Accessibility links

AzattyqLIVE. Бейбіт жиын өткізу неге қиын?


Бейбіт жиын өткізу неге қиын?
please wait

No media source currently available

0:00 0:44:09 0:00

Бейбіт жиын өткізу неге қиын?

AzattyqLIVE Қазақстанда тұрғындардың бейбіт жиын өткізу құқығын іске асыруы мен азаматтық бостандықтардың қазіргі ахуалын белсенді, құқық қорғаушы Маржан Аспандиаровамен талқылады.

Польша астанасында Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Демократиялық институттар мен адам құқықтары жөніндегі бюросының (ЕҚЫҰ/ДИАҚБ) адам құқығы өлшемдері бойынша жыл сайынғы конференциясы өтіп жатыр. 16-27 қыркүйек аралығында өтетін жиынға қатысып отырған ЕҚЫҰ-на мүше елуден астам мемлекеттің ресми делегациялары мен азаматтық қоғам өкілдері өз елдеріндегі адам құқығының қазіргі жағдайы туралы баяндайды.

Варшавадағы конференцияға қатысқан Қазақстан үкіметінің делегациясы мен азаматтық қоғам өкілдері бейбіт жиын өткізу бостандығы жөніндегі сессияда елдегі адам құқықтары мен бостандықтарының қазіргі ахуалын әрқилы бағалады.

Үкімет өкілдері Қазақстанда азаматтардың бейбіт жиын өткізу құқығы сақталып отыр деп сендіруге тырысса, белсенділер мен құқық қорғаушылар елде биліктің рұқсатын алмай митингіге шыққандарды заң бойынша жауапқа тартатынын, кейінші жылдары азаматтарды бейбіт жиын өткізуге ниет білдіргені үшін де жазалауға көшкенін мәлімдеді.

Қазақстанда бейбіт жиын өткізуге рұқсат алу неге қиын, қолданыстағы заң халықаралық құқық нормаларына сай ма? Конституцияда жазылған бейбіт митингі өткізу бостандығы мен арнайы заң арасында қайшылық бар ма? Бұл туралы AzattyqLIVE талқылуына Варшавадағы жиынға Қазақстанның азаматтық қоғам өкілдері атынан қатысып қайтқан белсенді, құқық қоғаушы Маржан Аспандиарова қатысты.

  • 16x9 Image

    Қасым АМАНЖОЛ

    Қасым Аманжол – Азаттық радиосының тв-продюсері. 1977 жылы Шығыс Қазақстан облысында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін, Жүргенов атындағы Өнер академиясының кино және телевидение факультетін аяқтаған. 20 жылдан астам Қазақстанның телевизия саласында істеп келеді. Авторлық бағдарламалардың, деректі фильмдердің авторы. «Шынның жүзі» сұхбаттар циклын, «Анық Абай» деректі сериалын, саясаткер Алтынбек Сәрсенбайұлы жайлы фильмдерді, 2014 жылы Шығыс Украинадағы соғыс пен Қырым туралы фильмдер түсірген. 2015 жылдан бері Азаттықта тікелей эфирлер жүргізіп, тележобалар жасайды. Телетоптың жұмысына продюсерлік істейді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG