Яцзюнь Чжанның мақаласы «Қытайдың бәсекеге төтеп беру қабілеті әлсіреп барады» деп басталады.
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ТОҚЫРАУ
Автор «Бұл - барлық тауар өндірушілерге қатысты құбылыс. Сөмке мен жейдеден бастап, электроникаға дейінгі тауар өндірушілер салыстырмалы түрде арзан Оңтүстік-шығыс Азия рыногына кете бастады. Қытайдағы шетел инвестициясының азаюы әлемдік экономикаға ықпал етпей қоймайды. Пекин өнім сапасын жоғарылатып, қымбат тауардан пайда көргісі келеді» дейді.
Автор мақаласында Қытайдың сауда министрлігінің дерегін келтірген: «2012 жылы шетелдік инвестициялар 3,7 пайыз азайып, 2011 жылмен салыстырғанда 111,72 миллиард АҚШ долларына кеміген. 2009 жылғы дағдарыстан соң Қытайда бұндай инвестициялық тоқырау бірінші рет болып отыр. Сол кезде Қытай экономикасында шетелдік салымның 13 пайыз кемуі АҚШ пен Еуропадағы бизнестің дамуына кесірін тигізген».
Экономистердің айтуынша, «2012 жылғы инвестицияның кемуіне Қытайдағы жалпы өсімнің төмендеуі мен Европадағы қарыз дағдарысының ұзаққа созылуы себеп болған. Сонымен қатар, жалақы мөлшері мен басқа шығындардың көбеюі Қытайдың инвестициялық тартымдылығын төмендеткен».
ЭКОНОМИКАЛЫҚ МИГРАЦИЯ
Сарапшылардың бағалауынша, «Осыны пайдаланған Қытайдың көршілері жағдайларын түзеп алды. Тайландта тікелей қаржы салымы 2012 жылы 63 пайыз артса, Индонезияда 27 пайыз көбейген».
Қытайдың оңтүстігіндегі Гуандун провинциясында жасанды тері өндіретін италиялық Coronet SpA компаниясы Вьетнамда жаңа зауыт ашуды көздеп отыр. Өнеркәсіп басшысы Джарно Тальяринидің айтуынша, «Оңтүстік-шығыс Азия елдерінде жұмыс күші арзан». «Клиенттеріміздің көбі өндірісін сол жаққа көшірді» дейді ол сөмке мен аяқ киім шығаратын зауыттарды меңзеп. Ол «Барлық елдердің рыногын сараптай келе Вьетнамды таңдағандарын» айтқан.
Басылымның жазуынша, «Қытай шетелдік капиталдың көмегімен арзан электростанция салып, «өсімнің ғаламдық қозғалтқышына» айналған. Бірақ қала халқының саны артқан сайын жалақыны көбейтіп, еңбек жағдайын жақсарту туралы талаптар күшейді, осыдан соң Қытайға қызығатын шетелдіктердің көңілі суый бастады».
«Қытай басшылары енді өз тұтынушыларына үміт артады» дейді автор. «Бұған себеп те жоқ емес: 2012 жылы өндірістегі шетелдік қаржы салымы 6,2 пайыз кемісе, қызмет көрсету секторында 4,8 пайыз артқан».
«Біз енді арзан өнім шығарудан бәсекелес болмаймыз» дейді сауда министрлігінің баспасөз хатшысы Шэнь Данян. Ол «Кейбір компаниялардың Қытайдан кетіп, басқа елге қоныс аударғанын байқап жүргендерін, оның қалыпты құбылыс екенін, бірақ әлі де шетелдік инвесторлар Қытайға келе береді деген үміттері бар екенін» айтқан. Ал Қытай сауда министрі Чэнь Дэминнің болжауынша, «2013 жылы да жағдай өзгермейді».
Бұл құбылыс Қытайдың көршілеріне қолайлы кезең туғанын аңғартады. Оңтүстік-шығыс Азия елдері 1997 жылғы ғаламдық дағдарыс кезінде шетел инвестициясынан екі пайыз ғана пайда көрсе, қазір ол 7,6 пайызға жетіп, Қытайдың 8,1 пайызына жуықтап қалды.
Азиялық фирмалар Қытай инвестициясының құлдырауына көп ықпал етті. Гонконг, Тайвань, Макао, Жапония, Филиппин, Тайланд, Малайзия, Сингапур, Индонезия мен Оңтүстік Корея сияқты 10 елдің қаржы салымы 4,8 пайызға төмендеген.
ЖАПОНИЯ ТЕРІС АЙНАЛДЫ
Басылымның жазуынша, «Қытайдағы инвесторлардың басқа аймаққа көшуіне ықпал етушілердің бірі – Жапония. Бір жыл бұрын жапондар Қытайға 16 пайыз қаржы салған. Бірақ екі ел арасында келіспеушілік туындап, жапон фирмалары басқа жаққа қоныс аудара бастады. Өткен жылдың қыркүйегінде Қытайда Жапонияға қарсы наразылық акциялары болып, шеруге шыққан жұрт жапон автокөліктерін қиратқан еді. Балама рынок іздеген жапондар Вьетнам экономикасын дамытуға көшті. Өткен жылы Тайланд пен Вьетнамның ең ірі инвесторы Жапония болды».
Жапондық кәсіпкерлердің арасында жүргізілген сауалнама көрсеткендей, олардың 52 пайызы алдағы жылдары Қытайда кәсібін дамытуға ынталы (өткен жылы 67 пайыз болған). Jetro компаниясының Қытай және Солтүстік Азия бөлімі бойынша директоры Йоичи Майенің айтуынша, «Жұмысшылар жалақысының өсуі мен саяси шиеленістер Жапонияның Қытайдан теріс айналуына ықпал еткен». Бірақ сарапшы Қытайдың тиімді рынок екенін жоққа шығармайды. «АҚШ-тан басқа осындай үлкен рынок пен өндіріс желісін жақсы жолға қойған елді табу қиын» дейді ол.
«Компаниялардың басқа елдерге миграция жасауы олардың Қытайдан түбегейлі кеткенін білдірмейді» дейді автор. Қытайдағы Америка сауда палатасының 300 мүшесінен сауалнама алғанда, олардың 58 пайызы «Қытай үш үздік инвестициялық ел қатарында қала береді» деп жауап берген.
HSBC банкінің экономисі Тринх Нгуеннің пайымдауынша, 2005-2011 жылдар аралығында Қытай өндірісіндегі жалақы 20 пайыз өскен. «Қытайға құйылатын шетелдік инвестиция көлемі тұрақты болғанымен, бірақ экономикалық өсім бәрібір кемиді» дейді ол.