Accessibility links

Аптаның үздік жеті хикаясы


Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың туған ауылы Шамалған. 28 қараша 2018 жыл
Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың туған ауылы Шамалған. 28 қараша 2018 жыл

Күнделікті қарбалас шаруамен жүріп Азаттықтың маңызды мақалаларын, видеорепортаждарын, фотогалереяларын көрмей қалуыңыз мүмкін. Осы аптада сайтымызда шыққан жеті үздік хикаяны тағы бір мәрте қаперлеріңізге саламыз.

Президент сайлауы мерзімінен бұрын өтуі мүмкін бе?

Қазақстан билігінің соңғы кездердегі түрлі әрекетін кейбір сарапшы "мерзімінен бұрын өтетін президент сайлауының нышаны" деп санайды. Олар биліктің халыққа ұнамды іс-шараларды сайлау алдында көбейтетінін айтады. Мұндай пікірмен келіспейтіндер де бар. Сарапшылардың пікірі мен болжамын Асылхан Мамашұлының мақаласынан оқып біліңіздер.

Белсенділер "өлі реактор" үшін тариф өсіруге қарсы

Маңғыстаулық бір топ азаматтық қоғам өкілі 20 жыл бұрын жұмысын тоқтатқан БН-350 атом реакторын сақтауға кететін шығынды электр қуаты тарифының сомасынан алып тастауды талап етеді. Олар тәуелсіз зерттеу жасау үшін АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігіне хат жолдап, билікке талап қойды.

11 жыл бойы ғимаратсыз жүрген неміс театры жаңа қоныс тапты

Республикалық неміс драма театры 38-маусымын жаңа ғимаратта бастады. Ғимарат ескі әрі қаланың шетінде орналасқан, бірақ он жылдан астам бір орыннан екінші орынға көшіп, "көшпенді" тірлік кешкен ұжым жаңа қонысқа қуанышты. Азаттық тілшісі театрға барып, ұжымның жаңа орынға қалай қоныстанғанын көріп, басшылықпен, актерлермен сұхбаттасып қайтты.

Сот Жәкішевті мерзімінен бұрын босатпады

Семей соты түрмеде отырған "Қазатомпром" компаниясының бұрынғы президенті Мұхтар Жәкішевтің мерзімінен бұрын босап шығу туралы өтінішін қарап қанағаттандырмаған. Соттың хабарлауынша, бұған сотталушының "шығынды өтемеуі себеп болған". Шешіммен келіспеген Жәкішев адвокаты арызданатынын жеткізді.

Қазақстанда әйел президент қашан пайда болады?

Грузиядағы президент сайлауының түпкілікті қорытындысы бойынша, билік партиясы қолдайтын кандидат Саломе Зурабишвили жеңді. "Сайлау кезінде нәтиже бұрмаланды" деген айыптауға қарамастан Зурабишвили Грузияны басқаратын тұңғыш, ал пост-советтік елдердегі төртінші әйел басшыға айналды. Болашақта Қазақстанды да әйел басқаруы мүмкін екендігіне президент Нұрсұлтан Назарбаев бұған дейін бір мәрте меңзеген.

Грузияның жаңа сайланған президенті Саломе Зурабишвили жақтастарының ортасында тұр. Тбилиси, 28 қараша 2018 жыл
Грузияның жаңа сайланған президенті Саломе Зурабишвили жақтастарының ортасында тұр. Тбилиси, 28 қараша 2018 жыл

Тұрғындар президент туыстары туралы ашылып сөйлемейді

Алматыдан 50 шақырым жерде орналасқан Шамалған ауылында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев туып-өскен. Бұл жерде әлі күнге дейін президенттің туыстары мен сыныптастары тұрады. Былтыр Шамалғанда "Атамекен" тарихи-мәдени орталығы ашылды, соның негізінде президентке арналған музей де пайда болды. Президенттің туған ауылы жайлы Петр Троценконың мақаласын оқыңыз.

Нұрсұлтан Назарбаев және қазақстандық қоғам қайраткерлері бейнеленген сурет. Шамалган, 28 қараша 2018 жыл
Нұрсұлтан Назарбаев және қазақстандық қоғам қайраткерлері бейнеленген сурет. Шамалган, 28 қараша 2018 жыл

Керчь жанжалы: Қазақстан Ресейді неге қолдады?

26 қарашада БҰҰ-ның қауіпсіздік кеңесінің шұғыл отырысында Керчь бұғазындағы жағдай талқыланды. 25 қарашада таңертең Керчь бұғазында Ресей әскерилері украин кемелерін атқылап, екі әскери кеме, бір буксирді ұстаған. Ресей украин кемелері территориядан "заңсыз кесіп өтті" деп айыптаса, Украина кемелердің бұл аумақтан өтетіні "алдын-ала ескертілгенін" айтып, кемелердің заңсыз ұсталғанын айтқан.

АҚШ, Еуропа одағы, НАТО Украинаны қолдаған. Ал Ресей қауіпсіздік кеңес отырысында Керчь бұғазындағы жағдайды "мемлекет шекарасын заңсыз бұзу" оқиғасы ретінде көрсетуге тырысқан. Ресей ұсынысын Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты мүшесі Қытай мен уақытша мүшелері Қазақстан және Боливия ғана қолдады. Азаттық тілшілері парламент мәжілісінің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті мүшелерінен "БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесінде Ресейдің ұсынысын Қазақстан неге қолдады?" деп сұрап көрді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG