Accessibility links

Футболдағы төбелестің соңы шығынға ұласты


Поляк және орыс фанаттарының төбелесі
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:22 0:00

Поляк және орыс фанаттарының төбелесі. Варшава, 12 маусым 2012 жыл.

УЕФА Германия, Португалия және Ресей футбол федерацияларына қатысты шешім шығарды. Жанкүйерлер тәртіпсіздігіне байланысты Ресей 120 мың еуро, Германия 10 мың еуро, жарысқа кешіккен Португалия 5 мың еуро айыппұл төледі.

Маусымның 9-ы Германия мен Португалия командалары ойнап, неміс жанкүйерлері алаңға түрлі зат лақтырған. Германия футбол одағы жақтастарының осы қылығы үшін 10 мың еуро айыппұл төледі.

Португалия футбол федерациясы да 5 мың еуро айыбын берді. Бұл команда матчтың екінші таймына кешігіп келген.
Польша мен Ресей ұлттық құрамаларының жақтастары арасындағы төбелес. Варшава, 12 маусым 2012 жыл.
Польша мен Ресей ұлттық құрамаларының жақтастары арасындағы төбелес. Варшава, 12 маусым 2012 жыл.

Төбелес шығарған ресейлік жанкүйерлердің айыбы – 120 мың еуро. Ресей футбол одағы бұл ақшаны төлеп берді. Оған қоса 2016 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу жарысында Ресей құрамасынан 6 ұпай шегерілетін болды.

Варшава соты Ресей фанаттарына тиіскен 184 полякқа да үкім шығарды. Олардың екеуі 5 жылға түрмеге түсті. 10 поляк 12 айға шартты түрде сотталды. 172 фанат айыппұл төлейді.

ДЗАГОЕВ «АРСЕНАЛҒА» АУЫСУЫ МҮМКІН

Англияның «Арсенал» командасы Еуропа чемпионатында үш гол соққан ресейлік Алан Дзагоевке «құда түспек». Немістің BILD басылымы «Арсенал» Дзагоевты 13 миллион фунтқа сатып алуға дайын. Оның ЦСКА-мен жасасқан шарты желтоқсанда бітеді. Әзірге «Арсеналға» ауысу жайлы пікірін айтқан жоқ.

Украиналық Андрей Шевченко АҚШ чемпионатында ойнауы мүмкін. Бұл туралы Шевченконың агенті Фабио Паризи айтты. Андрейдің «Динамо» командасымен келісімі бітті. АҚШ-тағы клубтардың бірінен шығуы мүмкін» деген ақпарат таратты.

ТУРИСТЕРДЕН – 9 МИЛЛИОН ГРИВЕН ПАЙДА

«Сегодня Украина» ақпарат агенттігі Львов қаласының бюджетіне Еуро-турнирдің алғашқы күні 9 миллион гривен пайда түскенін жариялады. Львов қаласының туризм басқармасының бастығы Галина Грынык «Әр турист күніне 110 еуро жұмсапты. Яғни, қала бюджетіне түскен 9 миллион гривеннің бәрі - солардың ақшасы. Болжам бойынша, ай соңында бұл табыс 30-40 миллион гривенге жетеді» дейді.
Ай соңында бұл табыс 30-40 миллион гривенге жетеді.


Еуро-турнирдің алғашқы үш күнінде Львов қаласына 60 мың турист келіпті. Олардың көбі – Германия (15 мың) мен Португалиядан (6 мың) барған.

Еуропа чемпионатының алдында Украина билігі елге 500 мың турист келеді деп болжаған еді.
XS
SM
MD
LG