Осы аптада Жакартада өткен Әлемдік Ислам экономикасы форумында саясаткерлер мен іскер топтар ислам қаржы құрылымдарының саналы түрдегі сақтығын мадақтады.
Олар ислам банктерінің батыстық әріптестері сияқты ғаламдық қаржы дағдарысынан қатты зардап шекпегеніне бұл банктердің ислам заңдарына қарсы зиянды активтерге инвестиция салмағанынан деп отыр.
Индонезия президенті Сусило Бамбанг Юдхойононың айтуынша, қаржы дағдарысы банк пен қаржы саласындағы ислам шарттарының мықтылығын дәлелдеді. Оның атап көрсетуінше, батыстық банктер исламшыл банктерден көп нәрсе үйренуі тиіс.
Президент Сусило Бамбанг Юдхойоно Ислам банктерін ғаламдық экономикалық дағдарыста көбірек жетекшілік рөл алуға шақырды.
Шындығында, Құрандағы тыйымдар исламдық қаржы институттарының батыстық дәстүрлі банктер сияқты жұмыс істеуіне қиындық әкеледі.
Мәселен, ислам заңдары ішімдік және харам саналатын шошқа етін сататын немесе құмартатын ойындарға қатысты бизнеске ақша салуға тыйым салады. Ол деген ислам банктері өздерінің клиенттеріне банктегі депозит қаржысы исламға қарсы кәсіптік шараларға салынбайтынына сендіру керек.
Исламдық қаржыландырудың тағы бір негізгі шарттарының бірі - Құранда тыйым салынған “әл риба” өсім алушылыққа жол бермейді. Мұнда несие немесе депозит ақшаға өсім пайызын төлеуге болмайды. Ислам заңдары бойынша банктен қаржы тек жылжымайтын мүлік пен заттай әрі алтын, жер алу немесе жабдықтар сияқты материалды қорларға беріледі.
Голландияда тұратын исламдық қаржыландыру жөніндегі кітаптың ауторы Абдул Гафур Азаттық радиосына берген сұхбатында, шариғат заңдарында ислам банктеріне өсім әкелетін ипотекалық несие беруге тыйым салынады. Бірақ, шариғат заңы жылжымайтын мүлікке тікелей ақша салуға жол береді деді:
“Ислам банктері көбіне жылжымайтын мүлік пен осы сияқты нәрселерге көбірек ақша салады. Енді жылжымайтын мүліктің бағасы түскен кезде, банктің де құнды қағаздарының бағасы түседі. Бұл олардың жылжымайтын мүлікке тікелей инвестиция салу-салмауына немесе қорғануына байланысты болады. Мұнда сіз ислам банктерінің күші туралы жалпы ештеңе айта алмайсыз. Ол әрбір жеке банкке, өздерін қалай ұстағандарына байланысты”.
Іс жүзінде ислам банктерін басқаруға арналған бір тәртіп бекітілмеген, шариғат заңы сияқты ол да өзіндік түсіну мәселесіне тіреліп отыр.
Кейбір консервативті ислам ғалымдары қор биржаларына ақша салудың өзі құмартудың бір түрі деген тұжырым жасайды. Ал оған қасиетті кітап Құранда тыйым салынған.
Бірақ басқалары Құранда айтылған ондай жағайларды басқа жағынан келтіріп, өздерін қор биржасындағы акцияларды сатуға арналған саудаға қатыспасақ болды деп айтады. Ондай исламшыл банктер дивиденд иеленуге жол беретін әдеттегі акцияға инвестиция салады.
Исламдық қаржыландыру бойынша белгілі сарапшы Нил Миллер ислам банктері бүгінгі дәстүрлі банктерге үлгі болуы керек дегенді айтады.
“Ислам банкі туралы жағдай ақырында кейбір мәселеде банк ісін бұрынғы жолға қайта түсірді. Ол басым түрде қарым-қатынас пен тәуекелді сараптауға кейбір арнайы жобаларда немесе бір компанияны қаржыландыруда қауіптер мен байланыстарды түсінуге негізделген. Адамдарға сондай негіздерге көшу керек.”
Бірақ сарапшы Миллер бүгінгі қаржылық дағдарыста иммунитетті сақтап қалу үшін исламдық банк болу ғана жеткілісіз екенін ескертеді.
Исламдық қаржылық ақпарат қызметінің бас сарапшысы Фирас Аби Али ислам банктері жалпы алғанда кредит дағдарысын оңтайландыруда жақсы жағдай тауып отыр деген пікірлермен келісе отырып, басқа банктердегі тұрақсыздық пен дүрбелең кейбір мұсылман емес адамдарды Ислам банкіне келуге итермеледі деп отыр.
Бұрынғы совет елдері Орталық Азияда исламдық қаржы құрылымдарын заңдық жолмен құру шаралары қолға алына бастады.
Ақпан айында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев елде исламдық банктің құрылуына жол ашатын заңға қол қойды.
Қырғызстан парламенті де өткен аптада исламдық қаржы негіздерін елдегі банк жүйесіне енгізу жөніндегі заң жобасын мақұлдады.
Қазақстандық «Кәусар Консалтинг» компаниясының атқарушы директоры Едіге Алпысбайдың айтуынша,
“Ислам банктері туралы заң Қазақстан нарығына қосымша қаржы институттарын алып келеді. Осы жылдың аяғына дейін 1-2 ислам банкі ашылады деп жоспарлануда”.
Ислам банктерінің артықшылықтарына тоқталған қаржыгер-сарапшы Ғалым Байназаров болса исламдық банктердің әсіресе, ауыл халқы үшін үлкен көмек болатынын айтады:
“Бұл банк мына ауылдағы кепілге қоятын дүние-мүлкі жоқ кедей-кепшікке пайдалы. Олардың ерекшелігі сол - бастаған жұмыстарындағы қиындықты жобаның иесімен бірге көтереді. Банктік тәуекел дейді ғой. Егер бастаған жоспарларында кінәрат табылып, қиындыққа кездессе, онда банк те, жеке кәсіпкер де оның ауыртпашылығын қатар тартады. Мұндай банк жүйесі Қазақстанға өте керек-ақ. Бұл бизнеске жаны ашып жұмыс істейтін банк,”-деген қаржыгер-сарапшы.
Бірақ сын айтушылар мұнда болуы мүмкін инвесторлар ақшасын Ислам банкіне салудан бұрын өз зерттеулерін жүргізуі қажет деген сияқты мәселелер бар екенін айтады.
Тағы басқалар исламдық қаржыландыру ғаламдық қаржы жүйесіндегі проблемалармен, әсіресе жылжымайтын мүлік бағасының түсуі тәрізді мәселелермен тығыз байланысты болғандықтан келешекте дағдарыс Ислам банктеріне де әсер етуі мүмкін дейді.
Сонымен қатар исламдық қаржыландыру тақырыбындағы кітап ауторы Абдул Гафур ислам банктерінің қаржы дағдарысынан кеңінен қорғалғаны туралы ештеңе жоқ екенін алға тартады.