Accessibility links

Парламент жұмысы көңілден шыға ма?


"Қазақстанда парламентаризді дамыту" қорының президенті Зәуреш Батталова. Астана, 28 желтоқсан 2016 жыл.
"Қазақстанда парламентаризді дамыту" қорының президенті Зәуреш Батталова. Астана, 28 желтоқсан 2016 жыл.

Биыл сайланған парламент мәжілісі қандай заң жобаларын қарастырды? Заң жобасын талқылағанда сайлаушылар мүддесі қалай қорғалды? Парламент жұмысына қоғам көңілі тола ма? AzattyqLIVE тақырыпты саясаткер Зәуреш Батталовамен талқылады.

Қазақстан парламенті мәжілісі биыл алғаш рет отырыстарын тікелей желіде көрсетіп, жұмысшы топтарға үкіметтік емес ұйымдар мен азаматтық белсенділерді қатыстырды. Наурызда сайланған мәжіліс осы кезге дейін бюджет, жер, жайылым, сот және сараптама, рақымшылық, экстермизм мен терроризм туралы – барлығы 34 заң жобасын мақұлдап, сенаттың қарауына берген.

Сонымен бірге биыл парламент жұмысына қатысты қоғамда қарама-қайшы пікір тудырған оқиғалар да болды. Кей депутаттар биыл Астана қаласының атауын Нұрсұлтанға өзгерту жайлы бастама көтерді. Мұхтар Тінікеев өзі жайлы әлеуметтік желіде тараған видеодан соң мәжіліс депутаттығынан бас тартты.

AzattyqLIVE биылғы мәжіліс мақұлдаған заң жобаларының сапасы, депутаттар белсенділігі, парламенттің атқарған жұмысы туралы "Қазақстандағы парламентаризмді дамыту" қорының президенті Зәуреш Батталовамен талқылады.​

XS
SM
MD
LG