Accessibility links

"Луганск республикасы" Ресеймен шекаралас болғанның арқасында шыдап тұр


"Луганск халық республикасы" тәуелсіздігі туралы даулы "референдум" нәтижесі жарияланған соң өткен жиын. Луганск, Украина, 12 мамыр 2014 жыл.
"Луганск халық республикасы" тәуелсіздігі туралы даулы "референдум" нәтижесі жарияланған соң өткен жиын. Луганск, Украина, 12 мамыр 2014 жыл.

Украина үкіметі Луганск облысын бақылауына алу үшін әрекет етіп жатыр. Бірақ Ресеймен шекаралас сепаратистік аймаққа билік жүргізу оңайға түспейтін сияқты.

Украина үкіметі шілденің 5-і күні шығыстағы Славянск қаласына тәртіп орнатты. Ал өзін-өзі сайлап алған Луганск халық республикасы (ЛХР) қорғаныс жасады.

Украина әскери күштері Луганск қаласын оқшаулап, бүлікшілерді Ресей шекарасына жақындатпауға күш салды. Бірақ ол әрекеттері айтарлықтай нәтиже бермеді, себебі шекара арқылы қару-жарақ пен еріктілер көп келді.

Маусым айының ортасында украиналық жауынгерлер Счастье қаласына кіріп, Ресеймен шектесетін аймақты бақылауға алды. Шілденің 14-і күні армия Луганск маңындағы Металлист, Александревск пен басқа да қалаларды да қадағалай бастады.

Чернухино елдімекені маңындағы ресейшіл сепаратистердің тосқауыл бекеті. Луганск облысы, 18 шілде 2014 жыл.
Чернухино елдімекені маңындағы ресейшіл сепаратистердің тосқауыл бекеті. Луганск облысы, 18 шілде 2014 жыл.

Қазіргі кезде сепаратистер Луганск облысының оңтүстік бөлігін ғана бақылап отыр, Арасында Луганск қаласы да бар. Әскерилер мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің штаб-пәтерін басып алған сәуір айынан қазіргі жағдай мүлдем басқаша.

Үш аптадан соң, 28 сәуір күні өздері ұйымдасып, біріккен әскерилер ЛХР құрдық деп жариялады, келісі күні олар қаладағы басқа үкіметтік ғимаратты басып алды. Осыдан екі апта өткен соң, 11 мамыр күні жергілікті тұрғындардың 96 пайызы (сепаратистердің дерегі бойынша) даулы референдум өткізіп, ЛХР тәуелсіздігін қолдап дауыс берді.

ӘСКЕРИ «ХУНТА»

ЛХР шығыс Украинадағы екінші сеператистік аймақпен - өзін-өзі сайлап алған Донецк халық республикасымен (ДХР) бірігіп, Новороссия конфедерациясын құрамыз деп келіскен. Бірақ бақылаушылар олардың екі бөлек ұйым екенін айтады.

«ЛХР басшылығы «бір орталыққа бағынады» дейді жергілікті саясаттанушы Алексей Блюминов. ДХР сияқты фракция болса да, ЛХР "президенті" Валерий Болотовты басқалары тыңдайды. Блюминовтың айтуынша, билік құрылымын жақсы мағынада «әскери хунта» деп атауға болады.

Луганск облысының «халық губернаторы» Валерий Болотов. Луганск, 18 шілде 2014 жыл.
Луганск облысының «халық губернаторы» Валерий Болотов. Луганск, 18 шілде 2014 жыл.

Луганскідегі тағы бір жергілікті саясаттанушы Юлий Федоровский Азаттықтың ресейлік қызметіне ЛХР-ды «әскери демократия» деп сипаттады. Оның пікірінше, Болотов пен оған жақын жүргендердің бәрі - Луганск облысы десанттар одағының ардагерлері. Олар Донецкідегі әріптестеріне қарағанда барынша «солшыл» және Болотовтың мәлімдемелерінен советтік леп айқын байқалады.

Маусым айында Болотов Мемлекеттік қауіпсіздік комитетін (КГБ) құрды, оның Сталиннен кейінгі кезеңдегі тыңшыларға қарсы бағдарламаны еске салатын СМЕРШ атты құрылымы бар.

Болотовтың билігін жергілікті командир, ресми түрде Болотов пен Новороссия әскери командирі Игорь Гиркинге (әскери фамилиясы Стрелков) бағынатын Алексей Мозговой басып отырады. Ол 21 сәуір күні «халық сайлаған» ЛХР басшылығына наразылар жиналған шеруде Болотовқа қарсы шықты.

Федоровский Ресейлік Дон өзенінің казактары да ЛХР-на айтарлықтай ықпал ететінін ескертеді. Дон казактарын ресейлік Николай Козицын басқарады. Федоровскийдің айтуынша, Козицын Ресей-Украина шекарасын бақылайды, «Болотовты дербес билеуші ретінде мойындағысы келмейді».

РЕСЕЙДІҢ ЫҚПАЛЫ АЗДАУ

Сарапшы Блюминовтың пікірі бойынша, казактардан бөлек Ресей азаматтарының ДХР-ға қарағанда ЛХР-ға сөзі көп жүрмейді. Жоғары билікте отырған ресейліктердің саны шамалы.

Луганск әуежайына апаратын көлік жолы ресейшіл сепаратистер мен Украина әскері арасындағы ұрыстан соң. 14 шілде 2014 жыл.
Луганск әуежайына апаратын көлік жолы ресейшіл сепаратистер мен Украина әскері арасындағы ұрыстан соң. 14 шілде 2014 жыл.

Бірақ ресей саяси стратегі Марат Баширов осы айдың басында ЛХР премьер-министр міндетін атқарушы болып сайланды. Ол Путинге жақын олигарх Виктор Вексельбергтің адамы саналады. ЛХР қаржы жөніндегі вице премьері Дмитрий Семенов те - ресейлік. "Министрліктерде" осындай оншақты Ресей азаматы отыр (қорғаныс, ішкі істер, төтенше жағдай министрлігі).

Жалпы пікір бойынша, жергілікті украиналықтар Луганск армиясын оңтүстік-шығыста бақылауда ұстап отыр. Украина әскери сарапшысы Алексей Орестович әскери күштің бірнеше мың жауынгерден құралғанын, олардың 30-40 пайызын орыс еріктілері мен жалдамалы әскерінен тұратынын айтады.

Ал Блюминов әскерилердің саны 12-15 мың адам, оның 10-15 пайызы ресейлік дейді. Болотовтың аймақтағы саяси үстемдігі Стрелков тәрізді басқа әскери басшының жоқ екенін көрсетеді, кейде оның ұйымдастыру әдісінен кемшілік байқалып жатады.

Аймақтың Ресейге жақын орналасқанынан көп пайда көріп отыр. Әскери сарапшы Орестович Украина үкіметі әскери операциясын бастағаннан бері аймақтағы әскерилер саны көбеймесе, азаймағанын айтады. Ол үкіметтің «террорға қарсы операциясы» Киев мәлімдеген деңгейден төмен болды дейді. «Жағдай жақсарған жоқ. Үкіметтің билігі де, әскери қауқары да жетпей жатыр» дейді ол.

Ресей мен Украина арасындағы шекара маңындағы "Изварино" бекетінде тұрған ресейшіл сепаратист. 22 маусым 2014 жыл.
Ресей мен Украина арасындағы шекара маңындағы "Изварино" бекетінде тұрған ресейшіл сепаратист. 22 маусым 2014 жыл.

Шайқастың күшеюі Луганск қаласының тұрғындарына ауыр тиіп отыр. Өзін Игорь деп ғана таныстырған жас жігіт қалада жүрудің қауіпті екенін айтады. «Белсенділер ғана емес, коменданттық сағат кезінде көшеге шыққан қарапайым тұрғындар да оңтүстік-шығыстағы әскерге қосылуға мәжбүр болады» дейді ол.

Петро есімді тағы бір тұрғын Азаттыққа кем дегенде отыз адамды әскерилердің ұрлап кеткенін естігенен айтты.

Игорь жергілікті өнер орталығы мен көрме алаңдарын басқарады. Оның айтуынша, бір шара кезінде әскерилер келіп, коменданттық сағатты бұздың деп айыптаған. «Олар картиналарды ата бастады. Бірақ қыздар олармен сөйлесіп, сусын берді, содан кейін тынышталды» дейді ол. Осыдан соң Игорь алаңды жауып тастаған, себебі оның бұрынғы әріптестері мен клиенттерінің көбі Луганскіден кетіп қалған.

Олег Суховтың мақаласын аударған – Мұхтар Екей мен Динара Әлімжан.

XS
SM
MD
LG