Оңтүстік Грузияның мұсылмандары мен православ христиандары арасында «мұнара дауы» шықты. Жергілікті билік тамыздың 26-сы күні Самцхе-Джавахети аймағының Чела ауылындағы мешіттің 24 метрлік мұнарасын алып кетіп, елдегі мұсылмандардың ашу-ызасын тудырды. Бұны істеген Грузия қаржы министрлігі өкілдері Түркиядан шілде айында әкелінген мұнараның «кеден құжатында көрсетілген материалдан жасалғанын тексермек болдық» дейді.
«МҰСЫЛМАНДАРДАН КЕШІРІМ СҰРАСЫН»
Мұнараны орнынан алуға кедергі жасамақ болған мұсылмандарды полиция қудалаған. Сол күні 20 шақты адам тұтқындалды. Мұнараны алуға қарсылық көрсеткендердің біразы жараланған.
Құқық қорғаушы ұйымдар мен Грузияның бас мүфтиі Джемал Паксадзе бұл операцияны «адам құқын бұзу» деп сипаттады. Мұсылман наразылар көрші Аджария аймағының орталығы - Қара теңіз жағалауындағы Батуми қаласына да жиналған. Шеруге шыққан бір азамат:
- Әділет талап етеміз, мұнара орнына қойылсын, вандализм әрекетін жасағандар барлық мұсылман қауымнан кешірім сұрасын, - дейді.
Мұнара Тбилисиде тексеруден өтіп, тамыздың 29-ы күні ауылға қайтарылған. Бірақ сол күні православ христиандар мұнараның келуіне бөгет жасап, Чела ауылына келетін жолды жаппақ болған.
Ахалцихе облысы орталығына жиналған белсенділер Грузияда мұнаралар орнатуға қатысты референдум өткізуге шақырады. Қазір мұнара Чела ауылының маңында қоймада сақтаулы тұр. Проваслав және мұсылман дінбасылары келісімі бойынша ол әзірге орнына қойылмайды. Бірақ дау мұнымен тоқтаған жоқ.
«ДІНИ АРАЗДЫҚ ТУДЫРУДЫ КӨЗДЕЙТІНДЕР БАР»
Қыркүйектің 2-сі күні осы мәселеге қатысты көзқарасын білдірген премьер-министр Бидзин Иванишвили «мұнараның заңсыз алынғанын, діни сенім мәселесіне келгенде үкіметтің ерекше сақ болуы керек екенін» ескертті.
Иванишвилидің бәсекелесі, Грузия президенті Михаил Саакашвили бұдан бұрын «мұнараның алынғаны - Грузия мұсылмандарына қарсы жасалған заңсыз әрекет» деп мәлімдеген еді. Грузин православ шіркеуі жұртты сабырға шақырып, «діни алауыздық тудыратын әрекеттерге бармайық» деген үндеу жасады.
Патриархия өкілі Давид Шарашенидзе «елде діни қақтығыс тудыруға тырысатындар бар» екенін айтты.
- Біреулер Нигвзиани, Цинцкаро және Самтацкаро ауылдарында да діни алауыздықты өршітпек болған. Олар христиандар мен мұсылмандарды бір-біріне қарсы қойып, солайша шіркеу мен мемлекеттің беделін түсірмек, - дейді ол.
Шарашенидзе мұсылмандар мен христиандар аралас тұратын, Гурия ауданындағы Нигвзиани ауылындағы, Квемо Картли ауданындағы Цинцкаро ауылындағы және Кахети ауданындағы Самтацкаро елді мекеніндегі 2012 жылы болған шиеленістерді меңзеп отыр. Аталған ауылдарда жергілікті христиандар мұсылмандарға қарсы шығып, мешітке айналған үйлерде ғибадат жасауға наразылық танытқан еді.
Чела ауылы мен Адиген ауданының басқа ауылдарындағы мұсылмандардың саны соңғы жылдары Аджариядан қоныс аударғандар есебінен көбейген.
Антуан Блуа мен Азаттықтың Грузин қызметінің мақаласын аударған – Динара Әлімжан.