Бұған дейін «2014 жылдың сәуіріндегі президент сайлауын күтемін» деген Хамид Карзай енді «талаптарым орындалса ғана құжатқа қол қоямын» деді. Бұл туралы ол Азаттық тілшісіне берген сұхбатында да айтты.
Азаттық: – Президент мырза, сіз АҚШ-пен арадағы екі жақты қауіпсіздік келісімін талқылауды Лойя Жирга кеңесіне тапсырдыңыз. Лойя Жирганың ұсыныстары көңіліңізден шықты ма, сіз қалаған нәтижеге қол жеткізді ме?
Хамид Карзай: – Ауғандар АҚШ-пен келісімге келуді қалайды, Лойя Жирга оны мақұлдап, қолынан келгенін істеді. Бұл келісімшарт ауғандардың мүддесіне қызмет етуі керек деп ойлаймыз. Негізгі шартымыз ауған отбасыларын қорғауға негізделген. Америкалықтар ауғанстандықтардың үйлеріне шабуылдауды тоқтатуы керек. Келесі шартымыз – Ауғанстанда бейбіт өмір орнауы тиіс. Егер бізде тыныштық болмаса, бұл келісім Ауғанстанға бақыт емес, қайғы әкеледі.
Азаттық: – Президент мырза, Лойя Жирга қауіпсіздік келісімінің жобалық нұсқасына 36 жаңа ереже қосуды ұсынды. Соның бірі – осы жылдың соңына дейін сіз келісімге қол қойсын деген талап. Лойя Жирганың төрағасы (бұрынғы президент Себгатулла Моджаддеди) да соны талап етті. Сол жаңа ережелерді келісімге қосасыз ба? 2013 жылдың соңына дейін келісімге қол қоясыз ба?
Хамид Карзай: – Мен америкалықтар ауған үйлеріне шабуылдауды доғарсын, шын мәнінде бейбіт кезең басталсын деймін. Егер америкалықтар екі талабымды қабыл алса, келісімге қол қоюға әзірмін. Бұл екі талап та Ауғанстанның жағдайын ойлағандықтан туындады. Сайлауға келетін болсақ, кеше кешке АҚШ ұлттық қауіпсіздік бойынша кеңесшісі Сьюзан Райс АҚШ-тың сайлауға араласпайтынын және оның белгіленген мерзімде өткенін қалайтынын айтты. Олар сайлаудың бірінші кезеңі нәтижелі болады деп күтеді, қажет болса екінші кезеңге мүмкіндік береді. Оның бәрін өз уақытында көрерміз.
Азаттық: – Лойя Жиргада сөйлеген сөзіңізде ауған үйлеріне шабуылдауды тоқтатып, операцияларды доғаруды сұрадыңыз. «Тәуелсіз әрі әділетті президенттік сайлау өтсін, бейбіт процестерді қолдау қажет» дедіңіз. Бірақ АҚШ ұлттық қауіпсіздік кеңесшісімен сөйлескен кезде Гуантанамодан 17 тұтқынды босатуды сұрағаныңыз туралы дерек бар. Ол рас па? Сіздің талабыңыз қандай?
Хамид Карзай: – Бұл Лойя Жирганың талабы болатын. Егер ұсыныстардағы 29-тармақты қарасаңыз, «АҚШ Гуантанамодағы ауған тұтқындарын дереу босатсын және Ауғанстанға әкеп тапсырсын» деп жазылған. Америкалықтар Лойя Жирганың талабын орынды деп санаса, бұл талаптан аттап өте алмайды.
Азаттық: – Президент мырза, соң АҚШ ұлттық қауіпсіздік кеңесшісі Сьюзан Райс 25 қараша күні сізбен кездескен тілшілерге сұхбат берді. Ол сізді келісімге қол қоюға көндіре алмаса Вашингтон 2014 жылдың соңына дейін барлық әскерін Ауғанстаннан әкетуге мәжбүр бола ма деген қаупін айтты. Ауғанстанның қауіпсіздігін күшейту үшін АҚШ-тың миллиардтаған доллар қаржы жұмсап жатқанын білесіз. Сіз сол 8-9 миллиард доллардан қол үзуге дайынсыз ба?
Хамид Карзай: – Ауғанстанда қала ма, әлде кете ме – оны АҚШ-тың өзі шешеді. Мыңдаған келісімге қол қойсақ та, өздерінің мүддесіне қайшы болса, 1990 жылғы жиһадтан кейін кеткені тәрізді, кетіп қалуы мүмкін. Ол кезде мен сыртқы істер министрінің орынбасары болатынмын, совет әскері кеткен соң Батыстың Ауғанстанды тастап кеткенін көрдім. Мен оларға барып, елшіліктің қасына бір кіші шенеунікті тастап кетуді өтіндім. Бірақ олар елшілікті жапты да кетіп қалды. Сондықтан қызығушылығы болмаса, олар мұнда келмес еді. Егер АҚШ қазір Ауғанстанда болғысы келсе, олардың өз мүддесі бар деген сөз, ол қауіпсіздікке немесе экономикаға қатысты болуы мүмкін. Тәуелсіз ел ретінде біздің де өз мүддемізді қорғауға, талап етуге құқымыз бар.
Азаттық: – Лойя Жирга алдында соңғы рет сөйлегенде бір мәселені нақты айттыңыз. «Ауғанстандағы бейбітшілік – АҚШ пен Пәкістанның қолында» дедіңіз. Осы пікіріңізді тарқатып түсіндіріп бересіз бе?
Хамид Карзай: – Көптеген себептерге сүйене отырып, Ауғанстандағы соғыстардың шығу себебі бізге таңылатынын, ал ауған халқы бөгделердің мүддесі үшін құрбан болатынын дәлелдеп бере аламын. Біз АҚШ пен басқа да ірі державалардың өзіндік мүддесіне кедергі келтірмейміз. «Бірақ өз пайдаңды көздеп, бізді пайдаланған екенсің, енді Ауғанстанның да мүддесін ұмытпа» дегіміз келеді. Басқа ештеңені талап етпейміз.
Азаттық: – Ауған қауіпсіздік күштерінің Талибанмен күресуге шамасы жетеді деп ойлайсыз ба?
Хамид Карзай: – Ол – біздің міндетіміз. Олар да, біз де – ауғандармыз, бір-бірімізді жақсы білеміз. Талибанмен соғысамыз ба, әлде келісімге келеміз бе, ол – біздің ішкі мәселеміз. Өткен жылы Вашингтонға барған сапарымда брифингтен бір күн бұрын АҚШ президенті Барак Обамамен және оның ұлттық қауіпсіздік бойынша кеңесшісі Том Донилонмен, Ақ үйдегі басқа да шенеуніктермен кездестім. Ұлттық қауіпсіздік бойынша кеңесші маған «Талибан біздің жауымыз емес, олармен соғысқымыз келмейді» деді. Мен «Өте жақсы, біз де соны қалаймыз. Бірнеше жылдан бері сіздерге Ауғанстанды атқылауды тоқтатыңыздар деп келеміз. Егер тәліптерді жау санамасаңыздар, олармен соғысқыларыңыз келмесе, неге әр түн сайын ауған үйлерін тінтесіздер? Неге рейд жүргізіп, тәліптерді іздейсіздер?» дедім. Қауіпсіздік туралы келісім америкалық операцияға нүкте қоюы тиіс.
Азаттық тілшісі Акбар Аязидің сұхбатын ағылшын тілінен аударған – Динара Әлімжан.

Талибанмен соғысамыз ба, әлде келісімге келеміз бе, ол – біздің ішкі мәселеміз.Ауғанстан президенті Хамид Карзай.