Бұдан былай ғарышты АҚШ, Ресей және Еуропа Одағы (ЕО) игереді деген ұғым жойылды. Қазір керісінше, Азия елдерінің ғарышты игеруге деген құлшынысы байқалады. Қытай, Жапония, Оңтүстік Корея тәрізді Азия елдерінің ғарышты игеру ісіне араласуы 20-ғасырдың ортасындағы Батыс елдерін еске салады.
АҚШ-тағы Aviation Week and Space Technology («Авияциялық апта және ғарыш технологиясы») журналының ғарыш технологиясы жөніндегі бас редакторы Франк Моринг:
- Үндістан ғарыш бағдарламасын 40 жылға жоспарлады. Соның арқасында жетістіктерге жетіп отыр. Әлем елдері оларға лайықты көңіл де бөлген жоқ. Себебі олар өткен ғасырда СССР, АҚШ сияқты «ағалардың» тасасында көрінбей келді. Енді Үндістан Марсқа жетеміз деген мақсатты дұрыс қойып отыр. Олардың кемесі Айға барып қайтты. Үндістан ғарыш саласы қазір дұрыс дамып келе жатқан сияқты, - дейді.
МАРСТЫ ЗЕРТТЕУ
Егер Нью-Делидің Марсқа қону жобасы сәтті шықса, Үндістан қызыл жұлдызға, яғни басқа планетаға бірінші қонған Азияның тұңғыш елі атанады.
Бұл жоба жүзеге асса, Үндістанның Қытайдан асып түскені анық. Қытай 2011 жылы Марстың Phobos серігіне жетуді көздеген, бірақ Ресейдің ғарыш кемесіне тиеп жіберген Yinghuo-1 аппараты Марс орбитасына жете алмай, Жердің төменгі орбитасында қалды.
Үндістан аппараты Марсқа жетсе, бұл Жапонияға да соққы болар еді. Токионың 2003 жылы Марсқа қатысты жобасы іске аспай қалған. Оның алдында, 1998 жылы Жапония Nozomi спутнигін ұшырды. Бірақ оның электр желісінен ақау шығып, Марсқа жете алмады.
Бірақ Үндістанның Mangalyaan кемесі де Марсқа жетеді деп кесіп айту қиын. Спутникті Марсқа жеткізу ғарыш саласындағы ең қиын жоба саналады. Тек АҚШ, СССР және ЕО ұшырған спутниктер ғана бұл планетаға жеткен еді. Марсқа ұшқан кемелердің жартысынан астамы - 40 құрылғының 23-і жоспарлы жерге жете алмаған.
АЙДЫ ЗЕРТТЕУ
Жапония Kaguya атты спутнигін 2007 жылы Айға ұшырды. Ол құрылғы Айды біраз уақыт зерттеді. 2009 жылы аппаратты жапон ғарышкерлері мақсатты түрде Айдың бетіне құлатты. Техника Айға барып құлағанша камерасы видео түсіріп тұрды.
Осы оқиғаның өзі Жапонияны ЕО мен бұрынғы СССР және АҚШ-тан кейінгі Айға жетуге талпынған төртінші елге айналдырды. Токио қазір 2016 жылға дейін Айға роботпен басқарылатын техника жіберуді, 2020 жылға дейін адам ұшыруды жоспарлап отыр.
Үндістан Chandrayaan-1 аппаратын орбитаға шығарып, 2008 жылы Айды зерттейтін зонд жіберді. Зонд орбитадағы спутниктен бөлініп, Айдың оңтүстік полюсіне барып қонды. Спутник су белгілерін іздеген еді.
Осыдан соң Айдың беткі қабатын зерттеген елдердің саны бесеуге жетті. Үндістан Айға Ресей зымыраны шығаруы тиіс келесі құрылғысының ұшатын уақытын әлі белгілеген жоқ.
Қытай Айда техника жүргізу технологияларын зерттеу мақсатында 2007 жылы - Сhаng’e-1, 2010 жылы Chang’e-2 деп аталатын екі спутник ұшырды. Ал Айда жүре алатын техниканың 2013 жылы ұшырылатыны хабарланған. Қытай 2025-2030 жылдары Айға адам түсіруді жоспарлаған.
Оңтүстік Корея Айды зерттейтін бірінші құрылғысын 2020 жылы ұшыратынын мәлімдеді.
АСТРОНАВТ ҰШЫРУ
Он жыл бұрын Қытай Жер орбитасына Ресей мен АҚШ-тан кейін астронавт шығарған үшінші ел атанды. Ал 2008 жылы Қытай астронавы бірінші рет ашық ғарышқа шықты.
Былтыр бұл ел ғарыштағы спутниктерін тұңғыш рет түйістіріп көрді. Бұл әрекет Қытайдың 2020 жылға жоспарлап отырған ғарыш станциясын ұшыру жобасы үшін өте маңызды қадам болды.
Әзірге Қытайдан басқа Азияның бірде-бір елі орбитаға астронавт ұшырған жоқ.
Үндістан да ғарышқа адам ұшыратыны жайлы мәлімдегенімен, әзірге негізінен робот-жобаларға көңіл бөліп жатыр.
«Ғарыш кемеміз ғарышқа адам алып ұшуы үшін технологияны әлі де дамыта түсуіміз керек» деп мәлімдеген Үндістан 2017 жылға дейін астронавт ұшыруды тоқтатып қойды.
Жапонияның ғарыш агенттігі ғарышқа адам ұшыратын жағдайға жеткісі келетінін мәлімдеген. Агенттік Жапонияның жүк тасымалдаушы халықаралық ғарыш станциясының 2025 жылға дейін астронавтарды тасымалдау жүйесін дамыта түсуі тиіс екенін мойындап отыр.
ҒАРЫШ СТАНЦИЯЛАРЫ
Қытай 2011 жылы Tiangong-1 спутнигін ұшырып, астронавтар жұмыс істейтін ғарыш станциясын іске қосуды жоспарға енгізді. Ғарыш құрылғыларының түйісу процестерін сынақтан өткізуге Tiangong-1 қызмет етті, Қытайдың адамсыз басқарылатын екі кемесі сынақ алаңына барып көрді.
Қытайдың ғарыштағы астронавтар жұмыс істейтін платформасы әзірге 15 шаршы метрден аспай тұр. Алдағы он жылда бұл жобаны Қытай көлемі үлкенірек Tiangong-2 және Tiangong-3 жаңа модельдерімен ауыстырмақ.
Дәл қазір Азияның бірде-бір елінің жеке ғарыш станциясын жасақтауға шамасы жоқ. Бұл тұрғыдан алғанда әзірге Қытаймен бәсекелесетін ел шыққан жоқ. Болашақта Қытайдың ғарыш станциясын жасақтау жоспарларына тек Азия елдері ғана емес, АҚШ, Ресей және Еуропа мемлекеттері де қызыға қарауы ғажап емес.
Пекин ғарыштағы станциясын 2020 жылдарға қарай толық құрап шығуы мүмкін. Қазіргі халықаралық ғарыш станциясын бұл саланы бұрыннан игеріп келе жатқан үш держава ұстап отыр. Бірақ бұл станцияның жұмысын тоқтататыны туралы да мәлімдемелер айтылған. Алайда оның орнына қандай станция құрылатыны жөнінде ешқандай жоба-жоспар жарияланбады.
ҒАРЫШ САЛАСЫНА ЖАҢА КЕЛГЕН ЕЛДЕРДІҢ МАҚСАТЫ НЕ?
Ғарышты игеру жобалары өте қымбат және техникалық жабдықты қажет етеді. Бірақ Азия елдері ғарыш жобаларын мемлекеттің басты жоспарларымен қатар қаржыландырып отыр.
Франк Моррингтің ойынша, «Үндістан мен Қытай бірнеше мақсатпен ғарышты игеруге кіріскен». Үндістанның ғарыштық бағдарламасы әуел бастан халқына пайда әкелуді көздейді.
- Үндістанда қазір телемедицинаны (науқасты емдеу үшін шұғыл ақпарат алмасатын коммуникация жүйесі – ред.) пайдаланып отыр. Оның сыртында білім беру саласында да шалғай жатқан ауылдарда спутник байланысы арқылы сабақ өту тәсілдері қолданылады. Себебі Үндістанның инфрақұрылымы соншалықты дамыған емес. Ал Үндістанмен салыстырғанда Қытай әскери мәселеге көбірек көңіл бөледі. Осыдан кейде Қытай мен басқа елдер арасында проблемалар туындап жатады. Қытай үшін ғарышқа адам ұшыру елдің абыройын асыратын саяси жоба да болып саналады, - дейді Морринг.
Бұдан бөлек, Қытайдың ғарыш жобалары бұл елдегі ғылым-білімнің дамуына да пайдасын тигізіп жатыр.
Морринг «СССР 1957 жылы «Спутник» аталатын әлемдегі ең бірінші жер серігін ұшырғанда бұл АҚШ-пен арадағы ғарыш жобалары бәсекесін күшейтіп қана қоймай, бұл елдердегі ғылымға, математикаға, инженерияға деген зор қызығушылық оятты» дейді.
Оның айтуынша, ғарышты игеруге тырысып жатқан Азиядағы екі елде де осы айтқан процестер жүріп жатыр.
- Үндістан қазір технологиялық жетістіктерінің пайдасын көре бастады. Сонымен қатар ғарыштық жобалар жаңашыл инженерлер мен жастарға да шабыт берді. Қытайда да дәл осындай, - дейді ол.
Чарльз Рекнагельдің мақаласын ағылшын тілінен аударған – Сағынай Кәрім.