Ауғанстанда сәуірдің 5-і күні президент сайлауы өтеді. Бұл жолғы сайлау 2009 жылғыдан гөрі әділ өтуі мүмкін бе? Алдыңғы сайлауды БҰҰ мен өзге де халықаралық ұйымдар «алаяқтық» деп бағалаған.
(Мақалада автор, Австралия азаматы Фруд Бежан Ауған президенті сайлауына қатысуға мүмкіндік беретін сайлаушы картасын қалай алғанын баяндайды)
Мен – Ауғанстан азаматы емеспін. Қолымда Ауғанстан паспорты да жоқ. Бірақ ол менің сайлаушы ретінде тіркелуіме еш кедергі келтірген жоқ. Яғни, Ауғанстан президентін сайлауға мен де қатысатын болдым.
Мұны қалай іске асырдың дейсіз ғой.
ЖУРНАЛИСКЕ ЖОЛ АШЫҚ
Бірінші - Кабулдағы сайлаушыларды тіркейтін ондаған орталықтың біріне магнитофон, камера, тіпті болмаса жазба кітапшаңызды ұстап барыңыз.
Есікте тұрған қауіпсіздік сақшыларына журналист екеніңізді, дауыс беру карталарын жаңа ғана қолдарына алған азаматтармен сұхбаттасып, оларды фотоға түсіргіңіз келетінін айтыңыз.
Алаңдамаңыз. Сізге орталыққа келген жүздеген адамның соңында кезекте тұру қажет емес. Олардың кейбірінің кезекте тұрғанына бірнеше күн болған. Сақшылар жұртқа «Шегін! Ары тұр!» деп балағаттай айқайлап, сізге кіретін жол ашып береді.
Бірнеше адамнан сұхбат алып, ондаған фотосурет түсіріп, ғимарат төбесіндегі сарбаздармен біраз әңгімелескеннен кейін, орталық менеджеріне жолығыңыз. Дауыс беру карталарын алып жатқан адамдарды көріп, олардың қолындағы картаға қатты қызығып кеткеніңізді, алғыңыз келетінін айтыңыз. Ол сізге «Мұнда жүріңіз» деп сыпайы жауап қатады.
Кішігірім бөлмеде сізді суретке түсіреді. Төрт фотосурет әп сәтте-ақ дайын болады. Біреуі жаңа дауыс беру картаңызға, ал қалған үшеуі тіркеушілердің «жазбаларына» арналған.
10-15 минут байыппен күте тұрыңыз. Бір кезде жас жігіт сізді шақырып, бірнеше сұрақ қояды.
«Атыңыз кім?»
«Нешедесіз?»
«Әкеңіздің аты кім?»
«Фамилияңыз кім?»
«Дауыс беру картасын бірінші рет алғалы тұрсыз ба?»
Карта қолға түсуге аз қалды. Енді саусақтарыңызды сияға матырып, өтініш парақшасына басасыз. Мінекей, картаңызға қол қойыңыз. Оны ламинациялағанша бірнеше минут күтесіз.
«ДАУЫС БЕРУДІ ҰМЫТПАҢЫЗ»
Орталықтан кетіп бара жатқанда, менеджер сізге жымиып «Дауыс беруді ұмытпаңыз!» деуі мүмкін.
Енді сіздің қолыңызда сайлаушы картасы бар. Онымен бір не бірнеше рет дауыс бере аласыз. Осылайша сіз Ауғанстанның болашақ президентін сайлауға қатысасыз.
Аты-жөніңізді, жасыңызды, мекен-жайыңызды, тіпті азаматтығыңызды растаудың еш қажеті жоқ. Егер жеке куәлігіңізді сұраса, «куәлігім жоқ, жоғалтып алдым» немесе «үйде ұмытып кетіппін» дей саласыз. Тіпті болмаса, сол жердегі біраз адамдар сияқты «Жеке куәлікті алып келу керек екенін білмеппін» десеңіз де болады. «Ендігәрі ұмытпаңыз» деген ескерту естисіз.
Бұл – наурыздың 31-і күні дауыс беру картасын қалай алғанымның хикаясы, Кабулдың Шах Шахид ауданында болған оқиға.
Менің Австралия азаматы екенім сайлаушы картасын алуыма түк кедергі болған жоқ (алайда мен Кабулда туғанмын). 22 жыл басқа елде тұрдым. Ол да бөгет болмады.
Негізінде картаға жазылған есімнің де маған қатысы шамалы. Сөйтіп сайлаушы картасын оп-оңай қолға түсірдім.
Ал егер сізге бір емес, бірнеше дауыс беру картасы қажет болды делік. Еш уайымдамаңыз. Басқа тіркеу орталығына барыңыз да, мен айтқан әдіспен ала салыңыз. Тіпті қалағаныңызша көп карта алуыңызға да болады. Өтініш парақшалары қолмен толтырылады. Компьютерден ұсталып қаламын деп қорықпаңыз.
Енді маған әріптестерімнің «Кімге дауыс бересің?» деген сұрағына жауап беру ғана қалды.
(Мақаланы ағылшын тілінен аударған – Әзина Мақұлжан).