«Қызыл фурия» осы жолғы финалда «Скуадра адзурраны» ойсырата ұтты – 4:0.
Финалдық ойынның алғашқы голын 14-минутта Давид Сильва салды, 41-минутта Хорди Альба есепті 2:0-ге жеткізді. 84-минутта Фернандо Торрес үшінші гол соқты, 88-минутта Торрестің пасын Хуан Мата төртінші голға айналдырды.
«ДӘЛ ҚАЗІР ИСПАНИЯҒА ТЕҢ КЕЛЕР КОМАНДА ЖОҚ»
Матчтан кейін Қазақстан құрамасының ойыншылары мен Азаттықтың сарапшылары финал жайлы ой бөлісті.
Қазақстан құрамасының және «Ақтөбе» командасының ойыншысы Самат Сымақов «Дәл қазір әлемде Испанияға тең келер команда жоқ» дейді.
- Бұл кездесуде Испания құрамасы фаворит саналды. Ал Италиядан жанкүйерлер жеңіс пен ерлік күтті. Англия мен Германияны жарыстан шығарған Италия құрамасының шаршап қалғаны көрініп тұр. Финалда әдемі ойын көрсетуге шамалары жетпеді, - деді футболшы Самат Сымақов.
Ал Қазақстан жастар құрамасының ойыншысы Саят Сариев Италиядан тек қана ерлік күткенін айтады.
- Италиядан жеңіс күттім. Бірақ жеңіске жете алмады. Жалпы, финалдық ойын көңілімнен шықпады. Финалға сай тартысты да тартымды матч болмады, - деді ол.
Футбол жанкүйері Мейірбек Нүрекеевтің пайымдауынша, Испания 2014 жылғы әлем чемпионатында да топ жаруы мүмкін.
- Жанкүйерлердің көбі «Испания турнир бойы солғын ойын көрсетті» деп жатыр. Бірақ бұл - олардың тактикасы. Тактикалық ойын жағынан ұтып кетті. Енді бұл командадан 2014 жылғы әлем чемпионатында ерлік күтемін. Биыл Пуйоль мен Давид Вильясыз-ақ жеңіс жетті. Ал әлем чемпионатында осы екі ойыншы қосылса, тіпті мықты болады. Испанияны бір тоқтатса, сол Бразилия мен Аргентина тоқтатуы мүмкін, - деді жанкүйер Мейірбек Нүрекеев.
Футбол шолушысы Ермұхамед Мәулен «Испания тарихи командаға айналды» деген пікірде.
− Испания командалық тұрғыдан жеңіске жетті. Команда ойыншыларының деңгейі бір. Барлығы бір-бірін түсінісе біледі. Ал Италия ойыншыларының деңгейі әртүрлі. Италияда Пирло, Балоттели, Де Росси сынды мықтылар бар. Алайда үшеуі финалда өз командасын алға сүйрей алмады. Әйгілі футбол бапкері Валерий Лобановский «Командада жекелей жұлдыздар болғанша, команданың өзі жұлдыз болуы керек» дегені бар. Испания – жұлдыз команда, - деді ол.
Сарапшының ойынша, Италияның финалда тегеуірінді қарсылық көрсетуге күш-
жігері жетпеген.
- Италия құрамасы Германиямен ойында көп күш жұмсады. Финалда олар
физикалық және техникалық, психологиялық тұрғыдан жеңілді, -деді Ермұхамед Мәулен.
ИТАЛИЯНЫҢ ФИНАЛҒА ШЫҒУЫНЫҢ ӨЗІ - ЖЕТІСТІК
«Сұңқар» командасының бапкері Асқар Қожабергенов «Италия тактикалық жағынан қателесті» деген пікірде.
- Бұл екі команда топтық кезеңде тең түскен. Бірақ финалда Италия ірі есеппен ұтылды. Себебі Италия бапкері Пранделли матч тактикасын дұрыс қолданбады. Ал Испания құрамасы бірінші таймда-ақ мәселені шешіп тастады. Олар үшін алғашқы 45 минуттың ішінде соққан голдың өзі жеңіс әкелетін еді. Ал соңғы екі гол «артықтау» болып кетті. Бәлкім, финалға Германия немесе Англия шыққанда мүлдем басқа нәтиже болар ма еді. Италия құрамасының дәл қазір ірі турнирлердің финалында ойнауға дайын емес екенін байқадық. Жартылай финалда жақсы көзге түскен Балоттеллидің өзі финалда түк бітіре алмады, - дейді.
Ал спорт комментаторы Рауан Оқас «Испания тактикасын өзгертпесе, 2014 жылғы әлем чемпионатында топ жаруы екіталай» дейді.
- «Барселона» командасы екі-үш жыл қатарынан әлемдегі «жеңілмейтін команда» болған. Бірақ биыл бұл команданы «Реал» мен «Челси» жеңіп кетті. Демек «Барселонаның» тактикасын барлық командалар біліп алды. Сол сияқты Испанияның да тактикасы ескіріп барады. Испандарға биылғы жарысты ұту қиынға түсті. Тіпті оларды Хорватия мен Португалия ұтып кете жаздады. Яғни испандардың тактикалық жүйесіне «төңкеріс» керек. Ал Италияның финалға шығуының өзі - жетістік,- дейді спорт комментаторы.
«ЕУРОПА ЧЕМПИОНАТЫ ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙДЕ ӨТТІ»
Футбол сарапшысы Ермұхамед Мәулен биылғы біріншіліктің жоғары деңгейде өткенін айтады:
− Чемпионатты Украина мен Польша ойдағыдай өткізді. Еуропа чемпионатында чехиялық Петр Ирачек пен Вацлав Пиларж, италиялық Марио Балоттели, ағылшындардан Уэлбек ерекше көзге түсті. Осы ойыншылар - биылғы біріншіліктің жаңа жұлдыздары. Бұл футболшылардың енді футбол трансферінде бағасы қымбаттайды. Ал Голландия мен Франция біріншілікте сәтсіздікке ұшырады. Ресей
мен Швецияның жеңілісі - заңдылық. Грекия – ерекше көзге түскен
команда.
ЕУРО-ТУРНИРДІҢ СТАТИСТИКАСЫ
Испания құрамасының шабуылшысы Фернандо Торрес Еуропа чемпионатының мергені атанып, «Алтын бутсаға» ие болды. Торрес біріншілікте үш голдың авторы атанды.
Фернандодан бөлек бес ойыншы да үш гол салған. Футбол заңы бойынша, соңғы ойындарда гол соққан ойыншыға басымдылық беріледі.
Турнир барысында 116 рет ескерту жасалды. 3 ойыншы алаңнан қуылды: Сакротис Папастапулос (Грекия), Войцех Щесны (Польша), Кит Эндрюс (Ирландия).
Италия құрамасы - Еуропа чемпионатының ең тәртіпсіз командасы. «Скуадра адзурра» ойыншыларына 15 сары қағаз көрсетіліпті. Испандық Альваро Албелоа алаңда 17 рет ойыншыларды шалып жыққан.
Португалиялық Кришитану Роналду – турнирдің «соқыр мергені». Ол гол салуға берілген 20 мүмкіндікті пайдалана алмаған.
Чемпионат кезінде ең көп гол соққан – Испания құрамасы (15 гол). Ал ең көп
гол соққызған – Ирландия құрамасы (9 гол).
Алаңда ең көп тәртіп бұзған команда – Португалия құрамасы (91 фол).
Ең көп гол соғылған ойын – Германия-Грекия (4:2).
Еуропа чемпионатының финалында екі команданың да капитаны қақпашы болды. Бұл бұрын-соңды тарихта болмаған.
Испания бапкері Висенте Дель Боске - әлем чемпионаты мен Еуропа чемпионатын ұтқан екінші бапкер. Алғашқысы – неміс бапкері Хельмет Шен. Шен 1972 жылы Еуро-турнирді, 1974 жылы әлем чемпионатын ұтқан.
Азаттық бірінші мәрте ірі халықаралық турнир туралы басынан аяғына дейін қамтып жазып отырды. Азаттықтың Еуро-2012 парақшасынан чемпионаттың барлық ойындары туралы талдау оқи аласыздар. Одан бөлек Еуро-2012 төңірегіндегі саясат, жанкүйерлер мен жекелеген спортшылар туралы қызық мәліметтер табасыздар.
Редакция енді Лондон олимпиадасына арналған парақшасын ашады. Яғни Азаттық сіздерді маңызды спорт оқиғаларынан үнемі хабардар етіп тұрмақ.