Accessibility links

"Үлкен жетілік" елдерінің Ресей алтынына салған тыйымы қалай жұмыс істейді? Түсіндіреміз


Ресейде өндірілген алтын құймасын ұстап тұрған адам. Көрнекі сурет.
Ресейде өндірілген алтын құймасын ұстап тұрған адам. Көрнекі сурет.

Ресей 1917 жылғы большевиктер революциясынан бері алғаш рет сыртқы қарыз бойынша дефолтқа ұшырағанға ұқсайды. Ал АҚШ пен оның әріптестері Ресейдің энергетикадан кейінгі ең үлкен экспорт өнімі – алтынды нысанаға алды.

Сейсенбі, 28 маусымда "Үлкен жетілік" елдері ресми түрде Ресей алтынын импорттауға тыйым салды. Бұл Ресейдің Украинаға басқыншылығына байланысты салынған санкциялардың кейінгі легі болды.

АҚШ Ресейдің алтынды санкцияларды айналып өтіп, валютасын қолдау үшін пайдаланып отырғанын айтады. Бұлай істеудің бір амалы – алтынды қазіргі санкцияларға ілінбеген шетел валютасына айырбастау.

Сарапшылар алтынға бірнеше мемлекет қана тыйым салатындықтан, бұл қадамның тек символикалық мәні бар дейді. Ал басқалары Ресей алтыны импортына тыйым салу оны әлемдік қаржы жүйесінен алыстатуға бағытталғанын айтады.

"Красцветмет" зауытында таза алтын құймасын қалыптан алып жатқан жұмысшылар. Красноярск, Ресей, 22 қыркүйек 2017 жыл. Көрнекі сурет.
"Красцветмет" зауытында таза алтын құймасын қалыптан алып жатқан жұмысшылар. Красноярск, Ресей, 22 қыркүйек 2017 жыл. Көрнекі сурет.

РЕСЕЙДЕ ҚАНША АЛТЫН БАР?

АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен 26 маусымда CNN арнасына берген сұхбатында Ресейде алтын экспорты энергетика саласынан кейін екінші орында тұрғанын және бұдан табыстың тоқсан пайызы "Үлкен жетілік" елдерінен түсетіндіктен, "оны жылына 19 млрд доллардан айыру маңызды" екенін айтты.

"Қорғаныс саласын, технологияларын, энергетикалық зерттеулерін жетілдіру үшін қажетін ала алмайды" деді Блинкен.

2014 жылы Ресей Қырымды аннексиялағаннан кейін санкцияларға ілініп, алтын сатып алуды көбейткен. АҚШ ресми тұлғаларының дерегінше, қазір Ресейдің құны 100 – 140 миллиард доллар болатын алтын қоры бар. Бұл Ресей орталық банкі активінің жиырма пайызына тең.

Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

АЛТЫНҒА ТЫЙЫМ САЛУ ҚАЛАЙ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ?

Ресей "Үлкен жетілікке" кірмейтін басқа елдерге алтын сата алса да, бұл "Ресейдің экспорттан табыс табуына әсер етеді" деді Macro-Advisory Компаниясының Ресей экономикасы жөніндегі сарапшысы Крис Уифер.

"24 ақпаннан кейін санкциялар күшейісімен экспорттан түсетін осы жоғары табыс Ресейді және экономикасын қолдап отырды" деді Уифер.

24 ақпаннан кейін санкциялар күшейісімен экспорттан түсетін осы жоғары табыс Ресейді және экономикасын қолдап отырды

Іс жүзінде бұл Ресейден алтын әкелуге тыйым салған елдердің азаматтарына қатысты азаматтық немесе қылмыстық жауапқа әкелуі мүмкін.

Швейцария шекарашылары 24 маусымда құны 202 миллион доллар болатын үш тонна Ресей алтынын анықтағанын мәлімдеді. Оны Швейцарияға мамыр айында Ұлыбританиядан апарған, осылайша Ресейге қарсы экономикалық санкция талаптарын бұзған.

АЛТЫН САТУҒА ҚАТЫСТЫ ҚАНДАЙ ШАРАЛАР ҚАБЫЛДАНДЫ?

Наурызда АҚШ пен оның әріптестері Ресей орталық банкінің алтынға қатысты қаржы операцияларын бұғаттады. Осылайша олар елді халықаралық қорын қолдану мүмкіндігінен айыруды көздеді. Бұл шара конгресс мүшелері Ресеймен алтын саудасын шектеуге шақырған соң қабылданды.

АҚШ қаржы министрлігі елдің жеке тұлғаларына, соның ішінде алтын алатын дилерлерге, дистрибьюторларға, көтерме саудамен айналысатындарға және қаржы мекемелеріне Ресей алтынын сатуға, сатып алуға немесе оның саудасына ықпал етуге тыйым салды.

БҰЛ ШАРА РЕСЕЙГЕ ҚАЛАЙ ӘСЕР ЕТЕДІ?

Ресейге салынған мыңдаған санкция секілді алтын импортына салынған тыйым елдің экономикасын оқшаулап, оны қаржыдан айыруға бағытталған.

Суретте солдан оңға қарай: Еуропа кеңесінің төрағасы Шарль Мишель, Италия премьер-министрі Марио Драги, Канада премьер-министрі Джастин Трюдо, Франция президенті Эммануэль Макрон, Германия канцлері Олаф Шольц, АҚШ президенті Джо Байден, Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон, Жапония премьер-министрі Фумио Кисида және Еурокомиссия жетекшісі Урсула фон дер Ляйен "Үлкен жетілік" саммитінде. Германия, 26 маусым 2022 жыл.
Суретте солдан оңға қарай: Еуропа кеңесінің төрағасы Шарль Мишель, Италия премьер-министрі Марио Драги, Канада премьер-министрі Джастин Трюдо, Франция президенті Эммануэль Макрон, Германия канцлері Олаф Шольц, АҚШ президенті Джо Байден, Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон, Жапония премьер-министрі Фумио Кисида және Еурокомиссия жетекшісі Урсула фон дер Ляйен "Үлкен жетілік" саммитінде. Германия, 26 маусым 2022 жыл.

Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон Германияның Эльмау қаласында өткен "Үлкен жетілік" кездесуінде бұл тыйым "Ресей олигархтарына соққы жасап, Путиннің әскери жүйесінің қақ жүрегіне тиеді" деді.

"Путин сарқылып бара жатқан ресурсын мәнсіз, жабайы соғысқа жұмсап жатыр. Ол украин және Ресей халқын сорлату арқылы нәпсісін қанағаттандырып жатыр" деді Джонсон.

Ақ үйдің ресми өкілі журналистерге бұл тыйым Ресей экономикасы мен әлемдік қаржы жүйесінің арасындағы жолды жабу амалы деп атады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG