Accessibility links

Израиль мен Иран арбасып отыр


Израильдің зымыран құрылғысы. Тель-Авив маңы, 7 қараша 2002 жыл. (Көрнекі сурет)
Израильдің зымыран құрылғысы. Тель-Авив маңы, 7 қараша 2002 жыл. (Көрнекі сурет)

WSJ басылымында 7 ақпан күні Брет Стивенстің «Израиль Иранды бомбалауы керек пе?» деген мақаласы жарияланды. Мақала авторы «Израиль Иранға шабуыл жасай ала ма? Жасай алса, қашан? Қалай?» деген сұрақтарға жауап іздейді.


Жексенбі, 5 ақпан күні NBC тілшісі Мэтт Лауермен кездескен АҚШ президенті Обама: «Израиль не істеуге тиіс екенін шешіп қойды деп ойламаймын» деген еді. Оның бұл пікірі «Израиль Иранға көктемде шабуыл жасайды» деп мәлімдеген АҚШ қорғаныс министрі Леон Панеттаның сөзімен сәйкес келген жоқ.

АҚШ президентінің бұл сөзі Израиль қорғаныс министрі Эхуд Барактың «егер ешқандай да қарсы шара қолданылмаса, шетелдіктердің шабуылынан соң ирандықтар «бейтарап зонаға» өтіп кетуі мүмкін» деген ескертуімен де үндеспеді дейді WSJ («Уолл-Стрит Джорнал») басылымындағы мақала авторы.

ИРАН, ИЗРАИЛЬ ЖӘНЕ АҚШ

«Майдан дабылы қағылды, бірақ қазіргі заман басқа» дейді автор. Дипломатия өзінше әрекет етіп жатыр. Керек десеңіз, БҰҰ дипломаттары да «Иран келіссөздерді уақыт ұту үшін ғана жүргізіп жатыр» дейді. Санкция мерзімі созылып кетті. Израиль Еуропа одағының Иран мұнайы мен қаржы саласына жасаған қысымының нәтижесін жыл бойына күте алмайды деп пайымдайды автор.

Автордың ойынша, бұған дейін Иранға жасалған сан түрлі қоқан-лоқы ескертулер
Иран армиясы зымыран қаруын сынап жатыр. 25 қараша 2009 жыл. (Көрнекі сурет)
Иран армиясы зымыран қаруын сынап жатыр. 25 қараша 2009 жыл. (Көрнекі сурет)
мен кедергілер Иранның атом саласында жасап жатқан жұмысын бәсеңдетуі мүмкін. Алайда оның бәрі Тегеранды райынан қайтаруға жеткіліксіз.

«Израильдің бар қолынан келетіні – бүкіл әлем мезі боп біткенше «Иранға соғыс ашамын!» деп қайта-қайта қорқытып отыру ғана» дейді мақала авторы.

Автордың пайымдауынша, Израиль шабуыл жасаса, АҚШ оны қолдай алмайды. Себебі халық одан соң «Израильдің шабуылын тоқтат» деп, Обаманы жан-жақтан қыспаққа алатынын Иерусалим жақсы біледі. «Суэц каналы дағдарысы» кезінде де Дуайт Эйзенхауер сайлау алдында осындай қиындыққа тап болған. Егер Обама президентікке қайта сайланып алған болса, онда әңгіме басқаша болар еді дейді басылым тілшісі.

ДАБЫРА

Автордың ойынша, Израильдің әскери қуатын дәлелсіз зорайтып көрсететін жалған ақпараттар тым көп. Анығында Израильде ұшқышсыз басқарылатын, әуеде жүріп-ақ реактивті ұшақтарға жанармай құйып беретін үлкен ұшақтар жоқ.

Бірақ Иранға қатысты да дәл сондай қате пікірлер жетіп артылады. «Израиль Иранның ядролық қарулары тұрған нысандарға тегеурінді соққылар бере алмайды» деген пікір де шындыққа жанаспайды. Бұл жағынан алғанда Иранды бейне бір қайта пайда бола қалған СССР сияқты көреді дейді мақала авторы.

Брет Стивенс осы пікірін дәлелдеу үшін Иранның бір басына жетіп артылатын проблемаларын санамалап шыққан. Оның ойынша, Иранның ашық-шашық жатқан нысандарын айтпағанда, жасырын нысандарының өзі үлкен соғысқа төтеп беретіндей мықты емес.

200 МЫҢ ЗЫМЫРАН

Израиль Иранға қарсы соғыс аша қалса, оның соңы күтпеген іске ұласуы мүмкін. Иранның әскери басшылары осыған байланысты алдын ала ескертіп, «Иран ислам республикасына қарсы әскери іс әрекет қай жерде туындаса, сол жердің бәрі де біздің нысанаға ілігеді» деген еді. «Картаға қарасаңыз, Азия мен Орталық Азия бірталай жерді алып жатыр» дейді сарапшы.

Шетелдік сарапшының айтуынша, Израиль айналасындағы көршілерін – зымырандары Иерусалимді көздеп тұрған араб елдерін де есінен шығармайды.
НАТО-ның зымыран қорғанысы жоспарына қарсы шерушілер. Түркия, Стамбул, 10 қараша 2010 жыл. (Көрнекі сурет)
НАТО-ның зымыран қорғанысы жоспарына қарсы шерушілер. Түркия, Стамбул, 10 қараша 2010 жыл. (Көрнекі сурет)
«Көршілері кем дегенде 200 мың зымыранды Израильге қарсы бағыттап қойған. Әлбетте, Израиль – азаматтық қорғанысын әбден күшейткен ел. Бірақ Иран айналасындағы одақтастарын көмекке шақыруы мүмкін. Сондықтан Израиль Ливанмен де, Сириямен де соғысуға дайын болуы керек» дейді сарапшы.

Бұл соғыс Израиль үшін сәтті болса - 1967 жылғы «Алты күндік соғысқа», сәтсіз болса - 1973 жылғы Йом Кипур майданына ұқсайды.

Сондықтан Израиль не істерін білмей тұр. Егер АҚШ Иранға санкция салғаннан арыға бармаса, онда басқа да көршілері атом қаруын жасап біткенше қарап тұрғаннан басқа Израильдің амалы жоқ дейді WSJ басылымындағы мақала авторы.
XS
SM
MD
LG