Германиядағы танымал таблоид Ресейдің Украинадағы «гегемониялық әскери саясатына наразылық ретінде» Берлиндегі соғыс мемориалынан совет танкілерін алып тастауды ұсынды.
«РЕСЕЙ ТАНКІЛЕРІ ЕУРОПАҒА ҚАУІП ТӨНДІРІП ТҰР»
Тиражы көп Bild басылымы «Берлиндегі соғыс мемориалының алдында тұрған екі совет танкісін алып тастау керек» деген бастама көтеріп, петиция жариялады.
1945 жылы тұрғызылған бұл кешен екі Германияның қырғиқабақ соғыстан соң қайта қосылуының символы болған Бранденбург қақпасынан таяқ тастам жерде тұр.
Bild басылымы сәуірдің 15-і күнгі санында «Ресей танкілері еркін, әрі демократиялық Еуропаға қауіп төндірген қазіргі кезде Ресей танкілерінің Бранденбург қақпасында тұрғанын қаламаймыз» деп жазады.
Басылым Кремльді «Қырымды аннексиялап, Украинаның шығыс шекарасына әскерін шоғырландыру арқылы бұл елдің бостандығына қатер төндіріп отыр» деп айыптады.
Bild басылымы бұл пікірді жақтайтындарды петицияға қолдарын қойып, наразылық петициясын Германия парламентінің төменгі палатасы – Бундестагқа жіберуге шақырды.
БУНДЕСТАГ НЕ ІСТЕЙДІ?
«Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде талай азапты бастан кешкен совет халқын құрметтеудің орнына» газеттің мұндай мазмұнда петиция жариялауы Ресейде ашу-ыза туғызуы мүмкін.
Ресей басшылығы Батысты «тарихты бұрмалады, соның ішінде 20 миллион совет азаматы мерт болған Екінші дүниежүзілік соғыстың ақиқатын жасырды» деп жиі айыптайды. Бұл – екі жақ арасындағы аса даулы тақырыптардың бірі.
Bild басылымы петициясын ресми түрде парламентке тапсырды.
Ал Бундестаг тұғырда тұрған танкілерді алып тастауға өз бетінше пәрмен бере алмайды. Ол Германия үкіметіне бұл өтінішті орындау туралы кеңес қана береді. Үкімет Бундестаг кеңесін орындауға міндетті емес.
Тиражы жөнінен әлемде алтыншы орынды иемденетін, күніне 2 миллион данасы сатылатын бұл басылымның Германиядағы қоғамдық өмірге ықпалы зор.
Сондықтан, петицияда көтерілген бастама жүзеге асырылуы да ғажап емес. Азаттық радиосына сұхбат берген Бундестагтың петиция комитетінің қызметкері Арите Рохлитц «Біз [петицияны] зерттеп, оның біздің құзырымызға кіретін-кірмейтінін анықтаймыз. Егер қабылданса, онда бұл петиция қалыпты парламенттік процедурадан өтеді» деді.
Яғни, кем дегенде бір коалиция мен бір оппозициялық депутат петицияда қозғалған мәселені зерттеп, тиісті органдармен ақылдасады. Егер олар «петициядағы ұсыныс орынды» деп тапса, онда депутаттар үкіметке тиісті шаралар қолдану туралы ұсыныс жасау мәселесін қарайды.
Бұл процесс бірнеше аптадан бірнеше жылға созылуы мүмкін. Алайда, екі Германияны біріктіру жөніндегі халықаралық келісімдер совет танкілерін алып тастауға кедергі болуы ықтимал.
Арите Рохлитц «Мемориалда соғыс кезінен қалған бейіттер де бар. Екіжақты келісім бойынша, оларды қарап, күтіп ұстауымыз керек» дейді.
СОВЕТ ЕСКЕРТКІШТЕРІ ТӨҢІРЕГІНДЕГІ ДАУЛАР
Совет дәуірінің соғыс ескерткіштеріне қатысты дау бірінші рет туып отырған жоқ.
1991 жылы өнер оқу орнының студенттері Прагадағы совет танкісін қызыл түске бояп тастаған. Ресей қарсылық нотасын жіберген соң танк қайтадан жасыл түске боялды, бірақ белсенділер оған кейін тағы да қызыл бояу жағып тастады.
2007 жылы Эстония астанасы Таллиндегі Қызыл армия солдатына қойылған ескерткішті алып тастағанда да, Мәскеу наразылық білдірген. Осыған байланысты Эстония астанасында болған қақтығыстардан бір кісі қаза тауып, 40-қа жуық адам жараланған.
(Клэр Бигтің мақаласын ағылшын тілінен аударған – Мұхтар Екей)
ФОТОГАЛЕРЕЯ: Совет танктеріне ескерткіштер