Ауғанстан байрағын таңдапты. Ол ел патриоты екенін дәлелдеп, «шетелдіктермен байланысы күшті» деген пікірді жоққа шығарғысы келетін сияқты. Бірақ тудың мемлекеттік ресми символ екенін ескерсек, сайлау комиссиясы оның да белгісін өзгертуі мүмкін.
Қарындаш. Бұл белгіні биліктен кетіп бара жатқан қазіргі президент Хамид Карзайдың ағасы Каюм Карзай таңдады. Каюм - АҚШ-та білім алған көрнекті технократ. Ол Ауғанстанды дамыту үшін білімнің маңызды рөл атқаратынын айшықтап отыр.
Кітап пен қалам. Бұрынғы сыртқы істер министрі Абдулла Абдулла да білімге баса мән беретінін көрсеткісі келетіндей. Ол - көзге операция жасайтын білікті хирург. 2009 жылғы сайлауда екінші орын алған Абдулла бірнеше мәрте білімнің маңызы туралы мәлімдеген.
Бидай. Бұрынғы қаржы министрі Хедаят Амин Арсала молшылық пен гүлденудің белгісі ретінде бидайды таңдады. АҚШ-та білім алған Арсаланың мамандығы - экономист. Оның таңдауы экономикалық біліктілігін әйгілесе керек.
Ақ көгершін. Бұрынғы қорғаныс министрі Абдул Рахим Вардак президенттің қауіпсіздік бойынша кеңесшісі қызметін атқарды. Ол бейбітшілік символын таңдады. Ақ көгершін екі семсердің ортасында тұр. Эмблемада «Аллаһу әкбар» деген сөз жазылған. 1980 жылдары, совет басқыншылығы кезінде Вардак ауған мождахедтерінің бір тобын басқарған.
Радио. Бұл таңбаны бұрынғы сыртқы істер министрі Залмай Расул таңдап алды. Тұйық мінезді Расул көп жыл президент пен министр кеңесшісі қызметтерін атқарды. Ол көпшілік алдына жиі шықпайды. Мүмкін, радио оның ауған қоғамымен жақындасуға деген ұмтылысын сипаттайтын шығар.
Үш кептер. Мохаммед Надер Наим бейбітшілік белгісі саналатын үш кептерді таңдады. Кептерлердің төсінің төменгі жағында қара дағы бар. Наим - бұрынғы король Захир Шахтың немересі. Ол 2007 жылы Кабулда дүние салған бұрынғы монархтың сенімді көмекшісі болған еді.
Фруд Бежанның мақаласын ағылшын тілінен аударған – Динара Әлімжан.